Популярные темы

Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салу ұзартылды

Дата: 26 октября 2023 в 14:59 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салу ұзартылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен 7 қарашадан бастап Қазақстан аумағынан түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады:

Бұйрық 2023 жылғы 4 қарашадан бастап күшіне енеді.

Құжат сынық тапшылығын сезініп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында және сынықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес шараларының бірі ретінде қабылданды.

Ағымдағы кезеңде 2023 жылдың 3 мамырынан бастап Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты айға тыйым салынды.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями