Популярные темы

Абай облысының басты шыршаның шамы жағылды

Дата: 21 декабря 2023 в 11:28


Абай облысының басты шыршаның шамы жағылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.

Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға ертегідей көңіл-күй сыйлады.

Айта кетсек, қаланың аудандарында түрлі шағын архитектуралық нысандар орнатылған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями