Популярные темы

Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті — ФТБ

Дата: 25 апреля 2023 в 10:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті - ФТБ
Стоковые изображения от Depositphotos

Федералды тергеу бюросының денверлік бөлімшесінің өкілдері туристер мен жиһанкездерге әуежайларда, қонақүйлерде және сауда орталықтарында тегін смартфон қуаттау орындары сіздің қауіпсіздігіңізге залал келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сілтеме жасап.

Арнайы қызмет мамандарының мәліметінше, қаскөйлер қоғамдық орындарда USB-порттары арқылы зиянкесті бағдарламаларды енгізу арқылы сіздің смартфондағы мәліметтерге мониторинг жүргізе алады екен.

«Өз қуаттағышыңызды қолданыңыз немесе порттың орнына электр сымдарын пайдаланыңыз», — деп кеңес береді олар.

ФТБ өкілдері алаяқтықтың бұл түріне juice jacking деген атау берген.

«Қаскөйлер қуаттағышқа немесе кабельге зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету орнатып, сіздің телефоныңызға вирус кіргізеді. Сіз оны білмейсіз. Олар болса сіздің барлық парольдеріңізді қолды қылып, қаражат жымқыруы мүмкін», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сурет: pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями