Популярные темы

керек: новости — страница 16

«Жалғыз қалмау керек». Босанғаннан кейінгі күйзеліс неден пайда болады? 25 ноября 2021, 15:01

Tengrinews, 25 ноября 2021 в 15:03

Жақында Алматыда болған трагедия кім-кімді болсын елең еткізбей қоймады. 28 жастағы әйелдің 2015, 2016 және 2019 жылғы үш баласымен қоса тоғызыншы қабаттан неге секіргені әлі беймәлім. Десе де бұл қайғылы оқиға қоғамды тағы бір ойландырғаны сөзсіз. Әлеуметтік желілерде де жағдай қызу талқыланып, пікірталастар пайда болды.

«Екінші маусым». Қазнеттегілер Алматыдағы LRT-ны әзілге айналдырды 25 ноября 2021, 14:44

Tengrinews, 25 ноября 2021 в 14:53

Келесі жылы Алматыда LRT құрылысы басталады. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бұл ақпаратқа қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Түрлі әзіл тарады. «Елордадағы LRT құрылысының сценарийі қайталанбасын» деген де пікірлер болды. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы LRT-ге қатысты Желіде тараған әзілдерді жинап шықты.

«Мақсатымыз антиваксерлердің ойымен сәйкес келмейді». Францияда мәжбүрлі вакцинацияға қарсылар не талап етеді? 25 ноября 2021, 11:48

Tengrinews, 25 ноября 2021 в 11:53

Кейінгі күндері Еуропаның бірнеше қаласында мыңдаған адам мәжбүрлі вакцинация мен шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты. Tengrinews.kz тілшісі Францияда наразылық танытқан қозғалыс басшысымен тілдесіп, олардың мақсаты мен талаптарын сұрады. Француздар пандемияға байланысты орнатылған санитарлық шаралар мен басқа да шектеулерге қарсы шығып, конституциялық құқықтары тапталып жатқанын жеткізіп жатыр.

«Мейрамханаға тек вакцина паспортымен кіреді». Еуропа елдерінде локдаун жарияланды 24 ноября 2021, 13:49

Tengrinews, 24 ноября 2021 в 13:53

Еуропаның көп елінде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты вакцина алмағандар үшін қатаң шектеулер мен локдаун енгізіліп жатыр. Оған қарсы жүріп жатқан ауқымды наразылық шаралары да БАҚ беттерінде. Tengrinews.kz тілшісі қатаң карантин шаралары енгізілген елдерге шолу жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге де елдер шектеуді күшейтпесе және халықты иммундаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етпесе, қыста коронавирус салдарынан Еуропада 500 мыңға жуық адам қайтыс болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

GGG — Канело: трилогия кімге қажет? 24 ноября 2021, 13:12

Tengrinews, 24 ноября 2021 в 13:13

GGG - Канело: трилогия кімге қажет?
                24 ноября 2021, 13:12
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі қайта талқылана бастады. Канело да, GGG де мәлімдемелерінде трилогияға дайын екенін айтып жүр. Бірақ келіссөз басталмады. Tengrinews.kz тілшісі Головкин — Альварес трилогиясына қатысты жаңалықтарды жинап шықты.

«Мемлекеттік ғимаратты жармақ болдық». Терроризм бабымен сотталған жігіттің оқиғасы 23 ноября 2021, 16:27

Tengrinews, 23 ноября 2021 в 16:33

«Мақсатымыз елордадағы мемлекеттік ғимаратты жару болды» деп бастады әңгімесін Айтуған (есімі өзгертілген — авт.). Себебі намаз оқымайтынның бәрін өлтіру керек деген шетелдік уағызшыларды тыңдап, миы уланған. Бірақ бұл ойы іске аспай, полиция қолына түскен. Айтуған Tengrinews.kz тілшісіне дінге қалай келгенін, неге мемлекеттік ғимаратты жармақ болғанын айтып берді.

«Жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиын». Қазақстан заңына қандай өзгерістер керек? 23 ноября 2021, 14:26

Tengrinews, 23 ноября 2021 в 14:33

Жыныстық бопсалау немесе харассмент — жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. Мұндай әрекеттер үшін заңда жаза қарастырылған. Десе де ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойраттың сөзінше, жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиынға соғады, сондықтан Қазақстанға жаңа заң қажет. Tengrinews.kz тілшісі маманнан харассмент үшін қолданылатынын жаза туралы, оны қалай дәлелдеу керегін және заңға қандай өзгерістер керегін сұрады.

Қазақтар бала көтере алмай жүрген келіншекке қандай ырым жасаған? 23 ноября 2021, 13:45

Tengrinews, 23 ноября 2021 в 13:53

Қазақтар бала көтере алмай жүрген келіншекке қандай ырым жасаған?
                23 ноября 2021, 13:45
Қазақта ұлтабар деген ырым бар. Жаңа түскен келінге немесе көптен балалы бола алмай жүрген келіншекке малдың белгілі бір мүшесін жегізеді. Таяуда Желіде сол дәстүрге ұқсас видео тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне осы ырым туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақтың ежелгі дәстүрінде, табақ тарту салтында да «Келін табақ» деген жоралғы бар.

«Вакцинациядан кейін темекі тартуға болмайды». Дәрігер ескерту жасады 22 ноября 2021, 14:25

Tengrinews, 22 ноября 2021 в 14:33

Таяуда Жапония ғалымдары темекі өнімдерінің коронавирус инфекциясына қарсы жасалған екпеге кері әсері барын мәлімдеді. Медицина мамандарының айтуынша, темекі адам ағзасындағы антидененің мөлшерін азайтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еліміздің танымал терапевті Анжела Ашихмина да бұл тұжырыммен келісіп отыр.

«Адал еңбек қашан да өз жемісін береді»: Зауыт жұмысшысы өз ісіне қатысты ағынан жарылды

EKaraganda.kz, 19 ноября 2021 в 15:15

«Адал еңбек қашан да өз жемісін береді»: Зауыт жұмысшысы өз ісіне қатысты ағынан жарылды
Нұрлан Әбусақов Жезқазған мыс қорыту зауытына сексенінші жылдардың соңында келген. Сол уақытқа қарай ол әскерден кейін кеңшарда оқып жүріп, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, отбасын құрып, қалаға көшіп, кірпіш зауытына жұмысқа орналасып үлгерген. Бірақ екі жылдан кейін кәсіпорын жабылып қалған соң жаңа мамандықты – электролизші аппаратшы мамандығын игеруге шешім қабылдайды, және күні бүгінге дейін осы салада қызмет етіп келеді. «Мен өмірде дұрыс бағытты таңдадым деп ойлаймын.

«Үзілді-кесілді қою керек». Маман қазақта қыз алып қашу дәстүрі болмағанына дәлел айтты 19 ноября 2021, 12:48

Tengrinews, 19 ноября 2021 в 12:53

Қазір қазақ қоғамында қыз алып қашу сейілмей тұр. Бұл қазақтың дәстүрі деген желеу айтылады. Жалпы, қазақта «қыз алып қашу» деген дәстүр болған ба? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақ қоғамындағы қыз алып қашу туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақта «қыз алып қашу» деген дәстүр де, ғұрып та, салт та, ырым да жоқ.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 18 ноября 2021 в 13:21

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Кеңес Одағы ыдыраған тұста еліміздегі барлық саланың шатқаяқтап, біршама қиындықтарды бастан өткергені белгілі. Сол жылдардағы жарықты апталап, тіпті айлап көрмеген отандастарымыз күндерін майшаммен өткізгені есінде болар. Сол күндердің барлығы қазір естелікке айналды. Энергетика саласына түскен қиыншылықтар мен тәуелсіз жылдары дамуға бет алған саланың жетістіктері жайында білмек болып, «KEGOС» АҚ-ға қарасты Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалының аға диспетчері Мейрам Мұқановтан сұраған болатынбыз.

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? 18 ноября 2021, 10:39

Tengrinews, 18 ноября 2021 в 10:43

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады?
                18 ноября 2021, 10:39
Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? Бұл дәстүр қайдан шыққан? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың бүгінге дейін жалғасын тапқан дәстүрі туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақтың баланы қырқынан шығару дәстүрі өте ерте замандардан бастау алады. «Жаңа туған сәбиді 40 күн толғанда ауыл аналары жиналып, бір ақсарбас еркек тоқтыны тойға арнап шалып, мол дастархан жаяды. Ұл баланы 40 не 41 күнге, ал қыз баланы 37 не 39 күн толғанда «қырқынан шығару» ырымын өткізеді. Қыз бала ұл балаға қарағанда тез ширайды. Ұл бала баяу ширайды. Қыз бала 9 жасында, ұл бала 12 жасында балиғатқа толатыны содан», — дейді ол.

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу 17 ноября 2021, 16:54

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 17:03

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу
                17 ноября 2021, 16:54
Коронавируспен дүниежүзі күресіп жатыр. Күн сайын оған қарсы әлемде вакцинация мәселесі көтеріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ескерту, сын, кеңесін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесін бөлісіп жүр. Tengrinews.kz тілшісі пандемияның аяқталуы, ревакцинация мен оның проблемаларына қатысты айтылған мәлімдемелерге шолу жасады.

«Тістерін балғамен қаққан». Дюплесси жетімі жантүршігерлік оқиғасын әңгімеледі 17 ноября 2021, 15:04

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 15:13

«Шешем туберкулезбен ауырды. Емге келетін жағдайда емес еді. Ал әкем қарызға белшесінен батып, үй бетін көрмеді. Оның үстіне, ол хат танымайтын, ешқашан тұрақты жұмысы болған емес. Отбасымызда бала көп болып, ата-анамыз кейде қаржылай қысылатын, бірақ ешқашан қараусыз қалған емеспіз. Сол шақтары үйімізге провинциядағы католиктер келіп, жағдайымыздың тұрақсыздығын пайдаланып, мені және әпкемді жетімдер үйіне алып кетті.

«Дикари! Оштрафовать!» Поведение студентов на остановке в Атырау возмутило казахстанцев 16 ноября 2021, 22:49

Tengrinews, 16 ноября 2021 в 22:53

В Атырау подростки-вандалы испортили теплую остановку. Проступок молодых людей попал на видео, которое распространили в Instagram-пабликах, передает Tengrinews.kz со ссылкой на ATPress.kz. В комментариях к ролику возмущенные пользователи призвали найти и оштрафовать подростков и их родителей. «Дикари!

Иран халқы неге тәуелсіздігін тойламайды? Тегеранда тұрып жатқан қазақпен сұхбат 15 ноября 2021, 16:39

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 16:43

Иран халқы неге тәуелсіздігін тойламайды? Тегеранда тұрып жатқан қазақпен сұхбат
                15 ноября 2021, 16:39
Қазақстандық ирантанушы Гауһар Омарханова Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда жұмыс істейді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Ирандағы өмірі мен сондағы қазақтар туралы айтып берді. Иранға қалай және неге келді? Иранда Қазақстанның мәдени елшісі ретінде танылған Гауһар Омарханова 1983 жылы Семей қаласында туған.

«УЕФА-да нең бар еді?» Қазақстан жанкүйерлері ұмытқысы келетін бес матч 15 ноября 2021, 14:29

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 14:43

Футболдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері сенбіде Парижде өткен ойынды тезірек ұмытқысы келетін болар. Құрамамыз әлем чемпионы Франциядан жауапсыз сегіз гол жіберді. Бұл — Қазақстан құрамасының тарихындағы ең ірі жеңіліс. Tengrinews.kz тілшісі жанкүйерлер есіне түсіргісі келмейтін ірі жеңілістер туралы баяндайды.

Тұмау, ЖРВИ және коронавирус симптомдарын қалай ажырату керек? Маман түсіндірді 15 ноября 2021, 12:17

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 12:23

Тұмау, ЖРВИ және коронавирус симптомдарын қалай ажырату керек? Маман түсіндірді
                15 ноября 2021, 12:17
Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова тұмау, ЖРВИ және коронавирус симптомдарын қалай ажырату керегін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Эльмира Битанова коронавирус, ЖРВИ, тұмау қоздырғыштары бір тұқымдасқа жататынын айтады.

«Екі әлем мен үшін таласты» — сирек кездесетін дертпен 10 жыл күрескен жас қаламгер 15 ноября 2021, 11:47

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 11:53

Алматылық Жәмиля Бахтиярқызы — жас қаламгер, журналист. Оның 21 жыл өмірінің 10 жылы аурумен күресумен өткен. Жақында ол «Бәйшешек» атты тырнақалды алғашқы кітабын жарыққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 10 жасына дейін уайым-қайғысы жоқ, еркелеп өскен қыз аяқ асты ауыр сырқаттанып қалған.

Қазақстанда баспана бойынша қандай бағдарламалар бар? #BizbenPodcast 14 ноября 2021, 17:59

Tengrinews, 14 ноября 2021 в 18:03

Қазақстанда баспана бойынша қандай бағдарламалар бар? #BizbenPodcast
                14 ноября 2021, 17:59
Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы Dauletten атымен танылған блогер Дәулет Мұқаев болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Қазақстанда баспанаға қатысты қандай бағдарлама қолжетімді екенін, қалай ақша жинау керегін айтып, үй аламын деп жүргендерге кеңесін берді. «Қазір бізде 7-20-25 бағдарламасы бар. Үйдің кезегінде тұрған азаматтарға «Шаңырақ» бағдарламасы, «Нұрлы жер» бағдарламасы жұмыс істейді.

Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта

EKaraganda.kz, 13 ноября 2021 в 13:25

Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта
Бақытжан Қазбеков Западный кенішінде №2 учаскесінің бұрғылаушысы болып жұмыс істейді. «Мен төрт жыл Сәтбаев қаласындағы №1 тау-кен училищесінде оқып, 1997 жылы «Южный» шахтасының жер бетіндегі электр цехына тәжірибеден өтуге келдім. Төртінші курста бізді шахтаға түсірді... Тәжірибеден кейін осында жұмысқа қалдым, бүгінде 24 жыл бойы бұрғылаушы болып жұмыс істеймін.

Ревакцинация жасау міндетті бола ма? 12 ноября 2021, 15:23

Tengrinews, 12 ноября 2021 в 15:33

Ревакцинация жасау міндетті бола ма?
                12 ноября 2021, 15:23
Ревакцинация әр адамның қалауы бойынша салынады. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулықбасқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лаура Мырзағали ревакцинацияға байланысты шешімді әр адам өзі қабылдауы керегін айтады. «Ревакцинация әр адамның өз қалауы бойынша болады. Әлемде ушығып тұрған жағдайға байланысты әр адам жауапкершілікті өзіне алып, шешім қабылдауы керек.

Pfizer вакцинасы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы 11 ноября 2021, 14:42

Tengrinews, 11 ноября 2021 в 14:53

Pfizer вакцинасы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы
                11 ноября 2021, 14:42
Қазақстанда Pfizer вакцинасы жеткізілді. Қазір вакцинаның 379 мың дозасы өңірлерге жіберіліп жатыр. Pfizer вакцинасы кімдерге салынады? Tengrinews.kz тілшісі Pfizer вакцинасы туралы қазақстандықтар білуі қажет 10 сұрақтың жауабын жинады. Қазақстанға Pfizer вакцинасының қанша дозасы жеткізіледі? Кеше елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді.

«Мұнда мұғалімім bro деп сөйлейді». АҚШ-тағы мектеп өмірі қандай? 11 ноября 2021, 10:51

Tengrinews, 11 ноября 2021 в 11:03

Қазақстандық оқушы Қайсар Жәрдем қазір АҚШ-тағы мектепте білім алып жатыр. 16 жастағы қазақстандық Сиэтлде тұрады. Ол Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тағы мектептері мен елделі білім туралы айтып берді. «Алты пән таңдап, бір семестр бойы соны ғана оқисың» Қайсар Жәрдем биылғы 1 қыркүйектен бері АҚШ-та оқиды.

«Эмоциясын жасырған адам ауруға шалдығады». Психологпен сұхбат 10 ноября 2021, 15:48

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 15:53

Эмоциялық интеллект — адамның өзін және өзгенің эмоциясын дұрыс басқару қабілеті. Адамның жетістікке жетуі де көп жағдайда эмоциялық интелектке байланысты. Себебі айналаңмен қарым-қатынас орнату, жақсы араласып, сыйласа білу маңызды. Бұл туралы Insta-Live эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне психолог, эмоциялық интеллект сарапшысы Ермек Нұрымов айтып берді.

«Елге бекер оралған жоқ». Саакашвилидің ресми өкілімен сұхбат 10 ноября 2021, 14:37

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 14:43

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ресми өкілі Ираклий Имнадзе Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Саакашвилидің көздегені не екенін айтып берді. Ираклий Имнадзе ұзақ жылдар бойы Михаил Саакашвилидің жанында болып, тұтқынға алынған экс-президенттің «Движение новых сил» партиясының беделді мүшесіне айналған.

Ревакцинация: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы 10 ноября 2021, 13:58

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 14:03

Ревакцинация: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы
                10 ноября 2021, 13:58
Қазақстанда ревакцинацияға қызу дайындық жүріп жатыр. Үшінші рет вакцина салдыру не үшін қажет? Алдымен кімдерге салынады? Tengrinews.kz тілшісі ревакцинацияға қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын дайындады. 1. Ревакцинация не үшін қажет? Адам екпе салдырғаннан кейін оның ағзасында коронавирусқа қарсы антидене пайда болады.

Жаңа әлем чемпионы шығуы мүмкін. Қазақстандық боксшылардың алдағы ТОП-5 жекпе-жегі 09 ноября 2021, 19:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 19:13

Жаңа әлем чемпионы шығуы мүмкін. Қазақстандық боксшылардың алдағы ТОП-5 жекпе-жегі
                09 ноября 2021, 19:06
Жаңа жылға дейін қазақстандық бокс жанкүйерін қызық жекпе-жектер күтіп тұр. Геннадий Головкин рингке оралады, ал Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулына таласады. Tengrinews.kz тілшісі жыл соңына дейін қазақстандық боксшылар өткізетін үздік бес жекпе-жек туралы әңгімелейді. Кособуцкий WBC титулын сарапқа салады Аса ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) рингке 20 қарашада оралады.

«Әділетсіз сайлауға қарсымын». Атамбаевтың ұлымен сұхбат 09 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 15:13

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты. «Атамбаевқа қарсы куәлік бересің» Сеидбектің сөзінше, Қырғызстан билігі Алмазбек Атамбаевты еш дәлелсіз қамаққа алған. Ол экс-президент саяси ойынның құрбаны болғанын айтып отыр.
Показано 30 новостей из 627