Популярные темы

Семейдің сырт келбетін қалпына келтіре бастады

Дата: 25 апреля 2023 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдің сырт келбетін қалпына келтіре бастады
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қаладағы үйлердің қасбеттерін бояу бойынша мердігер ұйымдардың басшыларымен көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Семей қаласында 40-қа жуық үйдің қасбетін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оған 4 мердігер ұйым жұмылдырылды.



  — Үйлердің сырттарын тек бояп қана қоймай, күрделі жөндеуден өткізу керек. Қазіргі таңда үйлердің сылақ қабырғалары құлап жатыр. Қасбеттерді жөндеу кезінде осыған мән берген дұрыс. Боялған қабырғалардың түсі ұзақ жылдар бойы сақталуы шарт ,-деді қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларына.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями