Популярные темы

Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді

Дата: 05 декабря 2023 в 13:18 Категория: Новости авто


Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді.

Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік. Күн сайын жұмыс басталар алдында автобустардың іші-сырты жуылатын болады.

Сонымен қатар, рейстер арасында ластануына қарай кабина ішін тазалау талабы қойылды. Осы іс-шаралар бойынша тасымалдаушылар күн сайын жасаған жұмыстарының фото, видеосын күні мен уақытын белгілей отырып көрсетіп отырады.


«Егер сізде автобустардың санитарлық жағдайына қатысты ескертулер болса, сіз фото немесе бейнетіркеу жасап, +7 (747) 752-26-84 WhatsApp мессенджеріне жібере аласыз» —  делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости авто
Поделитесь новостью с друзьями