Популярные темы

Тоқаев латынша мәтіндер жөнінде: Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер

Дата: 12 апреля 2023 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев латынша мәтіндер жөнінде: Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы ғалымдармен өткен жиында латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате кеткенін айтып, бұл мәселеде ғалымдарға басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Президент осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасау керек екенін айтты. Сондай-ақ, ол асығыс қабылданған шешім салдарынан кеткен қателіктерге тоқталды.

«Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер», — деді ол. 

Сондықтан «бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек» деген Пезидент асығыстықтан кеткен өрескел қатені мысал келтіре отырып айтты.

«Тағы да қателесуге құқымыз жоқ. Бір мысал келтірейін. Мен бұл мәселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде «ы» деген әріп бар. Мысалы, «ырымшыл» деген сөзде үш «ы». Біз оны автоматты түрде «у» деп жазатын болдық. Сонда «ырымшыл» деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті, латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес». 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы осы орайда ғалымдарға басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануды тапсырды.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями