Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Спорттық шара 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, есірткіге қарсы акция ретінде ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, бұл спорттық шара биыл 27 рет өтуде.
«Жыл сайын бұл шараны біз 1 мамыр күні өткізетінбіз. Биыл 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Себебі спортпен шұғылданып жүрген тәрбиеленушілерімідің дені күштік құрылымдарда, полицияда қызмет етуге шешім қабылдайды. Сондықтан, оларға кішкентай кездерінен отансүйгіштікті, қайрат пен жігерді үйретуге талпынамыз», — деді бас бапкер Серік Қайратұлы.
Айта кетерлігі, бұл шараны облыстық спорт басқармасы, Полиция департаменті, мәслихат депутаттары қолдады. Олар спортышлармен бірге орталық көшелерде саппен жүгіріп, Жеңіс саябағына келді. Ол жерде спорт шеберлері карате жаттығуларын көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.
«Мен каратемен 5 жасымнан бастап айналысудамын. Бұл жерде мен күресуді ғана үйренген жоқпын, сондай-ақ денсаулығым мықты болды, тәртіпке үйрендім. Көптеген додаларда жеңіспен оралғанда ата-анам, достарым мақтан тұтатынын айтады. Мен үшін бұл жаңа жетістіктерге жетуге серпін береді», — дейді жас спортшы Алина Нариманова.
Орталық көшелерде саппен жүгіру кезінде спортшылардың қауіпсіздігін полиция басқармасының қызметкерлері қамтамасыз етті. Ал жедел жәрдем станциясының медицина қызметкерлері жарақат алған жағдайда бірден көмек көрсету үшін, спортшылардың артынан жүріп отырды.
Сурет автордікі
По сообщению сайта Arna Press