29 мамырда Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға және кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін пара алуға кінәлі деп танылды.