Популярные темы

керек: новости — страница 19

Заңгер мұғалімге қандай сыйлық беруге болмайтынын айтты 01 октября 2021, 13:27

Tengrinews, 01 октября 2021 в 13:33

Заңгер мұғалімге қандай сыйлық беруге болмайтынын айтты
                01 октября 2021, 13:27
Қазақстанда қазанның бірінші жексенбісінде Ұстаздар күні атап өтіледі. Әдетте мерекеге орай ата-ана мұғалімдерге алғысын айтып, сыйлық бергісі келеді, алайда қандай сыйлық заңды екенін біле бермейді. Осы сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі заңгер Ғабит Өмірбектен сұрап білді. Қазіргі таңда мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салынуы туралы мәселе жиі көтеріліп жүр.

900 сағат ұшқан. АҚШ-та 22 жастағы қазақ жігіті алып әуекомпанияның ұшқышы болды 01 октября 2021, 09:30

Tengrinews, 01 октября 2021 в 09:33

900 сағат ұшқан. АҚШ-та 22 жастағы қазақ жігіті алып әуекомпанияның ұшқышы болды
                01 октября 2021, 09:30
Алматы облысынан шыққан Дәурен Сәбитов небәрі 22 жасында Американың ең алып әуекомпанияларының бірінде ұшқыш-инструктор болып жұмыс істейді. Оның ең алғаш штурвалға отырған сәті, АҚШ-тағы ұшқыштардың жалақысы және қазақ авиациясының жағдайы туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында. Алматыдан Америкаға...

«Тырысып көру керек» — Тоқаев Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру туралы 30 сентября 2021, 16:43

Tengrinews, 30 сентября 2021 в 16:53

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру жоспары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Олардың соңғылары өткен ғасырдың 30-жылдары байқалған. Кейін Ұлы Отан соғысының алдында Қазақстан аумағынан жоғалып кетті.

«Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны — 200 мың теңге». Алматыда жалдамалы баспана қашан арзандайды? 30 сентября 2021, 13:01

Tengrinews, 30 сентября 2021 в 13:13

Алматыда жалға берілетін пәтер қымбаттап кетті. Бұған дейін алматылық жастар осы мәселені көтеріп, Желіде қызу талқы болған еді. Tengrinews.kz тілшісі алматылық риэлторларға хабарласып, пәтер ақысы қашан төмендеуі мүмкін екенін сұрады. «Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны 180-200 мың теңгеге жетті» Интернетте түрлі хабарландыруға қарасаңыз, бір бөлмелі пәтер 120-150 мың теңгеге жалға берілетінін көруге болады.

«Көзі, жаны барды жемеймін». Алматылық веган неге еттен бас тартқанын айтты 29 сентября 2021, 16:51

Tengrinews, 29 сентября 2021 в 17:03

47 жастағы алматылық Гүлнара Насырбекова қазір ет және жануарларға қатысы бар тағамдарды мүлде жемейді. Оның 71 жастағы анасы мен 27 жастағы қызы да тек өсімдіктен жасалған тағамдарды тұтынады. Кейіпкеріміз Tengrinews.kz тілшісіне вагандыққа қалай келгенін, ол үшін веган деген кім және «Ет дегенде бет бар ма?» дейтін қазаққа ет-сүтсіз қалай өмір сүруге болатынын айтып берді.

ДДСҰ қызметкерлері зорлық жасады деп айыпталды: істің мән-жайы 29 сентября 2021, 12:26

Tengrinews, 29 сентября 2021 в 12:33

ДДСҰ қызметкерлері зорлық жасады деп айыпталды: істің мән-жайы
                29 сентября 2021, 12:26
Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық зорлық-зомбылық туралы тағылған айыптарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның есебін жариялағаны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі бұл істің мән-жайына шолу жасады.

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын 28 сентября 2021, 15:30

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 15:43

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын
                28 сентября 2021, 15:30
Искендер Усабаев — АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр. Ұлты — қырғыз. Қазір ол халықаралық қатынастардың даму жолын тереңнен зерттеп жүр. Әлемнің 7-ге жуық оқу орнында тағылымдамадан өткен Искендер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, неге дәл Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін түсіндірді.

iPhone 13 бағасына Қазақстанда не сатып алуға болады? 28 сентября 2021, 14:45

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 14:53

iPhone 13 бағасына Қазақстанда не сатып алуға болады?
                28 сентября 2021, 14:45
Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфонын шығарды. Бүгінде АҚШ пен әлемнің көптеген елінде жаңа смартфонның сатылымы басталып кетті. Бірақ Қазақстанда телефонды қазанның ортасынан бастап сатып алуға болады. Бүгінде бағасы бекітілмеген. Дегенмен бұл смартфонның ең қымбат нұсқасының бағасы миллион теңгеге жуықтайды.

Маман қандай несие түрлерінен аулақ болу керегін айтты 28 сентября 2021, 12:20

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 12:23

Маман қандай несие түрлерінен аулақ болу керегін айтты
                28 сентября 2021, 12:20
Банк ісіне қатысты сұрақтар бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев қандай жағдайда несие алмаған дұрыс екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ең алдымен сарапшы несиеге техника алмаған дұрыс екенін айтады. «Әрине, мен нақты қандай жағдайда несие алмау керегін айта алмаймын. Әркім өзі шешеді.

Министрлік «адал дәрігерлердің» вакцина туралы видеомәлімдесіне жауап берді 27 сентября 2021, 13:12

Tengrinews, 27 сентября 2021 в 13:23

Министрлік
Желіде өзін гинеколог, акушер-гинеколог, фитотерапевт деп таныстырған әйелдердің вакцинацияға қарсы видеосы тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдемелерге жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram желісінде жарияланған видеода өзін Наталья Анатольевна Хасан деп таныстырған дәрігер «Қазақстанның адал дәрігерлерінің атынан коронавирустан вакцинаға қарсы екенін ресми түрде жариялайтынын» айтады.

Пандемиядан кейінгі кезең: адамзат қалыпты өмірге оралуы үшін не істеу қажет? 27 сентября 2021, 13:05

Tengrinews, 27 сентября 2021 в 13:13

Пандемиядан кейінгі кезең: адамзат қалыпты өмірге оралуы үшін не істеу қажет?
                27 сентября 2021, 13:05
Коронавирус пандемиясы басталғалы миллиондаған адам жақынынан айырылып, мыңдаған адам әлі де пандемияның салдарын көріп жатыр. Әзірше пандемия қашан аяқталатыны туралы нақты ешқандай тұжырым жоқ. Мамандар тек болжам жасаумен шектеледі. Коронавирус пандемиясы қандай жағдайда аяқталады және адамзат қашан қалыпты өмірге оралады?

Германияның медицина докторы QazVac пен Қазақстан медицинасын бағалады 27 сентября 2021, 09:56

Tengrinews, 27 сентября 2021 в 10:03

Германияның медицина докторы QazVac пен Қазақстан медицинасын бағалады
                27 сентября 2021, 09:56
Дорейд Кастрати әйгілі Гейдельберг университетінің медицина факультетін үздік бітіріп, бірден Байер трансұлттық корпорациясынан шақырту алған. 2013-2016 жылдары Швейцария елінде Эболаға қарсы вакцина шығару процесіне жетекшілік етіп, сол кезеңдегі індет кеңінен таралмауына сеп болды. Дорейд Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, коронавирусқа қарсы екпе және отандық QazVac вакцинасы туралы айтып берді.

Тоқал алу, UFC-мен келісімшарт және алдағы жекпе-жегі. Арман Әшімов Bizben Podcast жобасында 26 сентября 2021, 17:50

Tengrinews, 26 сентября 2021 в 18:03

Тоқал алу, UFC-мен келісімшарт және алдағы жекпе-жегі. Арман Әшімов Bizben Podcast жобасында
                26 сентября 2021, 17:50
Қазақстандық файтер Арман Әшімов Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Ол жүргізушілермен әңгіме барысында отбасындағы қарым-қатынас, тоқал алу мәселесі, хейтерлер мен UFC келісімшарты туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арман екі жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Оған не себеп болғанын айтты.

«40 000 доллар ақша кетті. Сотқа бердік!». «Жұлдыздың жары» бағдарламасында — Нұржан Жүніс 25 сентября 2021, 17:00

Tengrinews, 25 сентября 2021 в 17:03

“40 000 доллар ақша кетті. Сотқа бердік!
Әнші, актриса, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығы иегері Салтанат Бақаеваның жары, жеке кәсіпкер Нұржан Жүніс «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұржан Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында негізгі кәсібі, Салтанатпен алғашқы таныстығы, қызғаныш сезімі, отбасылық өмірде болған түсініспеушіліктер, екеуінің дуэті, үлкен қателігі туралы айтты.

«Бір айда миллион адам». TikTok түсіретін 60 жастағы алматылық 23 сентября 2021, 14:18

Tengrinews, 23 сентября 2021 в 14:23

Алматылық тұрғын Александр Таюшов TikTok әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы, жасы 60-та. Бүгінде 2 миллионға жуық оқырманы бар. TikTok-тағы контентінің бір ерекшелігі — ол әйнекке адам аттарын күрішпен кейде тарымен жазып видео түсіреді. Александр Таюшовтың айтуынша, ол 1977 жылы аудандық оқушылар өндірістік бригадаларының жарыстарында жеңіске жеткен.

«Студенттерге еркіндік берілді» — Гарвард профессоры пандемиядағы оқу туралы айтты 23 сентября 2021, 13:14

Tengrinews, 23 сентября 2021 в 13:23

Томико Браун-Нагин — АҚШ-тың ең көне әрі ең атақты оқу орны Гарвард Рэдклифф институтының деканы. 51 жастағы профессор Америка ғылым академиясының, Заң институтының және АҚШ адвокаттар бірлестігінің тұрақты мүшесі ретінде тіркелген. Кейінгі онжылдықта ЖОО-да білім беру реформасы бағытында ғылыми еңбек жазып жүрген Браун-Нагин Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Гарвардтың жаһандық пандемия кезеңіндегі қашықтан оқыту жүйесіне қалай икемделгенін әңгімелеп берді.

Ұшақ рейсі кешікті: не істеу керек және жолаушының қандай құқығы бар? 23 сентября 2021, 12:16

Tengrinews, 23 сентября 2021 в 12:23

Ұшақ рейсі кешікті: не істеу керек және жолаушының қандай құқығы бар?
                23 сентября 2021, 12:16
Tengrinews.kz редакциясы жолаушылардың құқықтарын зерттей келе, ұшақ рейсі кешігіп жатқанда қойылатын жиі сұрақтарға жауап дайындады. Қазақстан Республикасының қай заңында жолаушылар құқығы қарастырылған? Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамамен, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңының 86-бабында тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі көзделген.

«Сақшыны ешкім қорғамайды» — Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейдің әйелі 22 сентября 2021, 15:30

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 15:33

Алматылықтар атыс кезінде қаза тапқан полицейлермен қоштасты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің артында кішкентай балалары қалды. «Біздің полицейлер — батырлар, оларды ешкім қорғамайды, себебі олар халыққа қызмет етеді.

Қазақстанда қорғану үшін қандай қару алып жүруге болады? 22 сентября 2021, 14:54

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 15:03

Қазақстанда қорғану үшін қандай қару алып жүруге болады?
                22 сентября 2021, 14:54
Қазақстандық «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының атқарушы директоры Сергей Катнов Tengrinews.kz тілшісіне елімізде кім және қалай қару сатып ала алатынын және қандай қаруға рұқсат керегі жоғын айтып берді. Елімізде 18 жасқа толған қазақстандық тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденуге рұқсат алғаннан кейін азаматтық қару сатып алуға құқығы бар.

«Барлық облыста бар проблема». Депутат өңірлерде дәрігер жетіспеуі мәселесін көтерді 22 сентября 2021, 11:05

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 11:13

Парламент мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев өңірлердегі дәрігер жетіспеуі мәселесін көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат еліміздегі ауылдық елді мекендердегі медициналық тар шеңбердегі мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді сұрады. «Соңғы кезде министрлік, облыс әкімдіктері тарапынан ауылдық елді мекендерге медицина мамандарын тартуға бірқатар жұмыс атқарылды.

Банкке кепілге үй қойғанда білу қажет маңызды 5 ереже 22 сентября 2021, 10:57

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 11:03

Банкке кепілге үй қойғанда білу қажет маңызды 5 ереже
                22 сентября 2021, 10:57
20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданында қайғылы жағдай болды: ер адам оның үйіне келген сот орындаушысы, екі полицей, дау нысаны болған жаңа пәтер иесі мен тағы бір азаматты атып өлтірді. Жанжал себебі — кепілге алынған үй. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі банкке кепілге үй қойғанда білу қажет ережелер туралы материал дайындады.

«Ол жақта бизнес, қару-жарақ, мұнай бірінші орында» — Сириядан оралған әйел 20 сентября 2021, 17:36

Tengrinews, 20 сентября 2021 в 17:43

Айдана (есімі өзгертілді — авт. еск.) өмірінің үш жылын Сирияда өткізген. 2019 жылы Қазақстанға оралып, жаңа өмір бастауға тырысып жатыр. Tenrinews.kz тілшісі Айданамен сөйлесіп, Сирияға неге кеткенін, қазіргі өмірі туралы әңгімелесті. Айдананың сөзінше, оған әжесі бала кезінен мұсылман екенін айтатын.

Ұры қайдан шығады және неден қателеседі? Психолог түсіндіреді 20 сентября 2021, 13:57

Tengrinews, 20 сентября 2021 в 14:03

Ұры қайдан шығады және неден қателеседі? Психолог түсіндіреді
                20 сентября 2021, 13:57
2021 жылдың сегіз айында Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 38 714 дерек тіркелген. Оған қоса 191-баптағы («Тонау»), яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру бойынша 1736 қылмыс жасалған. Статистика адамшошырлық. Психолог Ермек Нұрымовтың сөзінше, ұрлық жасау туа біткен қасиет емес.

«Рақмет» пе, «рахмет» пе? Тіл маманы түсіндірді 19 сентября 2021, 21:43

Tengrinews, 19 сентября 2021 в 21:53

Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы — тіл маманы Назгүл Қожабек. Ол жоба жүргізушілерімен әңгімесінде қазақ тіліндегі мәселелер, журналистер жиі жіберетін қателер туралы айтты, — деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. «Орыс тілінің фонетикасында «Хәрри» деп айту қиын. Сондықтан олар ағылшынның H әрпімен жазылатындарды Г деп өзгертті: Гарвард, Гитлер, Гамбург деді.

«Жоғалып кетеміз» — Илья Ильин 25 жасында қайтыс болған Альберт Линдер туралы 17 сентября 2021, 20:35

Tengrinews, 17 сентября 2021 в 20:43

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды. Спортшы 25 жасында дүниеден өтті. Vesti.kz мәліметінше, Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі аз ғана ғұмыр кешсе де, ел абыройын халықаралық аренада қорғаған спортшымыз туралы материал дайындады. Жас дарын Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорғанда туған.

Блогерлер әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты не дейді? Қазнетке шолу 17 сентября 2021, 17:20

Tengrinews, 17 сентября 2021 в 17:23

Блогерлер әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты не дейді? Қазнетке шолу
                17 сентября 2021, 17:20
Шетелдік халықаралық әлеуметтік желілер мен мессенджерлер Қазақстанда тіркелуі немесе өкілдіктер ашуы қажет болуы мүмкін. Мәжіліс 15 қыркүйекте бірінші оқылымда қабылдаған «Бала құқығын қорғау туралы» заң жобасында айтылған. Бұл мәселе Қазнетте қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі заң жобасына қатысты блогерлер мен қоғам белсенділерінің ойын білді. Қоғам белсендісі Насима Қорғанбекова бұл заң жобасы шын мәнінде абсурд екенін және Мәжіліс оны қарастырмауы керегін айтады.

Инфекция ана сүтімен беріле ме? Жүктілік кезіндегі коронавирусқа байланысты маңызды сұрақтар 16 сентября 2021, 15:33

Tengrinews, 16 сентября 2021 в 15:43

Инфекция ана сүтімен беріле ме? Жүктілік кезіндегі коронавирусқа байланысты маңызды сұрақтар
                16 сентября 2021, 15:33
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Әсел Омарқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жүктілік кезіндегі коронавирус инфекциясына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Коронавирусқа қарсы вакцинаны жүктіліктің қай кезеңінде салдырған дұрыс? Әсел Омаркұлованың сөзінше, жүктіліктің алғашқы триместрі — өте маңызды кезең.

«Ұйқыға кетеді». Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүр? 15 сентября 2021, 16:35

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 16:43

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып жүр. Мақсаты — орта салмақта әлем чемпионы атану. Кез келген чемепионды нокаутқа түсіремін деп уәде берген. Tengrinews.kz тілшісі Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүргенін баяндайды. «Канелоны» оп-оңай жеңемін» Әлімханұлы қазір трештокты белсенді қолданады.

«Өте қауіпті болып бара жатыр». Депутаттар мектептегі буллинг мәселесін көтерді 15 сентября 2021, 10:55

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 11:03

Мәжіліс отырысында депутаттар мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесін көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, мектеп оқушыларының 12 пайызы қудалауға тап болады. Бұл олардың психиологиялық жағдайына әсер етеді, кейде тіпті суицидке де әкеп соғуы мүмкін.

Түркістан облысының тұрғыны «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы атанды

Banker.kz, 14 сентября 2021 в 12:01

Түркістан облысының тұрғыны «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы атанды
Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) ай сайынғы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазын құттықтады. Жаздың соңғы айында бизнес туралы ең қызықты оқиға үшін 500 000 теңге мөлшеріндегі сыйақы Түркістан облысының тұрғынына бұйырды. «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының шарттары бойынша Solva компаниясында бизнес-кредит ресімдеген Қазақстанның барлық азаматтары жарты миллион теңгені ұтып ала алады.
Показано 30 новостей из 634