Популярные темы

Семейлік старшина Республика күніне орай төсбелгімен марапатталды

Дата: 24 октября 2023 в 22:28


Семейлік старшина Республика күніне орай төсбелгімен марапатталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оған мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Қылмыстық-атқару жүйесі құқық қорғау саласындағы ең ауыр бағыттарының бірі. Дегенмен ел тыныштығын күзету екінің бірінің қолынан келмейді.

Абыройлы қызметтегі табыстары үшін, офицерлер мен сержанттар Құрмет грамоталарымен марапатталуға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қылмыстық-атқару жүйесінің және мекеме басшысының алғыс хаттары, грамоталар мен төсбелгісі марапатталды.

Марапатталғандар қатарында бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет старшинасы Серік Ақшоқаев «»Қылмыстық-атқару жүесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2005 жылдан бері ішкі істер органында, сержант шенінде 18 жылдан астам қызмет етіп келеді.Оның қызметтік міндеттеріне бақылау және қадағалау, сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында олардың мінез-құлқын тұрақты бақылау, олардың ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, тұрғын үй-жайларды тексеру, отрядтар, шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер және т.б. кіреді.

Серік Ақшоқаевтың айтуынша, төсбелгіні иелену ол үшін үлкен мәртебе. Қызметімді одан әрі үлгілі орындау үшін тамаша ынталандыру болады.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями