Популярные темы

Түркістан облысының тұрғыны «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы атанды

Дата: 14 сентября 2021 в 12:01 Категория: Новости экономики


Түркістан облысының тұрғыны «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы атанды
Стоковые изображения от Depositphotos
Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) ай сайынғы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазын құттықтады. Жаздың соңғы айында бизнес туралы ең қызықты оқиға үшін 500 000 теңге мөлшеріндегі сыйақы Түркістан облысының тұрғынына бұйырды.

«Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының шарттары бойынша Solva компаниясында бизнес-кредит ресімдеген Қазақстанның барлық азаматтары жарты миллион теңгені ұтып ала алады. Конкурсанттар өздерінің бизнесті дамыту туралы оқиғаларын айтып берді, ал айдың соңында дауыс беру арқылы ең үздік оқиға анықталды. Екі ай қатарынан Қазақстан өңірлерінің тұрғындары жеңімпаз атануда.

«Біз жаңа жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, оған Solva компаниясымен бірге бизнесін ары қарай дамытуына тілектеспіз. Біздің конкурсқа тек үлкен қалалардың тұрғындары ғана емес, республикамыздың барлық қалаларының белсенді клиенттері де қатысуда. Себебі өңірлік кәсіпкерлер үшін 500 000 теңге мөлшеріндегі қаржылық қолдау өте өзекті екендігі анық. Конкурс әлі де жалғасуда және біздің құрметті клиенттерімізден жаңа және шабыттандыратын оқиғаларды күтеміз», — деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.



«Мен кішкентай кезімнен ыстық нанның иісін сезетінмін. Нан пісіру менің әдетіме айналған және менің отбасым үшін бұл табыстың жалғыз көзі еді. Барлығы менің әкемнен басталды. Ол кісі музыкант етін. Отбасыда 5 бала болғандықтан және отбасын асырау үшін Сайрам ауданындағы зауыттың біреуінде пісіру өнерін үйренуге туралы келген болатын. Ары қарай цехте жұмыс істеп, шошқа фермасының құрылысына қажетті бұйымдарды жасаған. КСРО құлап, зауыттар тоқтаған кезде біздің ісіміз күйреп, біз қайтадан нан пісіріп сатуға кірістік. Одан кейін қағазбастылық салдарынан біздің айналымымыз азайды. Уақыт өте келе біздің отбасымыз пісіру ісімен қайтадан айналысу туралы шешім қабылдады. Бір күні біз әкеміз екеуіміз көшеде келе жатып, керемет дарбаза көрдік. Ол кезде менің жасым 13-те еді. Менің көжім жанды. Әкеме көмектесіп қана қоймай, болашақта балаларымды тиісті түрде асырау үшін менің жеке табысымыз болу керек екендігін түсіндім. Менің жұмысым тот пен боядан тазалаудан, дайын бұйымдарды жасау үшін металды әзірлеуден тұратын еді. Кейінірек маған пісіруге арналған аппаратты тапсыратын болды. Бұйымды жасаудан мен керемет әсер алдым, маған қиындық деңгейі түрлі тауарларды әзірлеу қатты ұнады.

Әрине, өндіріс барысында өзінің қиыншылықтары да болды. Мысалы, клиенттермен келіссөздерді жүргізу қиын еді. Алайда қазір маған менің нан пісіру бизнесі кезінде кездестірген жан-жарым көмектеседі.

Мен цехте жұмыс істеймін және түрлі металдан жасалынған бұйымдарды жасаймын. Тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін кейде түсіну қиынға соғады. Біз жұбайыммен бірге интернет желісінен ақпаратты көп іздеймін, талқылаймыз және бірге шешім табамыз.

Менің болашаққа деген жоспарым өршіл, қазіргі жетістігімде тоқтағым келмейді. Менің балаларым бар, олар өседі және біздің бизнесіміз ары қарай дами береді. Біз Сайрам ауданындағы Ақсукент қаласында Solva компаниясының кеңсесін таптық. Мен жаңа құрал-жабдықты сатып алу үшін кредит алдым. Осылайша қалаған жабдығымды ала аламын!» — деп бөлісті Абдугаффар Мажитов.

«Бизнесті дамытуға кредит» конкурсына Solva компаниясының барлық ағымдағы және кез келген жаңа клиенттері болып табылатын Қазақстан Республикасының 18-ден асқан кез келген азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін негізгі шартты орындау қажет. Ол Solva компаниясының ШОБ арналған кредитінің болуы.

Ұтыс ойынына қатысу үшін еркін нысанда өз бизнесіңіздің оқиғасын жазып, оны https://solva.kz/msb__trashed/action__trashed/500k/ парақшасына жіберу жеткілікті.

По сообщению сайта Banker.kz

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями