Популярные темы

Қызылордалық күріш компаниясы өзге елдердің нарығына қалай шыға алды

Дата: 27 марта 2023 в 08:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қызылордалық күріш компаниясы өзге елдердің нарығына қалай шыға алды
Стоковые изображения от Depositphotos

QazTrade сауда саясаты орталығы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің көмегімен төртінші жыл қатарынан «Экспортты жеделдету» бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

Осы уақыт ішінде бағдарламаға 300-ден астам отандық тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету саласы қатысты. «Асыл дән LTD» компаниясы сату бөлімінің жетекшісі Ақнұр Дархан экспорттаушыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың бизнес көкжиегін кеңейтуге қалай көмектесетіні туралы әңгімелеп берген еді.

Ақнұр, компанияның даму кезеңі туралы қысқаша айтып берсеңіз. Сондай-ақ қай уақыттан бастап өз өнімдеріңізді экспорттауды қолға алдыңыздар?

2013 жылы дайын шағын күріш өңдеу зауытын сатып алдық. Цехқа жаңғырту жұмыстарын жұргізген соң шикізатты қайта өңдеу және ағартылған күріш өндіру бойынша жаңа зауыттың құрылысын бастап кеттік. Атқарылған жұмыс нәтижесінде, бүгінде біз өндіріс көлемін айтарлықтай арттыра алдық. Біз қазір де жұмысымызды дамытып, жетілдіріп жатырмыз, соның арқасында ұжымымыз «Ұлы дала елі» республикалық байқауында жеңіске жетті.

«Асыл дән» брендімен өнімдерімізді сыртқы нарыққа шығарып, Қазақстанның шетелде таныла түсуіне үлес қоса бастадық. Біз тағы бір зауыт ашып, үлкен қуатқа қол жетізуді жоспарлап отырмыз.

Өнім сапасына шикізаттың сапалы болуынан өзге, тағы қандай факторлар әсер етеді?

Біз «Ең алдымен сапа» деген ұранмен жұмыс істейміз және әрбір клиенттің ерекшелігін ескеру тәсілін қолданамыз. Біздің өнімдеріміз бірінші сортты биологиялық шикізаттан жасалғандықтан, экологиялық тұрғыдан таза, сондай-ақ тағамдық қауіпсіздігіне кепілдік беріледі. Сондай-ақ жоғары сапа стандарттары шикі күрішті өңдеу бойынша заманға сай жоғары технологияларды сақтауға мүмкіндік береді.

Сіздер нарыққа кірген уақыт ішінде тұтынушылардың қалауы мен талаптары қаншалықты өзгерді?

Глютенсіз өнімдерді тұтынуға деген тұрақты ұмтылыс байқалады. Бұл ретте күріш және күріш өнімдеріне сұраныс жыл сайын артып келеді. Ол түсінікті де. Өйткені күріш ұны құрамында глютені көп бидай ұнын алмастырушы ретінде қолданыла бастады. Күріш ұнының дәмі білінбейді әрі жақсы сақталады. Біз нарықта болып жатқан өзгерістерді мұқият қадағалап отырамыз. Біз үшін үнемі сұранысты зерттеу, өзіміз шығаратын өнім ассортиментін кеңейту, оның сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту жергілікті нарықта және одан тыс жерлерде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық міндет.   

Тауарды жаңа нарыққа шығару қаншалықты қиын?

Біздің жолымыз болып, 300 үміткер компанияның ішінен іріктеуден өтіп, «Экспортты жеделдету-2022» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алдық. Бұл қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын сыртқы нарыққа шығуға дайындауға және тауарды немесе қызмет экспортын бастауға көмектесетін бағдарлама. Осылайша, ісін жаңа бастаған экспорттшының барлық мәселесі мен қиындығы QazTrade-тің көмегімен шешілді. Сарапшылар экспорттағы ең тиімді бағытты таңдай алды, біз үшін шетелдік жетекші ретейл-желілердің өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесу өткізді. Жеке экспорттық бейін мен мен каталог жасалды, сонымен қатар біздің сұранысымыз бойынша экспорт стратегиясы мен өзге де құжаттар әзірледі. Одан басқа, экспорт тақырыбы бойынша бірнеше семинар уоркшоптар өткізілді.

Бағдарламаға қатысқанымыздың арқасында шетелдік бөлшек сауда компанияларымен бірнеше экспорттық келісімшарт жасадық, бұл жалпы көлемнің шамамен 35%-ын құрайды. Және бұл бастамасы ғана.

Өнімді экспорттау кезінде тауар өндірушілер қандай қиындықтармен бетпе-бет келіп жатады?

Ең біріншіден, жаңа нарыққа шығуда кездесетін «Market Entry Barriers» деп аталатын кедергілерді айтса болады. Біздің экспортымыздың негізгі нарығы Ресей Федерациясы. Ал Әзірбайжанды біз қосымша нарық ретінде таңдадық. QazTrade бізге «бренд танымалдылығы» деп аталатын кедергіні жоюға, сондай-ақ өнімді экспорттау үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмектесті. 2022 жылдың жазында компаниямызды Бакуге шақырды. Сонда Қазақстанның Әзірбайжандағы сауда-экономикалық миссиясы өткен еді, сол жерде қазақстандқ тауар өндірушілер таныстырылды. Біз сол іс-шараға қатысуға қуана келісіп, Бакудегі сауда желілерінің өкілдерімен бірнеше кездесу өткіздік. Соның нәтижесінде экспорттық келісімшартқа қол қойдық, қазір Әзірбайжанға өнімдеріміздің алғашқы жеткізілімін жеткізу қолға алынып жатыр.

Бізге сондай-ақ бейіндік ерекшелігімізге қарай шетелдік серіктес-сатып алушыларды таңдауда және олармен онлайн түрде В2В-кездесулер ұйымдастыруда көмек көрсетілді.

Біз расымен де, өз жетістіктерімізге қуаныштымыз және қазақстандық өндірушілерге «Экспортты жеделдету» бағдарламасына қатысуға кеңес береміз. 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап экспортқа бағытталған жаңа компанияларды іріктеу ісі қолға алынып, өтініштер қабылданып жатыр. Бұл бағдарлама бизнес көкжиегінің кеңеюіне ықпал ете отырып, ШОБ кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін ашуға көмектеседі. Шағын бизнес мемлекет тарапынан тиімді қолдауды қатты қажет етеді.

«QazTrade» АҚ 2020 жылдан бастап KPMG компаниясымен бірге «Экспортты жеделдету» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарламаны іске асыру аясында оған 326 қазақстандық компания: 2020 жылы 35 компания; 2021 жылы 101 компания; 2022 жылы 190 компания қатысты.

Подпишитесь на недельный обзор главных казахстанских и мировых событий

По сообщению сайта kapital.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями