Популярные темы

керек: новости — страница 13

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции 01 февраля 2022, 17:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 17:33

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции
                01 февраля 2022, 17:25
Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание по вопросам противодействия коррупции. Пресс-служба Акорды опубликовала видеозапись выступления Главы государства, передает Tengrinews.kz. Кроме того, ниже приводим текст выступления Касым-Жомарта Токаева на двух языках.«Құрметті кеңеске қатысушылар! Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу — біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі.

2022 жылы қандай ипотекалық бағдарламалармен үй алуға болады? 01 февраля 2022, 16:17

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 16:23

2022 жылы қандай ипотекалық бағдарламалармен үй алуға болады?
                01 февраля 2022, 16:17
2022 жылы мемлекеттік Нұрлы жер немесе 7-20-25 бағдарламасымен әлі де пәтер алуға мүмкіндік бар. Тұрғын үй сарапшысы Нұрсейіт Мұратов Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар биыл тағы қандай ипотекалық бағдарламаларға қатыса алатынын және олардың шарттары мен талаптарын айтты. 50/50. Нарықтан үй алу бойынша 50/50 бағдарламасы көп банкте бар.

«Қоғам балаға еш уайымы жоқ нысан ретінде қарауды доғарса екен». Неміс психиатрымен сұхбат 01 февраля 2022, 11:05

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 11:13

ДДСҰ мәліметінше, жыл сайын 700 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Иә, жантүршігерлік статистика. Ең өкініштісі, суицид деңгейі бойынша рейтинг жылына 4 рет жаңарып отырады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Германияның медицина ғылымдарының докторы, психотерапевт Хайо Хейнмен сұхбаттасып, суицидтің психотипі және оның алдын алу жолдарын сұрады.

Жалдамалы пәтердің 50 пайызын мемлекет төлейді: өтініш берушіге қандай талаптар қойылады? 01 февраля 2022, 09:34

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 09:43

Жалдамалы пәтердің 50 пайызын мемлекет төлейді: өтініш берушіге қандай талаптар қойылады?
                01 февраля 2022, 09:34
Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлеуі үшін өтініш берушіге қандай талаптар қойылатыны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, шамамен 70 мың адамға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді: топ-7 сұраққа жауап 31 января 2022, 15:54

Tengrinews, 31 января 2022 в 16:03

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді: топ-7 сұраққа жауап
                31 января 2022, 15:54
Жақында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік осал топтарға жалға алып отырған тұрғын үйінің 50 пайызын үкімет төлейтіндей көмек тетігін әзірледі. Яғни жалға алу құнының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жалға алушы төлейді. Бұл жүйе қалай жүзеге асады? Көмек кімдерге арналған?

«Аштықты негізгі тәсіл ретінде қолдануға қарсымын» — үш айда 49 келі тастаған алматылық 31 января 2022, 12:40

Tengrinews, 31 января 2022 в 12:53

Қызылордалық Дәулет Абсаттаров 2015 жылы «Салмақхана» жобасының жеңімпазы атанған. Ол үш айда 49 келі тастады. Дәулет Tengrinews.kz тілшісіне қалай артық салмақтан арылғанын және арықтаудағы басты әдістер туралы айтты. Дәулет Қызылорда қаласының тумасы, жасы 37-де. Бүгінде ол Алматыда халықарлық компанияда департамент басшысы, «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Митинг, Сағынтаев отставкасы және Назарбаевпен әңгімесі. Тоқаев сұхбатында не айтты? 29 января 2022, 21:39

Tengrinews, 29 января 2022 в 21:43

Митинг, Сағынтаев отставкасы және Назарбаевпен әңгімесі. Тоқаев сұхбатында не айтты?
                29 января 2022, 21:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзив сұхбат берді. Tengrinews.kz тілшісі «Хабар» және «Хабар 24» арналарының эфирінде көрсетілген сұхбаттың ең негізгі деген тұстарын жинап шықты. Алматыдағы шабуылды кәсіби мамандар әзірлеген Президентке қойылған алғашқы сұрақ елде қаңтардың басында болған оқиғалар туралы болды.

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр? 28 января 2022, 17:11

Tengrinews, 28 января 2022 в 17:23

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр?
                28 января 2022, 17:11
Еуропа елдерінде СOVID-19 жұқтыру жағдайларының тәуліктік көрсеткіші әлі де жоғары. Мұны министрліктер омикрон шатымың жылдам тарауымен байланыстырып отыр. Алайда қазір әр елде карантин шаралары әр түрлі. Бірқатар елде 1 ақпаннан бастап өзгерістер де енеді, бірінде шектеулер жеңілдесе, екіншісінде керісінше қатаңдайды.

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр 28 января 2022, 14:23

Tengrinews, 28 января 2022 в 14:33

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр
                28 января 2022, 14:23
Қазақстандық Тигран Папазян Голливуд және ТМД фильмдерінің трейлеріне музыка жазып жүр. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында трейлер индустриясы мен ондағы ерекшеліктер туралы айтып берді. Тигран — Петропавл қаласының тумасы, жасы 31-де. Ең қызығы, оның музыкалық білімі жоқ, ал бітірген мамандығы — құқықтану.

«Тәрбие мәселесі қалып қойып жатыр». Немересіне Махамбет жырын айтқан атамен сұхбат 27 января 2022, 16:02

Tengrinews, 27 января 2022 в 16:13

Немересін Махамбет жыры мен Абай өлеңдерін айтып ойнататын ата — театр актері, режиссер Бейбіт Құсанбаев екені белгілі. Отыз жылдай театр қабырғасында еңбек еткен ол бүгінде балаларды нағыз өнерге баулуды — өмірлік паразы деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі актермен отбасы, немересімен қарым-қатынасы, хоббиі және театрдағы жолы туралы әңгімелесті.

«Пайда көру қиын». Кермеге тартылудан әлем рекордын орнатқан қазақстандық 27 января 2022, 11:44

Tengrinews, 27 января 2022 в 11:53

Кермеге тартылуды балалар мектеп кезінен үйренеді. Бірақ кермеге тартылудан әлем чемпионы барын көп адам біле бермейді. Таяуда қазақстандық спортшы Ильдар Ягьяев кермеге тартылудан әлем чемпионы атанды. Бұл атақты ол алтыншы рет иеленді. Tengrinews.kz тілшісі Ильдар Ягьяевпен әлем чемпионаты, бұл спортқа қалай келгені туралы сөйлесті.

«Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар» — Сенатор «Самұрық-Қазына» қорының басты кемшілігін атады 27 января 2022, 10:42

Tengrinews, 27 января 2022 в 10:53

Сенатор Еділ Мамытбеков «Самұрық-Қазына» қоры туралы заңды қайта қарау не тіпті оны ел экономикасының дамуын тежеуші ретінде жою қажет екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенатор депутаттық сауалында 600-ге жуық ұйымды қамтитын квазимемлекеттік секторды, әсіресе «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын түбегейлі реформалау жөніндегі Президент алға қойған міндеттерді іске асырудың маңызын атап өтті.

Бешбармақ, бесбармақ, ет. Қазақтың ұлттық тағамы қалай аталған? 27 января 2022, 10:36

Tengrinews, 27 января 2022 в 10:43

Бешбармақ, бесбармақ, ет. Қазақтың ұлттық тағамы қалай аталған?
                27 января 2022, 10:36
Қазақтың ұлттық тағамының негізгі атауы қандай? Бірі «бешбармақ», бірі «бесбармақ» тағы бір өңірде «ет» деп атайды. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың ұлттық тағамы туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақ халқының ұлттық тағамы үлкен төрт ырысқа бөлінеді:1. Қызыл ырыс — (ет тағамдары);2.

«Оңай әдіс жоқ» — 7 тіл білетін қазақстандық тіл үйренудің қыр-сырын бөлісті 26 января 2022, 14:45

Tengrinews, 26 января 2022 в 14:53

Түркістандық Нурислам Вахапов 26 жасында 7 тіл біледі, оған қоса тағы екі тілді меңгеріп жүр. Оның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай әдіс жоқ, алайда белгілі бір ережелерді білсең, жетістікке жетуге болады. Полиглот жігіт Tengrinews.kz тілшісімен өзге тілдерді үйренудегі сырын бөлісті. «Қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын, қытай, итальян тілдерін білемін. Қазіргі уақытта корей және испан тілдерін үйреніп жүрмін», — дейді ол.

Депутат мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды 26 января 2022, 11:15

Tengrinews, 26 января 2022 в 11:33

Депутат мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды
                26 января 2022, 11:15
Депутат Жамбыл Ахметбеков Мәжілістің жалпы отырысында мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Өтке жылдың сәуірінде мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету туралы мәселе көтердік. Мүгедектігі бар ҚР азаматтарының еңбек етуге құқығы бар және олардың кейбіреуі зейнет жасына жеткеннен кейін жұмысын жалғастырғысы келеді.

«Бекер қорсылдадың». Журналиспен дөрекі сөйлескен шенеуніктер 26 января 2022, 10:53

Tengrinews, 26 января 2022 в 11:03

Кешеден бері БАҚ АҚШ президенті Джо Байденнің журналиске тіл тигізгенін жарыса жазып жатыр. Президенттер мен басқа да шенеуніктердің журналиске дөрекі сөйлеуі алғаш емес. Ондай жағдай Қазақстанда да болған. Tengrinews.kz тілшісі осындай оқиғаларды еске түсірді. АҚШ президенті журналиске тіл тигізді АҚШ президенті Джо Байден Fox News телеарнасының журналисі туралы дөрекі сөзге жол берді.

Қазнет жарық сөнуіне қатысты қалай әзілдеп жатыр? 25 января 2022, 16:54

Tengrinews, 25 января 2022 в 17:03

Қазнет жарық сөнуіне қатысты қалай әзілдеп жатыр?
                25 января 2022, 16:54
Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде жарық сөнді. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады. Кейін Өзбекстан мен Қырғызстан қалаларында да жарық жоғы белгілі болды. Қазнет қолданушылары бұл жағдайды назардан тыс қалдырмады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде электр қуаты болмауына байланысты тараған әзілдерді жинап шықты.

Тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтан мүлікті қалай қайтаруға болады? 25 января 2022, 15:36

Tengrinews, 25 января 2022 в 15:43

Тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтан мүлікті қалай қайтаруға болады?
                25 января 2022, 15:36
Елімізде жыл басында болған тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтарға мүлкін кепілге берген қазақстандықтар құнды әшекей-бұйым, гаджеттерін қайтара алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі заңгер Назгүл Жолдасбайқызымен тілдесіп, мұндай жағдайда не істеу керегін сұрады. Қаралы қаңтарда Алматының бір өзіне 128 миллиард теңгеден аса сомаға зала келді.

Жаңа оператордан не күтеміз және көлік қашан арзандайды? Танымал автоблогер жауап берді 21 января 2022, 17:58

Tengrinews, 21 января 2022 в 18:13

Жаңа оператордан не күтеміз және көлік қашан арзандайды? Танымал автоблогер жауап берді
                21 января 2022, 17:58
Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша «Жасыл даму» бірыңғай операторы құрылғаны белгілі. Мемлекет басшысы жаңа операторға ақпанның соңына дейін мөлшерлемелерді қайта қарауды тапсырды. Бұл нені аңғартады? Көлік арзандауын күтуге болаһ ма? Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына танымал автоблогер Дияс Уәлихан жауап берді.

Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде не деді? Маңызды мәлімдемелер 21 января 2022, 17:32

Tengrinews, 21 января 2022 в 17:33

Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде не деді? Маңызды мәлімдемелер
                21 января 2022, 17:32
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі кездесу барысында Президент көтерген маңызды мәлімдемелерге шолу жасады. «162 адам байлықтың жартысын иеленген» Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін айтты.

«Басына қару тақап, атып тастаймын деп қорқытқан». Тәртіпсіздіктер кезіндегі жантүршігерлік оқиғалар 21 января 2022, 14:16

Tengrinews, 21 января 2022 в 14:23

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаладағы көптеген ғимарат қирап, өртеніп кетті. Лаңкестер ғимараттарға кіріп, атыс шығарған. Оның ішінде, кейбір ғимаратта адамдар болған. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктер кезінде болған жантүршігерлік оқиғаларға шолу жасады. Алматыдағы кардиологиялық орталыққа жасалған шабуыл 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде қарулы топ қалалық кардиология орталығын басып алған.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенгендерге қандай көмек көрсетіледі? 20 января 2022, 17:29

Tengrinews, 20 января 2022 в 17:43

Жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенгендерге қандай көмек көрсетіледі?
                20 января 2022, 17:29
Елімізде болған тәртіпсіздіктер кезінде несиеге алынған көлігі өртеніп кеткендерге залал қалай өтелетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев несиеге алынған автокөліктер сақтандырылғанын атап өтті.

Қоқысты қалай ақшаға айналдыруға болады? ROAF басшысымен сұхбат 20 января 2022, 16:44

Tengrinews, 20 января 2022 в 16:53

Қоқысты қалай ақшаға айналдыруға болады? ROAF басшысымен сұхбат
                20 января 2022, 16:44
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, адамзат жыл сайын 2 миллиард тоннадан аса қоқыс қалдықтарын өндіреді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге дейін өсуі мүмкін. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Еуропадағы ең ірі қоқыс өңдеу зауытының басқарма төрайымы Синнове Бьеркемен сұхбаттасып, тұрмыстық қалдықты қалай ақшаға айырбастауға болатынын және оның жаһандық қауіпсіздікпен қандай байланысы барын сұрады.

Ресейде жүкті әйелдерге қандай вакцина ұсынылады? 20 января 2022, 14:52

Tengrinews, 20 января 2022 в 15:03

Ресейде жүкті әйелдерге қандай вакцина ұсынылады?
                20 января 2022, 14:52
Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 13 қаңтарындағы №8 бұйрығы елде түсінбеушілік тудырған болатын. Онда вакцина салдыруға қарсы көрсетілімдер тізімі бекітілген. Құжат мәтінінде жүктілік пен бала емізу кезінде COVID-19-ға қарсы «Гам-КОВИД-Вак-Лио», «Гам-КОВИД-Вак-М», «Спутник Лайт», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак» вакциналары қолданылмайтыны жазылған.

«Қасіретті қаңтар»: Тоқаев кімдерді сынға алды? 20 января 2022, 13:01

Tengrinews, 20 января 2022 в 13:13

Қазақстанда 2022 жыл жаппай тәртіпсіздікпен басталды. Күні бүгінге дейін елде түрлі кадрлық өзгеріс болды. Тәртіпсіздіктер кезінде сынға қалып, қызметінен босатылғандар да болды. Tengrinews.kz тілшісі жаппай тәртіпсіздік кезінде Президент Тоқаев сынаған шенеуніктер туралы баяндайды. Ең әуелі Президент 11 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Ұлттық қаіпсіздік комитеті «маңызды қауіпті байқамады» деп сынға алды.

«Ең тиімді уақыт — бүгін». Сарапшылар 2022 жылғы тұрғын үй нарығына болжам жасады 19 января 2022, 14:14

Tengrinews, 19 января 2022 в 14:23

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарашылардан сұрап білді. Танымал қытайлық экономист Мао Юуши Орта Азия қазіргі дағдарыстан алдағы 5 жылда оңай шықпайтынын ескертіп, құрылыс азаятынын болжады.

«Телефон сұрады». Тәртіпсіздіктер кезінде алматылық келіншектің үйіне белгісіз біреулер басып кірген 19 января 2022, 12:45

Tengrinews, 19 января 2022 в 12:53

Алматыда 8 қаңтарда Карьерная көшесінде екі адам ұсталды. Олардың бірі сол жердегі жекеменшік үйлердің біріне басып кірген. Ал екіншісін әскерилер айламен құрықтаған. Қысымға тап болған үй иесі Алуа (тегін атамауды сұрады — авт.) Tengrinews.kz тілшісіне болған оқиғаны баяндап берді. 8 қаңтар, түс уақыты. Қаладағы тәртіпсіздіктер саябырсып қалған сияқты еді.

ДДСҰ QazVac вакцинасын қашан тіркейді? Тоғжанов жауап берді 18 января 2022, 18:32

Tengrinews, 18 января 2022 в 18:43

ДДСҰ QazVac вакцинасын қашан тіркейді? Тоғжанов жауап берді
                18 января 2022, 18:32
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық QazVac вакцинасы қашан тіркелетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеудің халықаралық талаптары бар.

«Шымкентке ауғандар келді». Тәртіпсіздіктерден кейін елді дүрліктірген фейктер 18 января 2022, 16:11

Tengrinews, 18 января 2022 в 16:13

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктен кейін Желіде түрлі фейк тарады. Жауапты ведомстволар оларды жоққа шығарып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктерден кейін тараған жалған ақпараттар топтамасын жасады. Қазақстанды қаңтардағы жағдайға байланысты «қолдау» видеосы Елімізде қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Қазақстанды қолдау мақсатында әлем елдері қазақша ән айтқаны түсірілген видео жарияланды.

«Бұйрықтың аты — бұйрық». Желіні тәнті еткен сарбаз туралы не белгілі? 17 января 2022, 11:58

Tengrinews, 17 января 2022 в 12:03

Ақтөбедегі митингілер кезінде арандатушылардың арбауына көнбей, антына адалдық танытқан сарбаз Ұлан Мырзабайдың видеосы Желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. Жігіт әжесі Шынар Қарабатырқызының қолында өскен. Ол Ұланның бала кезінде қандай болғанын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлан Мырзабай — былтыр Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның әскери институтын тәмамдап, Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде қызмет етіп жатқан лейтенант.
Показано 30 новостей из 624