Популярные темы

«Барлық облыста бар проблема». Депутат өңірлерде дәрігер жетіспеуі мәселесін көтерді 22 сентября 2021, 11:05

Дата: 22 сентября 2021 в 11:13 Категория: Новости политики



Стоковые изображения от Depositphotos

Парламент мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев өңірлердегі дәрігер жетіспеуі мәселесін көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Депутат еліміздегі ауылдық елді мекендердегі медициналық тар шеңбердегі мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді сұрады.

«Соңғы кезде министрлік, облыс әкімдіктері тарапынан ауылдық елді мекендерге медицина мамандарын тартуға бірқатар жұмыс атқарылды. Мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті әкімдіктерден көтерме жәрдемақы беріліп жатыр. Соған қарамастан, облыстарда, оның ішінде, шалғай аудандарда кейбір дәрігер мамандар әлі де жетіспейді. Мысалы кез келген медициналық отада қажет анестезиолог-реаниматолог, сол сияқты инфекционист, травматолог, пульманолог, эндокринолог сияқты мамандар көптеген ауданда жетіспейді.

COVID-19 сияқты ауыр аурудан жазылған адамдарға реабилитолог қажет. Ол мүлдем жоқтың қасы. Оларды айтпағанда, акушер-гинеколог, хирург, фтизиатор сияқты мамандар да шалғай аудандарда жетпей жатыр. Алыс аудандарда осындай кадр жетіспеуіне байланысты өздеріне келіп түскен ауруларды санитарлық-авиация шақыртып, облыс орталықтарына жіберуді жиілеткен. Мұның бәріне бюджеттен қаражат керек», — дейді Сәлімжан Нақпаев.

Депутат бұл барлық облыста бар проблема екенін атап өтті.

«Соның ішінде Атырау облысы бойынша барлығы 219, оның ішінде ауылдық жерлерге 63 маман жетіспесе, Маңғыстау облысы бойынша барлығы 221, оның ішінде ауылдық жерлерге 53 маман жетіспейді. Сол сияқты Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 267 маман керек болса, ауылдық жерлерге 140 маман керек екен», — дейді депутат.

Депутаттың сөзінше, жағдайдың бұлайша ушығуына грант бойынша оқыған медициналық жоғары оқу орындарының кейбір түлектерінің міндетті бөлу әдісіне бағынбай, өздері бөлінген болашақ жұмыс орындарына бармай қалуы да себеп болып жатыр.

«Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындары үшін бөлінетін грант саны түсініксіз себептермен 2020 жылы азайып кеткен. 2019 жылы 4685 грант болса, 2020 жылы 4638 грант. (...) Жалғыз COVID-19 пандемиясына емес, жалпы денсаулық сақтау мәселесінде алдымен маман тапшылығын жою керек», — деді Сәлімжан Нақпаев.

Осыған байланысты депутат грантпен оқыған түлектердің өз болашақ жұмыс орындарына себепсіз бармай қалуын тоқтатуды, грант бөлгенде медициналық мамандар жетіспейтін аймақтарға квота санын көбейтуді, ауылдық елді мекендердегі жалпы практика дәрігерлерін білігін арттыру курстарына жіберу арқылы ауылдық жерге керек медициналық мамандықтарды алуды қарастыруды сұрады. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями