Популярные темы

Абай облысының полицейлері тас жолда 2 кг марихуана тәркіледі

Дата: 21 февраля 2024 в 21:28


Абай облысының полицейлері тас жолда 2 кг марихуана тәркіледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы ПД қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткіні ірі көлемде сақтаған адамды ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы-Өскемен автотрассасының 850 шақырымында жедел уәкілдер патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторларымен бірлесіп, тыйым салынған заттарды тасымалдады деген күдік бойынша УАЗ көлік құралын тоқтатты», — делінген хабарламда.

Полицейлер тінту жүргізді, нәтижесінде 30 жастағы жолаушының күртешесінің қалтасынан белгілі бір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заттың қағаз бумасын тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес-ер адамнан алынған зат есірткі болып табылады-жалпы салмағы 2 кг-нан асатын кептірілген марихуана.

​Аталған факті ҚР ҚК 296-бабы бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда. ​

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями