ШҚО полицейлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізумен айналысқан 52 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде спецификалық иісі бар скотчпен оралған өсімдік тектес зат салынған екі полимерлі пакет тәркіленді.