Arna Press,
21 декабря 2023
в 11:28
Семейде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Arna Press,
15 декабря 2023
в 20:18
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай — Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды.
Arna Press,
13 декабря 2023
в 18:38
Семейде автокөлікте болған өрт жағдайлары жиіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін өрт сөндірушілер үш рет жанған автокөлікті сөндірді.Абай облысы ТЖД хабарауынша күндізгі сағат 12-де жүк көлігі өртеніп жатқандығы туралы қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер оқиға келген кезде жүк көлігінде уақытша тұрақ кезінде мотор, аспаптар панелі және салон жанғанын анықтады.Өрттің алдын-ала себебі — жүк көлігін үрлегішпен жылыту нәтижесінде автомобильдің басқа бөліктеріне ауыса отырып, корпустың пластикалық бұйымдарының өртенуі.Қызыл жалын шамамен 7-8 минут ішінде толығымен сөндірілді.
Крыша,
11 декабря 2023
в 17:07
Қарашада жаңа құрылыстағы пәтер бағасы үш қалада: Алматыда, Ақтөбеде және Шымкентте төмендеді.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қарашада елде жалпы баға түсуі қазанмен салыстырғанда 0.7 %-ды құрады.Пәтердің бір шаршы метрі айтарлықтай арзандаған қалалар: — Шымкент (—3.4 %); — Ақтөбе (—2.8 %); — Алматы (—1.6 %).Қарашада төрт қалада баға өскені байқалды:— Ақтауда (+2.1 %); — Семейде (+0.5 %); — Қостанайда (+0.2 %); — Көкшетауда (+0.1 %).Қалған 13 өңірде бірінші нарықтағы баға қазан айындағы деңгейде қалды.Орташа құны — 491 985 теңге.Ең жоғары баға: — Астанада — 588 834 теңге; — Алматыда — 571 741 теңге; — Шымкентте— 420 978 теңге.Ең арзан пәтер Жезқазғанда — 160 мың теңге/ш.м, Ақтөбеде — 260 мың теңге/ш.м және Оралда — 278 мың теңге/ш. м.Бір жылдағы бағаның өзгеруіне келетін болсақ (2022 жылдың қарашасына қарай), мемлекеттегі орташа көрсеткіш 3.2 % өсті.Ең жоғары жылдық өсім: — Павлодарда (+14.8 %); — Петропавлда (+10.6 %); — Ақтауда (+10 %).Алматыда жаңа үйлер бір жылда 4.6 %, Астанада 2.3 % қымбаттады.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 13:18
Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді. Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік.
Arna Press,
06 ноября 2023
в 12:38
Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесінде сотталғандарға арнап, мекеме қызметкерлері екі сағаттан астам уақытқа созылатын «Оян, қазақ!» атты фильмін сотталғандарға көрсетілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Фильмді көрген сон Е. атты сотталғанда өзінің әсерін қағаз жүзінде, сүреттер арқылы айтқысы келді.
Arna Press,
11 октября 2023
в 10:38
Полиция қызметкерлері қарт әжені мазақтап, мазасын алған үш жасөспірім бұзақыны анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.
Arna Press,
10 октября 2023
в 13:28
Arnapress.kz редакциясына Энергетик кеңтінің тұрғындары хабарласып, қаңғыбас иттердің мәселелсін шешуді сұрады.Белгілі болғандай, бір-неше ай бойы 5-6 қаңғыбас ит аялдама мен балалардың алаң ойынын мекендеп алған. Автобустан түскен адамдарға үріп, тіпті жүгіре кеткен жағдайлар да болған екен.Қуып жібейік десек, иттер үлкен.