Популярные темы

Қазақстанда алаяқтық жасап Швецияда жасырынған күдікті ұсталынды

Дата: 24 октября 2023 в 00:18 Категория: Новости стран мира


Қазақстанда алаяқтық жасап Швецияда жасырынған күдікті ұсталынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Сурет: скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости стран мира
Поделитесь новостью с друзьями