Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады, қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады. Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адал болуға және Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттейді.