Популярные темы

Министрлік «адал дәрігерлердің» вакцина туралы видеомәлімдесіне жауап берді 27 сентября 2021, 13:12

Дата: 27 сентября 2021 в 13:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Министрлік
Стоковые изображения от Depositphotos

Желіде өзін гинеколог, акушер-гинеколог, фитотерапевт деп таныстырған әйелдердің вакцинацияға қарсы видеосы тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдемелерге жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде жарияланған видеода өзін Наталья Анатольевна Хасан деп таныстырған дәрігер «Қазақстанның адал дәрігерлерінің атынан коронавирустан вакцинаға қарсы екенін ресми түрде жариялайтынын» айтады. Кейін тағы бір акушер-гинеколог вакцина сапасына сенбейтінін жеткізеді. «Балаларға вакцина салуға қарсымын» дейді ол. Сондай-ақ, вакцина 11 жыл апробациядан өтпейінше оны міндетті және мәжбүрлі қылуға құқығы жоқ деген тұжырымын айтады.  

«Жоғары санатты акушер-гинекологпын» деген Прокушева Ирина Петровна да вакцинаға қарсы шықты. 

«Коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан және вакцина алған пациенттерімнен ұрықсыздану байқалады, еркектерде аталық жыныс жасушалары жоғалады, ал әйелдердің аналық жыныс жасушалары өледі. АМГ деген талдау бар. Оның көрсеткіші өте қатты төмендейді. Сондықтан вакцина қажет емес деп санаймын», — дейді ол.

Бірақ дәл ненің әсерінен сол шәует азаятынын, неден әйел адамның аналық жасушасы өлетінін дәрігер айтпайды. 

Өзін Алла Владимировна Бычива деп таныстырған дәріген видеода фитотерапевт екенін айтады. Оның сөзінше, иммундық жүйе өзі де вирустардан әлсіреп қалған.

«Бұл Эпштейн-Барр вирусы, папиллома вирусы, полиомиелит вакцинасымен келген полиома вирусы. Иммунитет жетіспеуі кезінде олар қозып кетуі мүмін. Орталық жүйке жүйесін зақымдайды, бүйректі зақымдайды», — дейді ол. 

Кейін Кузнецова Марина Александровна еңбек өтілі 1986 жылдан бері екенін айтып, жалпы вакцинацияға қатысты ойын және оған өзгерістер енгізу туралы ұсынысын айтты. 

«Қоғам арасында келіспеушілікті жою үшін ең алдымен дәрігерлердің арасындағы келіспеушілікті жою қажет. Ол үшін бізге Червонская Галина Петровна жазған және шығарған екі-ақ құжат керек. Бұл құжаттарды мамандар короновирусқа жеңіл бейімдей алады. Бірінші құжатта инфекцияның бұл түріне бейімділікті анықтау үшін нені, қалай зерттеу керегі жазылған. Вакцина бейімделгіш адамдарға ғана ұсынылады. Ал СOVID-19-ға бейімделмейтін адамдарға вакцина қажет емес. Екінші құжат — вакцинадан кейінгі асқынуларды тіркеу және зерттеу. Осы құжаттарды алсақ, біздің дәрігерлер қоғамында түсініспеушіліктер жоғалады», — дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадияр Серікбаев (@madiyar_serikbayev)

Осы мәлімдемелерге Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жауап берді. Оның айтуынша, елімізде аурулардың барлық клиникалық хаттамасы (КП) қолданысқа берілмес бұрын тиянақты тексеруден өтеді, әр ұсынылған дәрі-дәрмек дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес халықаралық тәжірибеге негізделген. Сондай-ақ, вакциналарды қолданбас бұрын олар клиникалық сынақтар барысында халықаралық деңгейде қабылданған талаптарға қауіпсіздігі мен тиімділігіне сәйкестігі мұқият тексеріледі.

«Қазір әлемде барлық жерінде COVID-19-ға қарсы вакциналар қауіпсіздіктің ең қатаң стандарттарын сақтай отырып жасалғаны хабарланып жатыр, осыған көптеген халықаралық зерттеу арналды, сонымен қатар, Pfizer, AstraZeneca, «Спутник V» және басқа да вакциналардың жанама көріністерінің ауырлық дәрежесі зерттеліп жатыр», — дейді ресми өкіл.

Байтанаев вакциналар шынымен өте қысқа мерзімде әзірленіп, шығарылғанын айтып отыр, алайда оның сөзінше, қазір біз соғыста жүргендейміз, кез келген кідіріс жүздеген, мыңдаған адамның өмірін қиюы мүмкін.

«Тек вакцинопрофилактика — қауіпті вирустан халықтың жаппай өлуін болдырмаудың жалғыз жолы», — дейді ол. 

Сондай-ақ, ол вакциналардың қауіпсіздігін бақылау процесі одан әрі жалғасатынын, ДДСҰ мен реттеуші органдар вакциналардың барлық түрін бүкіл әлемде қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қолдану тәжірибесін қадағалап отыратынын мәлімдеді.

«Осы дәлелдердің барлығы ғылыми зерттеулердің нәтижесі ретінде көптеген беделді әлемдік басылымда жарияланады», — дейді Ержан Байтанаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями