Қазақстан Энергетика министрлігі 2024 жылдың соңына дейін электр энергиясының тарифтерімен болатын өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясының түпкілікті тарифтерін Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетінін, бұл ретте Энергетика министрлігі тек электр станцияларындағы тарифтерге жауапты екендігін атап өтті.«Біз станциялардағы тарифтерді 1 қаңтардан бастап көтердік, сондықтан жақын арада электр станцияларында жыл соңына дейін электр қуатына тарифтің өсуі күтілмейді.