Популярные темы

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады

Дата: 26 октября 2023 в 15:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет осал топтағы азаматтарға берген жалдамалы баспананы халық көп ұзамай жекешелендіре алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті. Халықпен кездесулер өткізгенде тұрғындар тарапынан сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесі жиі көтерілгенін айтты.

«Мұндай көпқабатты және бірқабатты тұрғын үйлер Абай облысының Семей қаласы мен барлық аудандарында салынған.

Сайлаушылар жиі көтерген осы мәселені шешу үшін Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етейін.

Мен және бірнеше әріптесім жалдамалы баспананы жеке меншікке алуға мүмкіндік беру үшін тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасына тиісті ұсыныстар бердік», — деп жазды халық қалаулысы.

Белгілі болғандай, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобында бұл мәселе жан-жақты қаралып, Үкіметте ұсыныс қабылданды.

«Бұл ұсынысты Үкімет қолдап,оң қорытындысын берді.

Мемлекет меншігіндегі мұндай пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Адамдардың оны жеке меншікке сатып алуға, жекешелендіруге құқығы болмаған еді.

Ал, енді жекешелендіруге рұқсат етілген соң, азаматтар жалға берілген пәтерді жеке меншігіне ала алады», делінген депутат жазған постта.

Халық қалаулысы ең алдымен Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға баспаналарын тегін жекешелендіруді ұсынуда.

Айта кетейік, жалпы 2017 жылдан бастап еліміздің өңірлеріңде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 40 мың жалдамалы үй салынған.

Сурет: ашық дереккөздерден, Facebook

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями