Популярные темы

Банктердің несие рейтингін қалай оқуға болады

Дата: 29 марта 2023 в 12:06 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Банктердің несие рейтингін қалай оқуға болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қаржы реттеушісі қазақстандық жеті қаржы институтының, оның ішінде 6 банктің Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің рейтингін растағанын хабарлады. Банктер бойынша берілген болжам – «Тұрақты». Жалпы, S&P бағалауы бойынша Қазақстанның банк секторы ұзаққа созылған оңалу кезеңінен кейін қалпына келу белгілерін көрсете бастады. Қалпына келу шикізаттың қолайлы бағасымен, несиеге сұранысты ынталандырумен, сондай-ақ активтер сапасының айтарлықтай жақсаруымен қамтамасыз етіледі.

Несие рейтингі дегеніміз не және ол неге қаржы ұйымы сенімділігінің көрсеткіші болып саналады – Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі осы мәселені анықтап көрген еді.

Қазақстанда жұмыс істейтін әрбір банктің өзінің несие рейтингі бар. Банктердің несие рейтингі олардың несие қабілетін, яғни клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін уақытында және толық көлемде орындау мүмкіндігін бағалау болып саналады. Бұл әлеуетті кредиторлар мен салымшыларға қаржысын қауіпсіз салу тұрғысынан қаржылық институтты таңдауға көмектесетін банк сенімділігінің бір түрі.

Рейтинг банктердің толық қаржылық тарихын ескереді. Егер ол жоғары болса, онда банктің жағдайы тұрақты болып саналады, яғни ол есепшот бойынша төлеуге қабілетті. Төмен рейтинг банк қызметіндегі тәуекелдерді көрсетуі мүмкін және банктің қаржылық тұрақтылығының кез келген уақытта әлсіреуі мүмкін екенін білдіреді.

Рейтингтерді тәуелсіз беделді ұйымдар – халықаралық рейтинг агенттіктері тағайындайды. Мысалы, дүниежүзіндегі ең ықпалды рейтинг агенттіктері – Standard & Poor's (S&P), Fitch Ratings және Moody's, олардың пікірін әлемнің әр түкпіріндегі сарапшылар мен инвесторлар құлақ асады. Бұл агенттіктердің барлығы АҚШ-та орналасқан: ең көнесі – S&P – 1860 жылы, одан кейін Moody's – 1900 жылы және Fitch Ratings 1913 жылы құрылған. Әрбір агенттікте қаржы институттарының несие қабілетін бағалаудың өзіндік әдістемесі бар, ол рейтинг шкаласы бойынша әріптік мәнде көрсетіледі.

Рейтинг агенттіктерінің халықаралық және ұлттық түрлері болады. Әлемде олардың саны 100-ге жуық. Олар өздері бағалаған банктерге болжам жасап, жариялап отырады. Мысалы, «тұрақты», «оң» немесе «теріс» деген бағалар бар. Болжам алдағы жылы банк ұстанымы қай бағытта өзгеретініне қатысты рейтинг агенттіктері сарапшыларының пікірін көрсетеді.

Қазақстандық банктерді бірнеше агенттік бағалап отырады, өйткені дүниежүзінде солай қалыптасқан. Бірақ банктер, егер қаласа, рейтинг агенттігімен ынтымақтастықты тоқтата алады. Оның әртүрлі себебі болуы мүмкін – оған қаржылай шығын кетеді, себебі рейтинг агенттіктерінің бағалауы қомақты қаржыны қажет етеді. Сонымен қатар агенттіктердің несие қабілеттілігін бағалауға деген көзқарасы сәйкесінше әртүрлі болады, соған байланысты рейтингтер де әртүрлі болуы мүмкін, бұл банктер мүддесіне сай кел бермейді.

Рейтинг агенттіктері нені бағалайды?

Рейтинг агенттіктері рейтингті құрастыру кезінде банк туралы жалпы ақпаратты, жылдық, тоқсандық есептерді, активтерді бағалау туралы есептерді, бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған әртүрлі ашық деректі пайдаланады.

Рейтинг агенттіктері бәрін бағалайды: несие портфелінің сапасы, іскерлік беделі, бәсекеге қабілетті ұстанымдар, капитал тұрақтылығы, несие тәуекелдері, корпоративтік басқару сапасы, тәуекелдерді басқару және т.б.

Егер агенттіктер белгілі бір банкке рейтинг берген болса, оның қаржылық жағдайын жіті бақылауды жалғастырады. Банкте немесе елдің немесе әлемнің экономикасында қандай да бір өзгерістер болған жағдайда рейтинг агенттіктері оның рейтингін көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Сондықтан банкке өткен жылы берілген рейтингке назар аудармаған жөн, өйткені бірнеше ай немесе күн ішінде жағдай күрт өзгеруі және банк ұстанымы айтарлықтай шайқалуы немесе керісінше болуы мүмкін.

Қандай рейтингтерді іздеу керек?

Әртүрлі агенттік банктердің несие қабілетін бағалау үшін әртүрлі шкаланы пайдаланады, бірақ олардың бәрі ұқсас принцип бойынша құрылады. Агенттік рейтингінің санаттары әріптермен белгіленеді, оның ішінде «А» – өте жақсы, «В» – жақсы, «С» – нашар, «D» – өте нашар дегенді білдіреді. Жалпы, рейтингте қанша әріп болса, соғұрлым ұпай жоғары болады деп есептеледі. ААА – несие қабілеттілігінің максималды деңгейі, А – қалыпты деңгейі. Ең дұрысы, әрине, жоғары, яғни «А» әрпі бар немесе орташа есеппен кемінде екі «В» әрпі бар рейтингтерге назар аудару керек.

Сондай-ақ рейтингте аралық рейтингті көрсететін «+» немесе «-» белгілері болады.

Мысалы, S&P рейтинг ұпайларын мына әріп мәндеріне сәйкес тағайындайды:

Рейтингтерді рейтинг агенттіктерінің сайттарынан табуға болады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) интернет-ресурсындағы «Қаржылық сауаттылық» бөлімінде 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халықаралық рейтинг агенттіктері берген Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің рейтингі орналастырылған.

Подпишитесь на недельный обзор главных казахстанских и мировых событий

По сообщению сайта kapital.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями