Arna Press,
30 июля 2024
в 11:58
Синоптиктер 30 шілдеде Алматыда, Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман болады.
Arna Press,
25 июля 2024
в 12:28
25 шілдеде Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Arna Press,
21 июля 2024
в 13:48
21 шілдеде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жүгіруден жарыс өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Марафонға кәсіби спортшылар да, жақында ғана жүгіруді жанына серік еткен жаңдар қатысты. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей мен Қырғызстан мемлекетерінен келді.Семейдегі старт қала орталығындағы Абай алаңында берілді. Қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгіріп өтті.«Қала өте әдемі.
Arna Press,
09 июля 2024
в 11:38
Семейде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне биыл 6 өнегелі отбасы қатысты. Олардың ішінде, кәсіпкерлер де, құрылысшылар да, әскери қызметші мен ұстаздар отбасылары болды. Байқаудың қорытындысы бойынша Абай гарнизонына қарасты әскери бөлімнің әскери қызметшісі Нұрахметовтер әулеті жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.Өнегелі отбасының отағасы – Әли Нұрахметов Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде қызмет атқарады.
Arna Press,
25 июня 2024
в 10:18
23 маусымда сағат 14:10 шамасында Семейде Тарбағатай – Әуезов көшелерінің қиылысында жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 57 жастағы жүргізуші жолдар қиылысында көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Arna Press,
19 июня 2024
в 16:38
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қытайлық «Luyi Country Hongyao Furniture Co.Ltd» компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания әлемге жиһаз жасаумен танымал, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі былтырғы орман өртінің зардаптарын жою мақсатында инвесторларды тартудың жол картасын әзірледі.
Arna Press,
13 июня 2024
в 16:28
Құрбан айт — барлық мұсылмандар үшін басты мерекелердің бірі. Жылдағыдай, мал сатып алуға және мерекелік құрбандық шалуға рұқсат етілген арнайы орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Биыл ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау мақсатында қала шегінде уәкілетті органдармен келісім бойынша Семей қаласында мал сатып алуға және мерекелік құрбандық шалуға рұқсат етілген арнайы орындар анықталды: «Северный» СЛО, «JOLOMAN» СЛО; «Семей вет» ЖШС, «SAIKAN AGRJ» ЖШС.Халық арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының таралуын болдырмау мақсатында ұсынамыз:«Үйде қонақтардың қолын жууға және асханаларды желдетуге жағдай жасау ұсынылады.
Arna Press,
13 июня 2024
в 12:08
Еліміздің 14 облысында 13 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Arna Press,
05 июня 2024
в 18:58
Жақында «Семей-Достық» бағытымен Алакөлге жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Пойыз айдың тақ санды күндері жүреді. Бір уақытта 354 жолаушыны тасымалдай алады.
Arna Press,
04 июня 2024
в 13:58
Семей қаласының орталық алаңында өткен ауқымды патриоттық флешмобты ерекше атап өтуімізге болады. Алаңда бір мезетте мыңнан астам семейліктер мемлекеттік Әнұранды шырқады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Arna Press,
08 мая 2024
в 20:08
Семейде көппәрлі үйде жеделсаты құлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.8 мамыр сағат 12:30 шамасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне «103» диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтасына жеделсаты құлағаны туралы хабарлама түсті.Сағат 11:40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды.
Arna Press,
07 мая 2024
в 15:28
Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Спорттық шара 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, есірткіге қарсы акция ретінде ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, бұл спорттық шара биыл 27 рет өтуде. «Жыл сайын бұл шараны біз 1 мамыр күні өткізетінбіз.
Arna Press,
11 марта 2024
в 20:38
Семейдегі «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайына қатысты бір-шама шу болғаны белгілі. Сотта іс қозғалып, кейіннен саяжай қаланың Бас жоспарына енді деді. Бүгін қала әкімі тұрғындармен кездесуде, қайта кооператив құрылатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуге келген саяжай тұрғындарының көкейінде бір-неше сұрақ жүрді.
Arna Press,
04 марта 2024
в 13:58
Патрульдік полиция қызметкері аға сержант Ахатов, 34 жастағы күдіктінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесу кезінде жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Осыған қарамастан, полиция қызметкері әріптесімен бірге қылмыскерді ұстаған.«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп — тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.Белгілі болғандай, Абай облысының Полиция Департаменті өмірін қатерге тігіп, қаскөйді ұстаған аға сержантты марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпанда түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жасар қыздан белгісіз ер адам оның артынан қалмай, аңдып жүргені туралы хабарлама алды.Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полиция қызметкері Асхат Ахатовқа қылмыскер пышақпен шабуыл жасады.
Arna Press,
29 февраля 2024
в 14:28
Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұсталғандардың үйін тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі.
Arna Press,
27 февраля 2024
в 20:28
Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, жауын-шашын мөлшері:. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Қазіргі уақытта біздің қала су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар өткізуде.
Arna Press,
19 февраля 2024
в 15:38
Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін 13:51 «101» пультіне «Бирюса» сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.«Барлау буыны дереу құрылып, нысанды зерттеуге кірісті.Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды», — делінген хабарламада.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.Өрттің себебі анықталуда.Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Arna Press,
16 февраля 2024
в 15:08
Бүгін бүкіл Семей жарықсыз қалды, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі.«Белгілі болғандай, сағат 13:30-да «KEGOC» АҚ желілері бойынша ажырату салдарынан Семейде тұтынушыларды электрмен жабдықтауға шектеу қойылды. Нәтижесінде Семей қаласында электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды».15 минуттан кейін біртіндеп электрэнергиясы біртіндеп тұтынушыларға беріле басталды.«Сағат 13:45-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істейді», — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.Ажыратудың себептері анықталуда.Оқырмандар жіберген ақпараты бойынша кейбір аудандарда электрэнергиясы әлі қосылған жоқ.
Arna Press,
12 февраля 2024
в 15:48
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиын барысында өрттен зардап шеккен саудагерлердің бастамашыл тобы: құжаттарды алу, келісімшарттар жасау, сауда орындарын бөлу және қор құруға қатысты сұрақтарды көтерді.
Arna Press,
06 февраля 2024
в 10:48
Белгілі болғандай, өрт туралы хабарлама түңгі 02:29-да түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өрт сөндірушілер келгенде эскалатор ауданындағы бірінші қабатта және 2 қабаттағы бутиктер жанып жатты.Қазіргі уақтта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.Сурет: Абай облысы ТЖД
Arna Press,
29 января 2024
в 19:48
Тұрғындардың көптеген шағымдары бойынша прокуратура облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, «Семей.Мурат.Доверие» және ПКСЛ «Бобровка» саяжай кооперативтерінің қызметін тексерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тексеру барысында соңғысының тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз монополиялық қызметті жүзеге асырғаны, электр энергиясына жоғарылатылған тарифтер белгілегені, электр желілерін жалға алғаны үшін негізсіз төлем алғаны және т.б. құқық бұзушылықтар анықталды.«Осылайша, кооперативтер электр энергиясын өндіруші болып табылмайтындықтан, энергия өндіруші компаниядан 1 кВт-қа 14,202 теңге сатып алып, оны жоғарылатылған тариф бойынша (1 кВт үшін 18 теңге, яғни 4 теңгеге қымбат) 8,5 мыңнан астам тұрғындарына сатты.
Arna Press,
29 января 2024
в 15:48
Семейде метеп оқушылары террористік акт туралы полицияға қоңырау шалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға 17 қаңтарда орын алды. Полиция террористерді тұтқындау туралы хабарламаға байланысты мекемені қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады.
Arna Press,
25 января 2024
в 16:38
Қарағайлы ықшам ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов аталған ауданға барып, салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады. Қазіргі таңда «Қарағайлы» шағын ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйлердің құрырылыс жұмыстары жүргізілуде. Қаланың бас жоспарына сәйкес, оң жағалауда Қарағайлы шағын ауданының егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірленді.Бүгінгі күні Қарағайлы шағын ауданында нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Arna Press,
24 января 2024
в 15:48
Абай облысындағы дәмханалар мен мейрамханалар ерекше бақылауға алынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ойын-сауық мекемелері уақыт шектеусіз жұмыс істейді. Көп жағдайда мекемелерде демалуды ұнататындар мас күйінде немесе ішімдік ішкеннен кейін қылмыс жасайды.
Arna Press,
22 января 2024
в 17:08
Семейде зергерлік дүкеннен төрт алтын алқа ұрлаған азамат ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығына зергерлік павильон иесі хабарласып, дүкеннің тоналғаны туралы хабарлады.Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт төрт алтын алқаны ұрлап кеткен.
Arna Press,
22 января 2024
в 11:48
Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ICE DRIFT BATTLE 2024» чемпионаты Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл жарысқа Қарағанды, Өскемен, Павлодар және Семей қаласынан автоспортшылар қатысты.«Мұз үстіндегі дрифт Семейде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, бас төреші Ресей Федерациясының Екатеренбург қаласынан Андрей Паули есімді дривингпен айналысатын спортшы төреші болды.
Arna Press,
16 января 2024
в 18:28
Қазақстанда салынатын үш жаңа ЖЭО-ның алдын ала құны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетаудағы ЖЭО қуаты 240 мегаватт, Семейде — 360 мегаватт, Өскеменде — 360 мегаватт болатынын айтты.
Arna Press,
09 января 2024
в 12:58
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жиында Мәжіліс депутаты Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді.Қала халқының тарапынан кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық түлік бағасын бақылау, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, қаладағы ауыз су және қоқыс мәселесін шешу,инфрақұрылымды дамыту, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандырудың сапасын жақсарту, қаңғыбас иттерді жою мәселелері көтерілді.Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру, әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету, ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту, қалада жедел жәрдем көлігін шақыртуды Семейден Аягөздің аудандық ауруханасына қайтару және басқа да ұсыныстар айтылды.Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов Еткомбинаты шағын ауданында салынған әлеуметтік үйлерді барып көріп, тұрғындармен кездесті.
Arna Press,
30 декабря 2023
в 21:29
Семейде сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.«Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр.
Arna Press,
26 декабря 2023
в 00:08
Семейде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.