Популярные темы

Семейде тағы да сауда үйі өртенді

Дата: 19 февраля 2024 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде тағы да сауда үйі өртенді
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 13:51 «101» пультіне «Бирюса» сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.

«Барлау буыны дереу құрылып, нысанды зерттеуге кірісті.Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды», — делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.Өрттің себебі анықталуда.

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями