Популярные темы

Семейде «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайында қайта кооператив құрылады

Дата: 11 марта 2024 в 20:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейдегі «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайына қатысты бір-шама шу болғаны белгілі. Сотта іс қозғалып, кейіннен саяжай қаланың Бас жоспарына енді деді. Бүгін қала әкімі тұрғындармен кездесуде, қайта кооператив құрылатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Кездесуге келген саяжай тұрғындарының көкейінде бір-неше сұрақ жүрді. Ең бірінші, саяжайдың орнына көпқабатты үйлер салынады ма? Бұған қала әкімі, саяжай бұрынғыдай осы статуста қалатынын айтты.

 

«Бұл жерде қысқы және жазғы тұрғындар деген түсінік жоқ. «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайы бар. Бүгінде қалалық Бас жоспардың концепциясы құрылуда. Әлі оны талқылау болады. Жоспар бойынша 2040 жылға дейін саяжай бұрыңғы статусында қалады», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Көптен бері тұрғындары саяжайды кент ретінде ауыстыруды сұрап жүр. Сондай-ақ, тұрып жатқан баспаналарын да соған қарай тіркеуді қалайды. Бірақ, бұл әзірге мүмкін емес деді қала басшысы.

«Олар бұл үшін әр-бір үйге құжаттарды рәсімдеу керек. Бірақ, олардың тұрып жатқан баспаналары мен жалпы саяжай құрылыс, санитарлық, тіпті өрт сөндіру талаптарына сай келмейді. Дегенмен, қысы-жазы тұрып жатқан халық бар екенін түсінеміз, оларға барынша жағдай жасап беруге тырысудамыз», — деп қосты қала басшысы.

Сондай-ақ, бүгінгі күні тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде. Электр бағаналарын орнататын мердігер де белгілі болды. Ал, әзірге саяжай тұрғындары жаңадан кооператив құрып, жұмысты қайта бастамақшы.

Махаббат РИЗА

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями