Популярные темы

Семейде бір күнде үш көлік өртке оранды

Дата: 13 декабря 2023 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде бір күнде үш көлік өртке оранды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде автокөлікте болған өрт жағдайлары жиіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін өрт сөндірушілер үш рет жанған автокөлікті сөндірді.

Абай облысы ТЖД хабарауынша күндізгі сағат 12-де жүк көлігі өртеніп жатқандығы туралы қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер оқиға келген кезде жүк көлігінде уақытша тұрақ кезінде мотор, аспаптар панелі және салон жанғанын анықтады.

Өрттің алдын-ала себебі — жүк көлігін үрлегішпен жылыту нәтижесінде автомобильдің басқа бөліктеріне ауыса отырып, корпустың пластикалық бұйымдарының өртенуі.

Қызыл жалын шамамен 7-8 минут ішінде толығымен сөндірілді. Адам шығыны жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 қызметкері және 2 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Тағы бір жағдай «Мұрат» саяжай алқабындағы 2-ші саяжайда орын алды.  14:54-те жол бойында жүк көлігінде өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автожолдың бойында «КаМАЗ» жүк көлігінің, 2004 ж. ш. жалпы ауданы 7 ш. м. аумағында мотор бөлімі, аспаптар панелі мен салоны өртеніп жатқанын анықтады.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында автокөліктегі өрт 15:11-де оқшауланды, ал 15:15-те  жойылды.


Жарты сағаттан астам уақыттан соң «101» пультіне Семей қаласының Өтепбаев көшесінде жеңіл автокөлік өртке оранғаны туралы тағы бір қоңырау түсті. Өрт орнына келген өрт сөндірушілер «Daewoo Matiz» маркалы автомобильдің, 2003 ж.ш., 0,5 ш. м. аумағында мотор бөлігінің жанғанын анықтады. 

ТЖД қызметкерлері көлік құралдарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. 

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями