Популярные темы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Абай облысында тексеру жұмыстарын жалғастыруда

Дата: 30 марта 2023 в 00:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Абай облысында тексеру жұмыстарын жалғастыруда
Стоковые изображения от Depositphotos

Осыған байланысты жоғарыда аталған әкімдіктердің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде бар екендігі туралы хат жіберілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Динара Мұқаева мәлім етті.

 Оның айтуынша, департаментте акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға қарау нәтижелері бойынша құруға келісім берілген 4 өтінішхат қаралды:

1.       Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

2.       «Абай облысының ветеринария басқармасы» ММ «Ақсуат-Вет» ШЖҚ КМК

3.       «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК

4.       «Абай облысының шаруашылық басқармасы» ЖШС

Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және Абай облысының еншілес ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу жоспарлануда.

— Мониторингпен денсаулық сақтау, көлік, мәдениет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен барлығы 60 кәсіпорынды қамту жоспарлануда. Мониторингке жататын кәсіпорындардың жарғыларында келісілмеген қызмет түрлері анықталған жағдайда монополияға қарсы орган бұзушылықтар мен олардың салдарын жою туралы нұсқама шығаратын болады, — деді Динара Мұқаева.

Бәсекелестікті дамыту департамент жанында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Open Space» диалог алаңы жұмыс істейді. Онда облыс кәсіпкерлері мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар облыста кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

— Облыста сондай-ақ кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңес жұмыс істейді, оған азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ Департамент өкілі кіреді.  Осы кеңес шеңберінде өңірдегі тауар нарықтарына кірудегі кедергілер қарастырылады, олар болашақта жергілікті немесе республикалық деңгейде жойылуы мүмкін, — деп түйіндеді сөзін Динара Мұқаева.

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями