Популярные темы

қызмет: новости — страница 6

Астаналықтар су тапшылығынан көлік көп жүретін тас жолды жауып тастады

Arna Press, 24 мая 2023 в 11:48

Астаналықтар су тапшылығынан көлік көп жүретін тас жолды жауып тастады
Кеше кешкісін ашынған Астана тұрғындары көлік көп жүретін тас жолдардың бірінде көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Халықтың айтуынша, бірнеше күн бойы судың жоқтығы оларды осындай қадамға баруға мәжбүр еткен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.КТК телеарнасының эфирінде өткен бейнесюжетте, оқиға орнына келген су арнасының мамандары тұрғын үй кешеніне құбыр тарту технологиясын бұзылған оған құрылыс мамандарын кінәлады, деп хабарланған.

Оқу-ағарту министрі Абай облысының педагогтерімен кездесті

Arna Press, 21 мая 2023 в 15:48

Оқу-ағарту министрі Абай облысының педагогтерімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Аягөз, Үржар және Жарма аудандарының педагогтерімен кездесулер өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ғани Бейсембаев кездесу кезінде әсіресе, сапалы білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына және педагогтердің білімін бағалау өткізу ережелеріндегі өзгерістерге баса назар аударды.«Министрлік «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

Қазақстандықтарға ақпараттық жүйелердегі қатеге байланысты ХҚКО-ға жүгіну ұсынылды

Arna Press, 19 мая 2023 в 23:48

Қазақстандықтарға ақпараттық жүйелердегі қатеге байланысты ХҚКО-ға жүгіну ұсынылды
Журналистермен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың проактив форматта жәрдемақы алуына кедергі келтіретін ақпараттық жүйелердегі қате туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Расында, оның төрт баласы бар, оған жәрдемақы тағайындау керек еді.

Абай облысында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы өтуде

Arna Press, 18 мая 2023 в 17:48

Абай облысында
Балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс–тұрысқа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында Абай облысында 15-31 мамыр аралығында «Назар аударыңыз — балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды

Arna Press, 17 мая 2023 в 17:18

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады.«Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет», – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктеледі.«Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді», – делінген хабарламада.Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.Сурет: pixabay

Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК-де не өзгерді

Arna Press, 15 мая 2023 в 16:18

Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК-де не өзгерді
15 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев қаңтар оқиғасынан кейін комитетте қандай жұмыстар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Бүгінгі таңда ҰҚК 11 қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр. Бірақ кейбір істер бойынша тергеу аяқталды.

Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді

Arna Press, 05 мая 2023 в 13:08

Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.«Біріншіден, қандай критерийлер бойынша есептеулер жүргізілгенін және бұл қалай анықталғанын білмеймін.

Семейдегі «Жас Ұлан» ерлер лицейінің түлектері білім ордасына құрмет көрсетті

Arna Press, 03 мая 2023 в 16:18

Семейдегі
Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейін 2003 және 2008 жылдары бітірген түлектер білім ордасында кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тағылымды кешке еліміздің әр өңірінде алуан түрлі салада қарқынды қызмет етіп жүрген түлектер қауымы қатысты.«Лицей менің жүрегімде» атты салтанаты шарасына білім ошағының ұжымы тиянақтылық танытқан. Өйткені алғаш рет бастау алған игі іс — аса үлкен жауапкершілікке толы.

Абай облысында ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:58

Абай облысында ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Абай облысының 2 692 тұрғыны біржолғы төлем алады. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары, тыл еңбеккерлері және т. б. бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, облыста тұратын Ұлы Отан соғысының 12 қатысушысына Жеңіс күніне 1,5 миллион теңгеден төленеді.Облыста Ленинградты қоршау кезеңінде қала кәсіпорнында жұмыс істеген және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған бір адам қалды.

Семейлік музыкант өз ауласында «Сақ шатырын» тікті

Arna Press, 01 мая 2023 в 01:28

Семейлік музыкант өз ауласында
Серәлі Мұхамедсалықов халық арасында танымал музыкант. Бірақ, соңғы кездері отандастары оны ерекше баспанасы арқылы танып жатыр. Arnapress.kz тілшісі сақ дәуірінің шатырын өз көзімен көріп қайтты.«Шығыс» кеңтіндегі саяжалардың бірінде ерекше үй бар. Сыртынан бірден байқалмайды, алайда жақындаған сайын шатырдың төбесіндегі найзаны көруге болады.

Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті — ФТБ

Arna Press, 25 апреля 2023 в 10:08

Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті - ФТБ
Федералды тергеу бюросының денверлік бөлімшесінің өкілдері туристер мен жиһанкездерге әуежайларда, қонақүйлерде және сауда орталықтарында тегін смартфон қуаттау орындары сіздің қауіпсіздігіңізге залал келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сілтеме жасап.Арнайы қызмет мамандарының мәліметінше, қаскөйлер қоғамдық орындарда USB-порттары арқылы зиянкесті бағдарламаларды енгізу арқылы сіздің смартфондағы мәліметтерге мониторинг жүргізе алады екен.«Өз қуаттағышыңызды қолданыңыз немесе порттың орнына электр сымдарын пайдаланыңыз», — деп кеңес береді олар.ФТБ өкілдері алаяқтықтың бұл түріне juice jacking деген атау берген.«Қаскөйлер қуаттағышқа немесе кабельге зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету орнатып, сіздің телефоныңызға вирус кіргізеді.

Депутат жүргізуші куәлігін емтиханды тапсырмай-ақ оп-оңай алу мүмкіндігін шектеуді сұрады

Arna Press, 20 апреля 2023 в 17:08

Депутат жүргізуші куәлігін емтиханды тапсырмай-ақ оп-оңай алу мүмкіндігін шектеуді сұрады
Respublica партиясы фракциясының депутаты Олжас Құспеков мәжіліс отырысында үкімет басшысына сауал жолдады. Ол жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқанына қатты алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Депутаттың сөзінше, елде жыл сайын 10-15 мың жол-көлік оқиғалары тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Arna Press, 17 апреля 2023 в 13:08

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды
Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.«Бүгін сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады, кейін офлайн режимде қатысады», — деді судья Бағлан Ыдырысов.Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды.

Оралда танымал журналист қайтыс болды

Arna Press, 10 апреля 2023 в 10:48

Оралда танымал журналист қайтыс болды
Дмитрий Терещенко қайтыс болдыОралда танымал журналист қайтыс болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Дмитрий Терещенконың өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.Журналистік қызмет еткен жылдары студенттік «Өркен» газетінде, «Надежда», «Приуралье», «Уральская неделя» газеттерінде, «Қазақстан Орал» телеарнасында тілші болып қызмет етті.

Абай обылысында алғаш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті

Arna Press, 08 апреля 2023 в 22:38

Абай обылысында алғаш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті
Шәкәрім атындағы университетте облысымыздың тарихында тұңғыш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«DARYN FEST» форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын қалыптастыру, дарынды түлектерді анықтау, қолдау және өңірге қызмет ету идеясын тарату.Дарынды түлектер Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емельбаевпен, Tik-Tok пен Instagram желілеріне химия пәнінен аниме стильмен шағын видеосабақ түсіріп танылған ұстаз Ұлан Үсеновпен кездесті.«Мен біріншіден осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажеттігі айтылды

Arna Press, 07 апреля 2023 в 13:58

Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажеттігі айтылды
Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ең басты мәселесі — баспана. Олардың көпшілігі екінші нарықтан баспана сатып ала алмайды. Сонымен қатар, жаңа пәтер алуда да белгілі бір кедергілер бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтың қатысуымен өткен мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу барысында талқылады.Сонымен қатар шарада мүмкіндігі шектеулі жандар жалғызбасты мүгедектер үшін бір бөлмелі пәтерлерді көптеп пайдалануға беруді сұрады, сондай-ақ протездердің тым қымбаттығын да көтерді.

Семейдің өз «Versace» бар

Arna Press, 06 апреля 2023 в 18:08

Семейдің өз «Versace» бар
Ерекше лақап атпен танымал Владимир Ротанов өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының қызмет алушысы. Arnapress.kz тілшісі жанына ерекше істі серік еткен азаматтан сұхбат алып, мұндай лақап атқа қалай ие болғанын біліп қайтты.65 жастағы зейнеткер Владимир Ротанов үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы туған үйіндей.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды

Arna Press, 06 апреля 2023 в 15:38

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды
2023 жылы 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.Заң мақсаты — жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру болып табылады.Сондай-ақ аталған заң жобасын қабылдау тұрғындар мен бизнес-құрылымдарының жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жер қатынастары және қала құрылысы саласында жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша қосарланған процестерді алып тастауға мүмкіндік береді.Республикалық маңызы бар қалалар, Астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде ғана электрондық форматта жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданды.

Абай облысында қыс мезгілінде 121 адам құтқарылды

Arna Press, 06 апреля 2023 в 10:08

Абай облысында қыс мезгілінде 121 адам құтқарылды
Биылғы қыс тұрғындарға да, құтқарушыларға да оңай болған жоқ. Алексей Штыкель Абай облысының ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, қысқы кезеңде облыстық штабтың жұмысын ұйымдастыру үшін төрт жедел топ құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі – Бөлім облыстың ең қарлы аймақтарында 30 бірлік өту мүмкіндігі жоғары техниканы тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстады. Қыста қиын жағдайға тап болған адамдарды орналастыру үшін 30 жылу пункті (республикалық маңызы бар жолдарда – 21, облыстық маңызы бар жолдарда – 9) дайындалды.

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды

Arna Press, 04 апреля 2023 в 10:48

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды
Астанадағы элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Нұрмағамбетовтың айтуынша, Астанада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметі әшкереленді, ол жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұстаумен айналысқан.

Семей көшелеріне атты полиция шықты

Arna Press, 03 апреля 2023 в 14:08

Семей көшелеріне атты полиция шықты
Атты полиция Семейдегі тәртіпті күзетуге шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қысқы кезеңнен кейін жануарлар вакцинациядан өтеді, сол уақыт аралығында оларды мінуге болмайды.Қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, жылқылар қаладағы көліктердің жетуі қиын бөліктерін патрульдеу керек болған жағдайда қажет.«Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте, полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді», — дейді қалалық полиция бастығы. Қайрат Әбдіғалиев сондай-ақ, атты патрульдері барлық бағбандар өз өнімін толық жинап, саяжай маусымы аяқталғанға дейін қоғамдық тәртіпті бақылауды жүзеге асыратындарын айтты.Қазіргі таңда Семей қаласы бойынша 10 ат кезекпен қаланы бақылаумен айналысады.Сурет: Семей қаласы ПБ баспасөз қызметі

Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Arna Press, 01 апреля 2023 в 00:28

Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды
2023 жылдың 31 наурызында Астанадағы No2 Сарыарқа сотында кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Қайрат Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен қатар, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

1 cәуірден бастап мектепке бару үшін құжаттар қабылданады

Arna Press, 31 марта 2023 в 18:38

1 cәуірден бастап мектепке бару үшін құжаттар қабылданады
Мектепке бару үшін құжаттарды 1 сәуірден 1 тамызға дейін Еgov.kz электрондық үкімет порталы және e.Bilimal жүйесі арқылы электронды форматта тапсыруға болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіМектептер 1-сыныпқа 6 жастан және 2023 жылдың соңына дейін 6 жасқа толған балаларды қабылдайды. Қызмет көрсету аймағы мектептерде бекітілген.

Абай облысында 1 наурыздан бастап жеңілдетілген шағын несиеге өтініштер қабылдануда

Arna Press, 31 марта 2023 в 13:18

Абай облысында 1 наурыздан бастап жеңілдетілген шағын несиеге өтініштер қабылдануда
2023 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде 21-35 жас аралығындағы жастарға 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз мәжілісінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Абай облысы бойынша филиалы директоры міндетін атқарушы Мирас Қалиев атап өткендей, бағдарламаға өтініш берушілердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендеріне 5 жылдан аспауы керек.

Нұртай Сабильянов Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды

Arna Press, 31 марта 2023 в 10:48

Нұртай Сабильянов Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған Нұртай Салихұлы Сабильянов, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіНұртай Салихұлы Мәжіліс депутаты болып Абай облысынан сайланған. Сайлауда депутат 131 872 дауыс жинады. Айта кетерлігі, Нұртай Салихұлы бүған дейін де депуттатық қызметінде экономика саласына байланысты коммитетте мүше, содан кейін төраға болған.Естеріңізге сала кетейік, 29 наурыз күні VIII шақырылымдағы Мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант қабылдады.Сурет: жеке мұрағаттан

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Абай облысында тексеру жұмыстарын жалғастыруда

Arna Press, 30 марта 2023 в 00:48

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Абай облысында тексеру жұмыстарын жалғастыруда
Осыған байланысты жоғарыда аталған әкімдіктердің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде бар екендігі туралы хат жіберілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Динара Мұқаева мәлім етті.

Около 4 миллиардов тенге выделят на реконструкцию центральной набережной в Балхаше

EKaraganda.kz, 27 марта 2023 в 15:45

Около 4 миллиардов тенге выделят на реконструкцию центральной набережной в Балхаше
По информации акимата Балхаша, в апреле начнется ремонт первой очереди. В нее войдет реконструкция территории от надписи «I love Balkhash» до комплекса Вечный огонь. На площади в 7,5 гектаров собираются обустроить пешеходные аллеи, тротуары и площадки. Согласно проекту, главная аллея — будет шириной 6-7 метров, второстепенные — 2-4 метра.

Қызылордалық күріш компаниясы өзге елдердің нарығына қалай шыға алды

kapital.kz, 27 марта 2023 в 08:36

Қызылордалық күріш компаниясы өзге елдердің нарығына қалай шыға алды
QazTrade сауда саясаты орталығы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің көмегімен төртінші жыл қатарынан «Экспортты жеделдету» бағдарламасын жүзеге асырып келеді.Осы уақыт ішінде бағдарламаға 300-ден астам отандық тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету саласы қатысты. «Асыл дән LTD» компаниясы сату бөлімінің жетекшісі Ақнұр Дархан экспорттаушыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың бизнес көкжиегін кеңейтуге қалай көмектесетіні туралы әңгімелеп берген еді.– Ақнұр, компанияның даму кезеңі туралы қысқаша айтып берсеңіз.

Абай облысында жыл басынан бері 1500 интернет-қылмыс тіркелген

Arna Press, 24 марта 2023 в 12:58

Абай облысында жыл басынан бері 1500 интернет-қылмыс тіркелген
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтықтарды ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, Семей қаласының тұрғындары интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдырып, терезе пластиктерін жасау және орнату сылтауымен өз сатып алушыларын алдап, алаяқтық жолмен банктік шоттардың көрсетілген деректемелеріне қызмет ақысын төлеуді сұраған.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 20 марта 2023 в 17:06

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Показано 30 новостей из 382