Популярные темы

Қазақстандықтарға ақпараттық жүйелердегі қатеге байланысты ХҚКО-ға жүгіну ұсынылды

Дата: 19 мая 2023 в 23:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандықтарға ақпараттық жүйелердегі қатеге байланысты ХҚКО-ға жүгіну ұсынылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Журналистермен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың проактив форматта жәрдемақы алуына кедергі келтіретін ақпараттық жүйелердегі қате туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Расында, оның төрт баласы бар, оған жәрдемақы тағайындау керек еді. Алайда АХАЖ құжаттары 2008 жылдан бастап цифрландырылған болып шықты. Ал оның бір баласы 2005 жылы туған. АХАЖ ақпараттық жүйесінде оның үш баласы ғана бар екені анықталды. Ал төртінші бала туралы ақпарат қағаз жүзінде. Біз одан ХҚО-ға жүгінуін, өтініш жазуын өтіндік, содан кейін баланы базаға қосамыз және ол жәрдемақы ала бастайды. Сол жылдардан бері барлық ақпараттық жүйелер цифрландырылған жоқ, осыған байланысты мұндай қате бар», — деп мойындады Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, бүгінде цифрлық даму министрлігі сервистік қосымшалармен жұмыс істеп жатыр, олардың көмегімен адам қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу үшін өз деректерін тексере алады.

«Осындай кемшіліктер әлі де бар, соған байланысты сіздерден егер біреуге СМС-хабарлама келмесе немесе жәрдемақы тағайындалмаса, Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек. Бұл мәселені проблемасыз шешуге болады», — деді министр.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями