Популярные темы

Семейде екі саяжай кооперативі жұмысын тоқтатты

Дата: 29 января 2024 в 19:48


Семейде екі саяжай кооперативі жұмысын тоқтатты
Стоковые изображения от Depositphotos

Тұрғындардың көптеген шағымдары бойынша прокуратура облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, «Семей.Мурат.Доверие» және ПКСЛ «Бобровка» саяжай кооперативтерінің қызметін тексерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында соңғысының тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз монополиялық қызметті жүзеге асырғаны, электр энергиясына жоғарылатылған тарифтер белгілегені, электр желілерін жалға алғаны үшін негізсіз төлем алғаны және т.б. құқық бұзушылықтар анықталды.

«Осылайша, кооперативтер электр энергиясын өндіруші болып табылмайтындықтан, энергия өндіруші компаниядан 1 кВт-қа 14,202 теңге сатып алып, оны жоғарылатылған тариф бойынша (1 кВт үшін 18 теңге, яғни 4 теңгеге қымбат) 8,5 мыңнан астам тұрғындарына сатты. Оның көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтары болып табылады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Нәтижесінде Абай облысының табиғи монополияларды реттеу департаментіне қадағалау актісі енгізіліп, кооперативтерге ӘҚБтК 164-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 25 млн.теңге айыппұл салынып, Мұрат және Бобровка саяжай массивтерінің 8,5 мың тұрғынының құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 24 және 30 қазандағы заңды күшіне енген шешімдері бойынша кооперативтер таратылып, сол арқылы олардың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями