Популярные темы

Семейде тағы 21 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр

Дата: 25 января 2024 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде тағы 21 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Қарағайлы ықшам ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов аталған ауданға барып, салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады. Қазіргі таңда «Қарағайлы» шағын ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйлердің құрырылыс жұмыстары жүргізілуде.
 
Қаланың бас жоспарына сәйкес, оң жағалауда Қарағайлы шағын ауданының егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірленді.

Бүгінгі күні Қарағайлы шағын ауданында нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында Қарағайлы ықшам ауданында 1200 оқушыға арналған мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


«Қарағайлы ықшам ауданының даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары ықшам ауданға қоныстанушылардың да саны артты. Құрылыс сапалы әрі бекітілген кестеге сай аяқталуы керек. Тұрғын үйлерлің сыртқы қасбетін әдемі болуына да ерекше назар аударыңыздар», — деді Нұрбол Нұрсағатов.


Соңғы бір жылда Семей қаласында құрылыс жұмыстарының саны артты. 2023 жылы 296 059 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр пәтер кезегінде тұрған 211 отбасы баспаналы болды.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями