Популярные темы

Семейде «Бейбітшілік акциясы» өтті

Дата: 29 августа 2024 в 15:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды. Сондай-ақ, Абай облысының қалалары мен аудандарында түрлі акция, көрме, коференциялар ұйымдастырылды.

Семей полигоны осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Осылайша Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартқан ел болды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями