Arna Press,
17 мая 2023
в 14:28
Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 15-25 мамыр аралығында «Есептегі тұлға» республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді.Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 170-ке жуық қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілген сотталғандарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі.
Arna Press,
17 мая 2023
в 14:28
Абай облысында Алакөл курорттық аймақты дамытудың «Жол картасы» әзірленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді.Әкім орынбасарының айтуынша, Алакөл көлінде демалыс жағдайларын жақсарту үшін келесі жұмыстар жүргізіледі:Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
16 мая 2023
в 17:18
Семей қаласының аумағында жол көлік оқиғаларының, оның ішінде, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 4 күнге созылған шара аясында полиция қызметкерлері қала көшелерін, қарбалас уақыттарда көлік көп қатынайтын жаяу жүргіншілер өткелдерін патрульдеді. «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» ЖПІШ аясында ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша – 64 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 101 әкімшілік хаттама толтырылды.Сурет: Polisia.kz
Arna Press,
16 мая 2023
в 12:18
15 мамыр кешкі 18: 53-те Докучаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндірушілердің орнына келгеннен кейін көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон ашық жалынмен жанып жатты.Кіреберісте қатты түтін болды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 18:18
Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен студенттер жазған бейнеүндеу таралуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Үндеуде университеттің ректоры Бауыржан Ердембековты орнынан босату туралы министрдің бұйрығын қайта қарауды сұрайды. Ұжым бір ауыздар бұйрыққа қарсы екенін айтты.Екі жыл үш ай ішінде, ондаған жылдар бойы атқарылмаған істерді атқарғанын ұжымның көзі көріп отыр.
Arna Press,
15 мая 2023
в 16:18
15 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев қаңтар оқиғасынан кейін комитетте қандай жұмыстар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Бүгінгі таңда ҰҚК 11 қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр. Бірақ кейбір істер бойынша тергеу аяқталды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 16:18
Қазақша күрес және дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Бекзат Манасбаев шеберлер арасында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жарыс Оңтүстік Кореяның Кочхан қаласында өтуде, спортшы 81 кг салмақ дәрежесінде, 30-34 жас топтары арасында күресті.Өткен жылы да шеберлер арасында Азия ойындарының біріншілігі біздің отандасымыз Бекзат Манасбаевтың қолында болғанын айта кетуіміз керек.
Arna Press,
15 мая 2023
в 12:28
Семей тұрғынына BRAINLAB жүйесінің күрделі ота жасалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Пациент дәрігерлерге құрысулар туралы шағымдармен жүгінді. Өз емханасында пациент егжей-тегжейлі зерттеп — қарауға жіберілді. «Пациент Семей қаласының СМКА нейрохирургия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 12:28
Бұл туралы Көкпекті ауданына жұмыс сапары аясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен көшпелі аппараттық кеңес барысында айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Болат Әбдіралиевтің айтуынша, лицензиялық келісім аясында облыс әкімдігі электр беру желісін тарта отырып, 26 антенна-діңгек құрылғысын салуды жоспарлаған.Мәселен, ағымдағы жылы Абай, Үржар, Жарма аудандарының ауылдарында 9 АМС құрылысы басталады.
Arna Press,
15 мая 2023
в 12:28
Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұған дейін оқыс оқиғадан ер адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жәбірленушінің туысы Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.«Ол ауруханада, жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр.
Arna Press,
15 мая 2023
в 11:28
Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.Polisia.kz сайтында шыққан ақпарат бойынша Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.«Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда», — делінген хабарламада.Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
15 мая 2023
в 11:28
Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады.
Arna Press,
12 мая 2023
в 16:38
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила COVID-19 әлі жойылмағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Пандемия кезінде қабылдаған шаралары үшін Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Бірақ бұл вирус біздің өмірімізден біржола жойылған жоқ, ол бар.
Arna Press,
12 мая 2023
в 12:58
Семейде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.11.05.2023 жылы сағат 19:00 шамасында Қ. Мұхамедханов пен Абай көшелерінің қиылысында HYUNDAI SONATA автокөлік құралы мен HONDA маркалы мотоцикл арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Arna Press,
12 мая 2023
в 02:18
28 мамыр күні «Семей аруы -2023» байқауына іріктеу кезеңі өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Қазақстан аруы» республикалық байқауының өңірлік өкілі Асем Садвакасованың айтуынша, іріктеуге қатысқысы келетіндер арнайы бірдей киім киіп келулері қажет. Шарт бойынша бұл қара футболка немесе топ, қара джинсы не болмаса фигура бойынша шалбар және міндетті түрде өкшелі аяқ киім.«Семей аруы -2023» байқауының іріктеу кезеңіне 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Қойылатын негізгі талаптар: бойы 170-183 см, тұрмысқа шықпаған, сымбатында мін жоқ, ақылына көркі сай болу керек, — дейді Асем Садвакасова.Кастинг 28 мамыр күні сағат 12:00 Семей қалалық мәдениет сарайының 306 кабинетінде өтеді.
Arna Press,
11 мая 2023
в 19:08
В области Абай намерены создать четыре коммунальных пляжа, передает корреспондент Arnapress.kz.Об этом в ходе брифинга сообщил начальник управления гражданской обороны ДЧС области Абай Даурен Агажаев.При этом три законных места для купания могут появиться в регионе уже в этом году, два из них – в Семее.По словам специалиста, сейчас в области есть только один официальный коммунальный пляж, что расположен на озере Алаколь в Урджарском районе.
Arna Press,
11 мая 2023
в 18:08
Бүгінгі таңда облыста қалалар мен аудандардың әкімдіктері 4 коммуналдық жағажай құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Абай облысының өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Биыл облыстың су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 10 учаске анықталды.
Arna Press,
11 мая 2023
в 14:38
2023 жылдың 11 мамырында әлеуметтік желілерде Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылғаны туралы ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Жарылыс туралы ақпарат Instagram-ның қоғамдық formaggio.almaty сайтында пайда болды.«ҚазАқпарат» ХАА хабарлағандай, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.«Мен көлікті аллеяға қалдырдым.
Arna Press,
11 мая 2023
в 13:28
Аягөз ауданындағы Бозай қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде сақ көсемінің киімін безендіруге арналған жәдігерлер табылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qazaqstan ҰА «Tansholpan» бағдарламасына сілтеме жасап.Сақтардан жеткен сары алтынды белгілі археолог-ғалым Ғани Омаров облыстық өлкетану музейіне тапсырды.
Arna Press,
11 мая 2023
в 12:18
Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.КПБ қызметкерлері мен Степногорск қаласының ӨҚБ жедел уәкілдері арнайы операция жүргізіп, зергерлік дүкеннің батыл және мұқият жоспарланған тонауын әшкереледі.Еске салайық, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.ПД басшылығының нұсқауымен бірнеше жедел топтар құрылып, Ақмола аумағында да, көрші облыстарда да бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.Сонымен, елордада екі күдікті ұсталды: 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары.
Arna Press,
11 мая 2023
в 11:48
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза журналистерді қолтырауынға теңегені үшін кешірім сұрап, мұны болмашы әзіл деді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында журналистерді қолтырауынға теңегенін, себебі БАҚ өкілдерінің кейбір депутаттардан сұхбат алуға ұмтылатынын, ал кейбіреулері оларға қызық емес екенін түсінбейтінін атап өтті.
Arna Press,
11 мая 2023
в 11:48
Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) — шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады.
EKaraganda.kz,
11 мая 2023
в 09:05
В прошлом году на Карагандинской ТЭЦ-3 возникли сложности с созданием обязательного необходимого запаса угля. За год ТЭЦ-3 сжигает 3 миллиона 300 тысяч тонн угля, но склад не позволяет хранить такое количество топлива. К началу прошлого отопительного сезона компания заготовила порядка 300 тысяч тонн угля.
Arna Press,
10 мая 2023
в 16:18
Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинағын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертті.«Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады», – делінген хабарламада.5 мамыр күні Қазақстан Ұлттық банкі халыққа үндеу жолдап, инвестициялық жобалар саласында алаяқтықтың жаңа түрлері шыққанын ескертті.Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Arna Press,
10 мая 2023
в 13:38
Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары «К» және «М» беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Азамат «К» Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.
Arna Press,
10 мая 2023
в 13:38
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, электрсамокаттар көлік құралы ретінде тану мақұлданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген.
Arna Press,
10 мая 2023
в 10:48
Есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан 37 жастағы Семейдің тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласының ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Наурыз айының ортасында жедел іс-шараларды өткізу барысында Семей қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Семей қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады.Жеке тінту жүргізу барысында қапшықтан қара қоңыр түсті сұйық заты бар шприц табылып, тәркіленді.«Химиялық-токсикологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес медициналық шприцте алынған сұйықтық есірткі — экстракциялық апиынның ерітіндісі болып табылады.
Arna Press,
10 мая 2023
в 10:48
Алматы облысында көп балалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 4 мамырда Көліащы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көліащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам (екі ересек және төрт бала) алдын ала белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті, — делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.«Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды.
Arna Press,
10 мая 2023
в 09:58
Жеңіс саябағына жиналған қала тұрғындары Мәңгілік алау айналысына шамдар арқылы «78» санын бейнелейтін сурет жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіЕкінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін қала тұрғындары Жеңіс саябағына жиналды.Семейліктер үшін «Шам жағу» акциясы дәстүрге айналды.
Arna Press,
06 мая 2023
в 11:38
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 5 мамыр күні өртті сөндіру кезінде көрсеткен қызметтік борышын орындағаны, батырлық пен жанқиярлығы үшін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ Семей қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі ИСҚАҚОВ Ермек Ержанұлы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.