Популярные темы

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады

Дата: 09 марта 2023 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенатта «Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

«Жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін жазаны күшейтуқарастырылып жатыр. Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Соның ішінде Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», — деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық үшін санкцияны күшейту жоспарланып отыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-4-бөліктеріндегі санкция 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады.

«Қылмыстық топтың құрамында ерекше цинизммен жасалған кісі өлтіру және бандитизм үшін де санкцияларды күшейту жоспарланып отыр. Заң мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігін жоққа шығаруы керек», — делінген хабарламада.

Сурет:Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями