Популярные темы

Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберіп, үш өңірді шулатты

Дата: 28 марта 2023 в 23:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберіп, үш өңірді шулатты
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберген. Кәсіпкер құрылысты бастау үшін Өлеңті өзенін бөгеп тастаған. Салдарынан өзен бойындағы 10 шақты ауыл мен 9 көл сусыз қалған. Ал ондағы 40-тан астам шаруашылық жеріміз көктемей қалатын болды деп шу көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық шаруалар Өлеңті өзенінде (Ақмола, Қарағанды, href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар облыстары жерімен өтеді авт),  салынып жатқан бөгет құрылысына қарсы. Олардың айтуларынша, Өлеңті ауылының әкімі өзендегі бөгетті жекеменшікке сатып жіберген.

«Осы өзеннің бойын мекендеп отырған үлкен 5 ауыл отыр. 5 ауылдың халқының бәрі малына қарап отырған адамдар. Егер су жайылмай қалған жағдай болса, шөп шықпайды. Шөп шықпаса, малды әрі қарай асырау қолымыздан келмейді. Сондықтан, осыны бір жағына шығарып, ашып берсе деп ойлаймыз».

Шаруа Қаныш Әубәкіров

«Осы Өлеңті өзенінің бойында тұрғандықтан, осы өзеннің бойынан шыққан шөппен малымызды асырап отырмыз. Ал суды бір ғана шаруашылық үшін бөгеп, бір шаруашылықтың кесірінен мына жақтағы 60 шаруашылық сусыз қалып жатса, ол деген барып тұрған апат».

Шаруа Жұмабек Рахымбекұлы

Ал керекулік шенділер өзен бойындағы елдімекендерге экологиялық қауіп төніп тұрғанын айтады. Себебі, мұнда ірілі ұсақты 9 көл тартылып қалуы мүмкін.

«Бұл экологияға өте әсер етеді. Біздің Әулиекөл, 9 көліміз құрып кетуі мүмкін. Тұзданып, тұщы су жоғалып кетуі мүмкін. Флора , фауна жоғалады. Аң, құс кетеді. Ондағы өмір сүріп отырған азын-аулақ азаматтар көшеді. Жұмыссыздық пайда болады».

Екібастұз ауылдық округінің әкімі Жанат Ибраев

Өлеңті ауылының әкімі өзенді емес, су бөгетін сатқанын айтады. Оны аукцион арқылы 8 млн теңгеге саудалапты.

«Сарықамыс бөгеті 70-ші жылдары салынған. Өлеңті совхоз кезінде ауылдың малын шөппен қамту үшін. Көп жылдары иесіз қалды. Соттың шешім шықты жанағы бөгет иесіз деп. Біз кірісті ойлау керекпіз. Сондықтан бөгетке құжаттарды дайындағаннан кейін 2022 жылы электрноный аукционда сатылады. Сатып жібердік».

Өлеңті ауылының әкімі Алмагүл Мұстафина

Ал су бөгетін сатып алған кәсіпкер өзен суын пайдалануға рұқсат алғанын айтты.

«Қанша бізге су келеді. Сол суға біздер рұқсат алдық заң бойынша. Қанша керек, сонша ұстаймыз. Қалғаны көлге түседі. Қалған артық су алмаймыз».

Кәсіпкер Айдар Нығметов

«Ертіс бассейні» инспекциясының href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар бөлімшесі кәсіпкердің дамба салу үшін рұқсат алмағанын жеткізді.

 

«Айдар» шаруа қожалығы Ерейментау ауданы әкімдігінен алған рұқсаты бойынша дамбаны қайта құрды. Бірақ, осы жұмыстарды жүргізбес бұрын «Ертіс бассейні» инспекцияда осы жұмыстарды келісу үшін жүгінген емес».

«Ертіс бассейні» инспекциясының href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодардағы бөлімінің басшысы Әлия Абылхасанова

 

«Ертіс бассейні» мекемесі тұрғындарға сотқа жүгінуге кеңес береді. Егер шағым түскен жағдайда, нысанды тексереміз деп отыр. Ал тұрғындар қол жинап, жоғары жаққа арызданбақ.

Сурет:Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями