Популярные темы

депо: новости — страница 57

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалған

Arna Press, 21 марта 2023 в 19:28

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалған
14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға туралы 14 жасар қыз 24 ақпанда анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталыққа әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату мақсатында дәрігерге жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болған.ПД өкілдерінің мәліметінше, орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлаған.Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алған«Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды.

Талдықорғанда Абайға арналған ескерткіш ашылды

Arna Press, 21 марта 2023 в 19:28

Талдықорғанда Абайға арналған ескерткіш ашылды
Бүгін Ұлыстың Ұлы күнінде Талдықорғанда Ұлы Абайға арналған ескерткіш ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры 5,3 метр, мүсіні — 3,6 метр. Ескерткіштің сәулетшісі — Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, ұзақ жыл Сәулетшілер одағын басқарған сәулетші Ақмырза Рүстембеков.

Семейде әйел 5 қабаттан құлап, жан тапсырды

Arna Press, 20 марта 2023 в 16:48

Семейде әйел 5 қабаттан құлап, жан тапсырды
19 наурызда сағат 22: 00 шамасында 102 пультіне 5 қабаттың қылтимасынан құлағалы тұрған әйел туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Бірақ, белгілі болғандай, үйге кіру мүмкін болмады.

Семейлік дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Еуропа кубогін иеленді

Arna Press, 20 марта 2023 в 16:08

Семейлік дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Еуропа кубогін иеленді
Латвияның Рига қаласында Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі аяқталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Спорт басқармасына сілтеме жасап. Спорттық додаға Қазақстан құрамасы да қатысты. Қазақстандықтар 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені қанығаларына байлады. Жалпы медаль кестесінде көш бастап тұр.Жеңімпаздар арасында Қазақстан құрамасының мүшесі семейлік Ерасыл Қажыбаев бар.

Абай облысы бойынша туылған нәрестелердің 95,2% туберкулезге қарсы вакцина алды

Arna Press, 20 марта 2023 в 15:08

Абай облысы бойынша туылған нәрестелердің 95,2% туберкулезге қарсы вакцина алды
Орталық ақпараты бойынша облыста туберкулез ауруын ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстық фтизиопульмонология орталығында алдыңғы қатарлы BACTEC MGIT-960, Hain-test, Gene-Xpert инновациялық лабораториялық құрал-жабдықтары орнатылған.

Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Arna Press, 20 марта 2023 в 15:08

Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.Фото:akorda.kz

Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды

Arna Press, 20 марта 2023 в 14:08

Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11).

Қазақстанда сайлау күні 609 бала дүниеге келді

Arna Press, 20 марта 2023 в 14:08

Қазақстанда сайлау күні 609 бала дүниеге келді
Қазақстанда 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні 609 бала дүниеге келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!

Түркістанда I-ші «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық көрмесі өтеді

Arna Press, 19 марта 2023 в 18:18

Түркістанда I-ші «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық көрмесі өтеді
Түркістанда «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін көрсету, сондай-ақ сату болып табылады. Іс-шара іскерлік байланыстар орнату және жаңа бизнес-келісімшарттар жасасу мүмкіндігін беретін алаңға айналады. Қатысушылардың арасында Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия және т. б. мемлекеттердің делегациялары бар.

Өскеменде сайлау учаскесінде жас жігіт бақылаушы қызға ұсыныс жасады

Arna Press, 19 марта 2023 в 15:58

Өскеменде сайлау учаскесінде жас жігіт бақылаушы қызға ұсыныс жасады
Дауыс беруге жастар белсенді қатысуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кезектен тыс сайлауы өтуде. Азаматтардың барлық санаттары өз таңдауын жасай алады.Өскемен қаласындағы №102 сайлау учаскесінде екі жас үшін маңызды оқиға болды: Арман Скендиров дауыс беру кезінде бақылаушы болып отырған Ляйля Төлеубековаға ұсыныс жасады.

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді

Arna Press, 19 марта 2023 в 15:58

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді
Сенат отырысынан кейін төраға Мәулен Әшімбаев ҚР үкіметінң ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Orda.кz сайтына сілтеме жасап.– Үкімет қиын жағдайда жұмыс істеді. Инфляция өсті, біраз қарыздарды да бүгін айттық. Бюджет шығындарын, Ұлттық қордан алынатын ақшаларды қысқарту қажет екенін айттық.

Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға арналған ұшу алдындағы нұсқаулықтың бірегей форматын ұсынды.

Arna Press, 19 марта 2023 в 14:48

Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға арналған ұшу алдындағы нұсқаулықтың бірегей форматын ұсынды.
Түсіру алаңы ретінде еліміздегі кең танымал 7 туристік орын таңдалды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онда қауіпсіздік ережелерін дәстүрлі түсіндіру әдісі еліміздің тарихы мен мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерімен әдемі үндесіп отыр. «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы, «Медеу» биік таудағы мұз айдыны, Каспий теңізі, Іле өзеніндегі Номад бекінісі, EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана қаласындағы «Атырау» көпірі және «Байқоңыр» ғарыш айлағы.Түсірілім орындары көз тартарлық әдіспен ауысып отырады: елорданың қайнаған өмірі Бозжыра шатқалының ғарыштық ландшафтарымен алмасып, ары қарай Іле Алатауының ұшар шыңын қар басқан беткейлері мен Көлсай көлдерінің айдына жалғасады, одан кейінгі кадрлары Шарын шатқалының бойы мен Алтын Емел табиғи паркінің көшпелі құмдарына ауысқан ролик соңында ұлттық тасымалдаушының стильденген логотипімен аяқталады.

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды

Arna Press, 19 марта 2023 в 12:18

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды
Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горковой 17 наурызда жылу электр орталығында электр сымы тұйықталғанын айтты. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. «17 наурызда No4 жоғары қысымды қазандық блогының 4А желдеткішінде электр сымы тұйықталған. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram-канал «Дай Откусить» о том, почему быстрая еда всегда популярна

Газета.ru, 19 марта 2023 в 11:16

Telegram-канал
Telegram-канал В последний год в современных ресторанах как будто одновременно очень сильно растет уровень шефов и сложность блюд, и в то же время все больше есть тренд на упрощение. Например, недавно в новом японском ресторане придумали лапшу «Дошик» с трюфелем и черной икрой за космические даже для Москвы 1800 рублей.

Семейде сайлаудың алғашқы сағатында 400-ге жуық сарбаз дауыс берді

Arna Press, 19 марта 2023 в 10:28

Семейде сайлаудың алғашқы сағатында 400-ге жуық сарбаз дауыс берді
Семейде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады, деп хабаралайды Arnapress.kz тілшісі. Ұлттық ұланда 400-ге жуық сарбаз бар. Өз таңдауын бірінші болып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жанабергенов те жасады.Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.Сурет: 5511 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Абай облысында сайлаушыларды Қыдыр ата мен әншілер қарсы алуда

Arna Press, 19 марта 2023 в 10:28

Абай облысында сайлаушыларды Қыдыр ата мен әншілер қарсы алуда
Наурыз көже, шашу және ыстық бауырсақтармен Семейдегі №84 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерді қарсы алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Учаскенің ашылуына зейнеткерлер, студенттер және барлық белсенді қала тұрғындары келуде. №84 учаске Семей қалалық мәдениет сарайында орналасқан, онда бір кездері көптеген қазақстандық әртістер өнер көрсетті.

Алматыдағы сайлау учаскесінде неге сайлауға дейін бюллетеньдерді «ашып» тастаған

Arna Press, 17 марта 2023 в 22:08

Алматыдағы сайлау учаскесінде неге сайлауға дейін бюллетеньдерді
Алматы қалалық аймақтық сайлау комиссиясының төрйымы сайлау учаскелерінің бірінде «ашылған» бюллетеньдер туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Учаскелік комиссияның іс-әрекеті заң аясында — олар дауыс беру үшін алған бюллетеньдерді қайта санауға міндетті.

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Arna Press, 17 марта 2023 в 21:08

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды
Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолындағы (ҮАААЖ) алғашқы ірі жол апат видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқыс оқиға салдарынан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі түгелдей қираған. Алматы облысының полицейлері бұл жол-көлік оқиғасы шынымен де, салынып жатқан ҮАААЖ тасжолында болғанын растады.«2023 жылғы 15 наурызда сағат 15:00 шамасында 35 жастағы жүргізуші BMW автокөлігімен ҮАААЖ тасжолында оңтүстік бағытта, 17-шақырымда келе жатып, рөлге ие бола алмай кедергіге соғылды.

Семейде «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Arna Press, 17 марта 2023 в 15:08

Семейде
Қалалық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелері мен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары бірлесіп «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Комиссия төрағасы Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тұрғындардың талап-тілегін орындау маңызды екенін атап өтіп, жобаның өзектілігіне баса назар аудару керек деп айтты.

Тоқаев азаптау мен қадір-қасиетті қорлаудың алдын алу жөніндегі заңға қол қойды

Arna Press, 17 марта 2023 в 13:18

Тоқаев азаптау мен қадір-қасиетті қорлаудың алдын алу жөніндегі заңға қол қойды
17 наурыз күні Президент азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойды, , — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған хабарламада.Бұл заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы.Атап айтқанда, құжатта мынадай нормалар қарастырылған:Сонымен қатар Заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді:Сурет: akorda.kz

Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы алады

Arna Press, 17 марта 2023 в 12:38

Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы алады
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылдың 16 наурызында теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге келіп түскенін айтты, деп , — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқандығын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады.

Семей қаласының саяжай массивтерін полицейлер ерекше бақылауға алды

Arna Press, 17 марта 2023 в 12:38

Семей қаласының саяжай массивтерін полицейлер ерекше бақылауға алды
Семей полицейлері саяжай массивтерін ерекше бақылауға алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Саяжайларда адамдардың көп шоғырлануы полицейлерден үлкен қырағылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтуді талап етеді. «Облыс орталығында орналасқан барлық саяжай алаптары бойынша жергілікті пысықтау жүргізу туралы шешім-бұл қала бойынша жедел жағдайды мұқият талдаудың нәтижесі.

Абай облысында алғаш рет Бочча паралимпиадалық спорт түрінен іріктеу жарыстары өтті

Arna Press, 16 марта 2023 в 12:38

Абай облысында алғаш рет Бочча паралимпиадалық спорт түрінен іріктеу жарыстары өтті
Абай облысының Үржар ауданында алғаш рет Бочча паралимпиадалық спорт түрінен іріктеу жарыстары өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үржарда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының көмегімен «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында балалар мен жастар «Бочча» паралимпиадалық спорт түрімен айналысады.

Абай облысында адамдардың көміртегі тотығымен улануының 42 жағдайы тіркелді

Arna Press, 16 марта 2023 в 11:38

Абай облысында адамдардың көміртегі тотығымен улануының 42 жағдайы тіркелді
Абай облыстық ТЖ Департаментінде улы газдан зардап шеккендердің саны көбейу мәселесіне арналған брифинг өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Брифинг барысында улы газдан зардап шеккен адамдардың саны, сондай-ақ адамдардың көміртегі газбен улануына байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар айтылды.Мәселен, жылыту маусымы басталғаннан бері Абай облысында адамдардың көміртегі тотығымен улануының 42 жағдайы тіркелді.Көбінесе адамдардың көміртегі тотығымен улануының себебі-температураның өзгеруіне байланысты пеште тартылудың болмауы, сондай-ақ бітелген мұржаның және пештерде жарықтардың болуы.«Департамент қызметкерлері күнделікті негізде зейнеткерлерді, мүгедектігі бар азаматтарды, көп балалы отбасыларды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерге ерекше назар аудара отырып, жеке тұрғын үй секторын аралайды.

Биылғы Рамазан айы қалай өтеді? Абай облысының бас имамы түсініктеме берді

Arna Press, 15 марта 2023 в 18:58

Биылғы Рамазан айы қалай өтеді? Абай облысының бас имамы түсініктеме берді
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Абай облысының бас имамы Асқар Мұқановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, бас имам Рамазан айының өтуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Биыл Рамазан айы 23 наурыз күні таңғы намаздан кейін басталып, 20 сәуір күні аяқталады.

Пенсионера ДЧС Наталью Рыкову наградили в Семее

Arna Press, 15 марта 2023 в 17:58

Пенсионера ДЧС Наталью Рыкову наградили в Семее
15 марта в департаменте по ЧС области Абай грамотой ОО «Казахстанская организация ветеранов органов по чрезвычайным ситуациям» награждена пенсионер ДЧС области Абай МЧС РК Наталья Владимировна Рыкова, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу ДЧС области Абай.В торжественной обстановке церемонию вручения провел начальник департамента Манарбек Шапагатов.

Абай облысының дәрігерлері шала туған нәрестелердің көз жанарын емдеуде серпіліс жасады

Arna Press, 15 марта 2023 в 16:28

Абай облысының дәрігерлері шала туған нәрестелердің көз жанарын емдеуде серпіліс жасады
Құны 26 миллион теңгеден асатын заманауи диагностикалық жабдық демеушілік қолдауымен сатып алынды және қазірдің өзінде облыстың шала туған нәрестелерін толық соқырлықтан құтқаруға көмектесуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыстық перинаталдық орталықта орнатылғаннан кейін осы ретиналды камерада 15 бала тексерілді, олардың екеуінде бірінші сатыдағы шала туған нәрестелердің ретинопатиясы, бір балада — шала туған нәрестелердің ретинопатиясының агрессивті формасы анықталды.Ретиналды камера өзінің техникалық сипаттамалары бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін ұқсас түрлерінен әлдеқайда асып түседі.

Абай облысында инвесторлар студенттерге жатақхана салуда

Arna Press, 15 марта 2023 в 13:58

Абай облысында инвесторлар студенттерге жатақхана салуда
«Қаржы орталығы» АҚ бас маманы Қайсар Төлепбаев Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысында инвесторлар студенттерге жатақхана салып жатқандығын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бағдарлама 2018 жылдан бері жүзеге асырылуда.– 2018 жылдан бастап бағдарламаны оператор «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асыруда.

Абай атындығы кітапхана еліміздегі үздік бестікке енді

Arna Press, 14 марта 2023 в 15:08

Абай атындығы кітапхана еліміздегі үздік бестікке енді
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы еліміздегі сирек қорлар мен қолжазбаларға бай кітапхана болып үздік бестікке кірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілішісі.қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы да болған. Мұнда 4 мыңнан астам өте сирек кездесетін кітап сақталған. Хронологиялық тұрғыдан әдебиеттер тізімі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырды қамтиды.

Дәрігерлер абай облысында жүрегінде ақауымен дүниеге келген үш нәрестенің өмірін сақтап қалды

Arna Press, 14 марта 2023 в 15:08

Дәрігерлер абай облысында жүрегінде ақауымен дүниеге келген үш нәрестенің өмірін сақтап қалды
Жақында Облыстық перинаталдық орталықта шала туылған үш нәрестеге кардиохирургия¬лық ота сәтті жасалды. 27 аптасында туылған егіздер және жүктіліктің 25 аптасында туған қыз бала бүгінде оңалтудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай обылысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Сәбилердің өмірі Перинаталдық орталықтың неонатолог-дәрігерлерінің, сондай-ақ Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының және санитарлық авиацияның дұрыс үйлестірілген жедел жұмысының арқасында аман қалды», – дедi Перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Гүлнар Қалиақпарова.Ашық артериалдық өзек – негізінен шала туылған нәрестелерде болатын жүрек ақауы, уақыт өте келе бұл жүрек жеткіліксіздігі мен тыныс алудың қиындауына әкеледі.
Показано 30 новостей из 2 619