Новости по теме "2018 жыл" — страница 5

Еңбектің еленуі маңызды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 10:22

Еңбектің еленуі маңызды Осы жақында ғана «Еңбек әйелдері – Қазақстанның ­басты құндылығы» деген тақырыпта Павлодар қаласында өткен аймақтық форум жұмысына қатысушылар ­Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсарту, ­демо­к­­­ра­тиялық құндылықтарды қамтамасыз ету, еңбеккер әйел­дердің заңды құқықтарын сақтау бағытындағы саясатын қолдай­тындарын жеткізген болатын.

Журналистерге жасалған атышулы қастандықтар

Источник: TengriNews Дата: 20 июня 2019 в 16:03

Журналистерге жасалған атышулы қастандықтар Reporters sans frontières ұйымының мәліметі бойынша өткен жылы әлемде 80 журналист қаза тапқан. Ұйымның өкілдері өз сөздерінде журналистердің өлімі істеген жұмыстарына тікелей қатысты деген. Бұл көрсеткіш халықаралық журналистер ұйымы өкілдерін дүр сілкіндірді. Себебі бұл статистика алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Баспана — тұрмыс сапасының негізгі индикаторы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 июня 2019 в 11:42

Баспана — тұрмыс сапасының негізгі индикаторы Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясаты әзірленетін болады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде халыққа осылай уәде берді. «Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды», — деді Президент. Тұрғын үй — халықтың тұрмыс сапасының басты көрсеткіші.

«Ендігі мақсат — әлем чемпионы атану». Тоғызқұмалақтан талай жарыста топ жарған Медина

Источник: TengriNews Дата: 17 июня 2019 в 15:33

Елімізде ұлттық спорт үйірмелеріне қатысатын балалар саны артып келеді. Ақмолалық сегіз жастағы Медина Садықованың да бар қызығушылығы тоғызқұмалаққа ауған. Бұл үйірмеге қатысқанына бір жыл енді ғана асқан. Биыл ол өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы атанды. Тengrinews.kz тілшісі Медина және оның әкесі Болат Садықовпен әңгімелесіп, тоғызқұмалақта топ жарып жүрген қыз бала туралы баяндайды.Бір жарыс — үш алтын медальМедина 2010 жылы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында туған.

Былтырғы бюджет қалай игерілді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 июня 2019 в 12:22

Былтырғы бюджет қалай игерілді? Облыстық әкімдікте №1 Жамбыл сайлау округінің депутаты Аркадий Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.Комиссия отырысында әуелі облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сисенованың «2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды.

 «Бастау» жас кәсіпкерлерге жәрдемдеседі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2019 в 12:02

 «Бастау» жас кәсіпкерлерге жәрдемдеседі Елімізде өз кәсібімді ашып, бизнестің «әліппесін» үйренемін деушілерге жасалып жатқан мүмкіндіктер аз емес. Соның ішінде іскер азаматтардың қатарына қосылуға мүдделі жастарға қолдау айтарлықтай. Бір ғана мысал, Ақтөбеде жемісті іске асырылып жатқан «Бастау» жобасы аясында былтырдың өзінде 2 мыңнан астам адам оқытылған.

Ақтөбеде жағымсыз иіс қайдан шығады?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2019 в 11:12

Ақтөбеде жағымсыз иіс қайдан шығады? «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының ғимаратында экология департаменті мамандары мен қаладағы өндірістік нысандар басшыларының қатысуымен экологиялық ахуал, қаланың кәріз желілеріне ағатын ағынды сулардың бекітілген нормативтен артып кетуі мәселесі талқыланды. Бұл жиынның қорытындысы бойынша ең ластаушы өндіріс орындары аталды.

Роналду, Месси, Мэйвезер — Жұрттың жүрегін елжіреткен атақты спортшылар

Источник: TengriNews Дата: 11 июня 2019 в 13:53

Роналду, Месси, Мэйвезер - Жұрттың жүрегін елжіреткен атақты спортшылар Осыдан бірер күн бұрын Португалияның және италиялық «Ювентустың» форварды Криштиану Роналду жас жанкүйерімен суретке түсу үшін ұлттық құраманың автобусын тоқтатты. Бала «Криштиану Роналду, мені құшақта» деген плакатты ұстап тұрған еді. Нәтижесінде футболшы жас баланың өтінішін орындады. Бұл оқиға әлемге таралып, жұрттың жүрегі елжіреді. ¡ENORME GESTO DE CR7!

Қалдық суларда зиянды зат мөлшері көп

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 июня 2019 в 12:12

Қалдық суларда зиянды зат мөлшері көп Ақтөбе қаласындағы ауа сапасының нашарлығы, жағымсыз иіс, қаланың кәріз желілеріне ағын сулар тазартылмай құйылатындығы — Экология департаменті, «Ақбұлақ» АҚ мамандары мен қаладағы өндірістік нысандар басшыларымен ортақ басқосуда талқыланды.Соңғы кезде қалада жағымсыз иіс тағы шықты. Оның үстіне, «Қазгидромет» мекемесінің автоматтандырылған бекеттері 3 рет ауадағы күкіртті сутегінің көбейіп кеткенін тіркеді.

Балалар шаттанған күн

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июня 2019 в 17:02

Балалар шаттанған күн 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні құтты мекенде бар сән-салтанатымен тойланды. Әр шаңырақтың мәні мен сәніне айналған балапандардың мерекесіне орай облыс бойынша 50150 баланы қамтыған балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің мерекелік қойылымы ұйымдастырылды.

«Өлтіргім келмейді». Головкин әр жекпе-жегінің қарсаңында қандай мәлімдеме жасаған

Источник: TengriNews Дата: 30 мая 2019 в 17:23

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бүгін Fight Hub TV-ге берген сұхбатында қарсыласы канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсіруге тырысатынын мәлімдеді. «Әрине, мен оны нокаутқа түсіруге тырысамын. Соңғы үш-төрт апта бойы жаттықтым, сондықтан, әрине, оны нокаутқа түсіруге ұмтыламын. Егер қолдан келмесе — қорқынышты ештеңе бола қоймас», — деген еді Головкин.

Цифрландыру бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 мая 2019 в 14:32

Цифрландыру бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырылды Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады. Жиынға «Қазақтелеком» АҚ-нан өзге, денсаулық сақтау, білім беру саласының мамандары, ішкі істер департаментінің өкілдері қатысты.«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы өткен жылы «Жол картасы» бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Медициналық қызмет қатаң бақыланады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 мая 2019 в 16:12

Медициналық қызмет қатаң бақыланады Конференция Елбасының «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес, халық денсаулығын жақсартуда алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек қызметі жүйелі болуы тиіс. Мемлекет тарапынан осы мәселеге база назар аударылып, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің жаңа нұсқасы жасақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім және медициналық сақтандыру жүйесіндегі тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-конференцияда айтты.

Ақтөбе таза қала ма?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 мая 2019 в 16:02

Ақтөбе таза қала ма? Тазалық — денсаулық кепілі. Ал қала тазалығын сақтау, оған үлес қосу — әрбір тұрғынның міндеті. Қала келбеті тек зәулім де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Ақтөбенің ажары оның тазалығына да тікелей байланысты. Алайда қаламызда көше бойларына, көп қабатты үйлердің аулаларына бейберекет қоқыс және құрылыс қалдықтарын тастайтын тұрғындар бүгінде азаяр емес.

«Еңбек» жұмыссыздықты жеңбек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 мая 2019 в 16:02

«Еңбек» жұмыссыздықты жеңбек Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада шағын несиелер беру арқылы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру. Бұл елдегі жұмыссыздық санын азайтып, кәсіпкерлік саласының дамуына жол ашады.

Сайлауалды әзірліктен дауыс беруге дейін

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 мая 2019 в 11:22

Сайлауалды әзірліктен дауыс беруге дейін Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына даярлық және өткізу кезеңдеріндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы семинар өтті. Аталған семинарды Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров өткізді.— Бүгін біз учаскелік сайлау комиссияларының іс-қимылын, тұтастай алғанда сайлау науқанына аймақтардағы әзірліктердің барысын талқылаймыз.

«Қазақ телевизиясына жарқын жұлдыз сыйлаймыз деп едік». Мүшел жасында қаза тапқан Бағлан Құтжан жайлы

Источник: TengriNews Дата: 20 мая 2019 в 18:43

Өткен аптада «Балапан» телеарнасының жас жүргізушісі Бағлан Құтжан жол апатынан қаза тапқан болатын. Балаларға арналған бағдарламалар арқылы танылған ол алғашқы «мүшелі» — 13 жасында дүниеден өтті. Тengrinews.kz тілшісі Бағланның қысқа ғана ғұмырын еске алады. Бағлан жайлы туыстары мен өзі жүргізуші болған телеарнаның директоры әңгімелеп берді.«Бәріне де үлгеріп жүретін«Бағлан Құтжан 2006 жылы 4 наурызда Ақтөбе облысы, Алға қаласында өнерпаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Ғалымбек Басшиев — әнші, ал Ләйла Басшиева балабақшада музыка жетекшісі болып қызмет етеді.

Өлімнен арашалаудың оқуы жоқ. Батырлар арамызда

Источник: TengriNews Дата: 20 мая 2019 в 11:53

Өлімнен арашалаудың оқуы жоқ. Батырлар арамызда Бейбіт заманның өз батырлары бар! Құтқарушылар ғана емес, әртүрлі қауіпті тосын жайттардың куәгерлері де шетте қалып жатқан жоқ. Елімізде қауіпке қарамай бөгде адамға көмектесу үшін өз өмірін тәуекелге тіккендер жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта өрт жалмаған оқыс оқиғаларда батылдық танытып, өлімнен арашалап қалған адамдардың оқиғасын баяндайды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыссыздықты азайтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 мая 2019 в 03:52

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыссыздықты азайтады Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы еліміздегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарламаға жұмыссыз ретінде тіркелгендер және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, кәсіби біліктілігі жоқ азаматтар қатыса алады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Еңбек» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысы айтылды.

Франциядағы қазақ ғалымының өмірі

Источник: TengriNews Дата: 06 мая 2019 в 20:53

Франциядағы қазақ ғалымының өмірі 37 жастағы Шыңғыс Қуанбаев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде инженер-механик мамандығын оқып шыққан. Қазіргі уақытта Франция астанасы Париж қаласының маңында тұрады. Tengrinews.kz тілшісі метрологпен сұхбаттасып, оның Париждегі тұрмыс-тіршілігі туралы білді.

Жалақының салық пен зейнетақыға аударылатын мөлшерін қалай есептейді

Источник: TengriNews Дата: 04 мая 2019 в 16:53

Жалақының салық пен зейнетақыға аударылатын мөлшерін қалай есептейді Еліміздің азаматтарынан ай сайынғы жалақысынан зейнетақы аударымына деп 10 пайыз, ал жеке табыс салығына деп тағы 10 пайыз мөлшері алынады. Неліктен осы екі алымды қосып, 20 пайыз алынады деп жаза салуға болмайды? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына экономист Арман Байғанов жауап беріп, оның қалай есептелетінін түсіндірді.

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 12:22

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.Оған еліміздің барлық өңірінен 1300 делегат келген. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Германия елдерінен қонақтар қатысып, келгендердің жалпы саны 1500 адамнан асты.

Алексей — тілдің көпірі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 11:02

Алексей — тілдің көпірі «Ақтөбе» газетінің редакциясына облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мереке қарсаңында арнайы хабар келді. Онда қазақ тіліне құрметпен қарайтын өздерінің әріптестері Алексей Кан туралы былай деп жазады:«Ақтөбе қаласында туып-өсіп, осы өңірдің тыныштығын күзетуді мақсат еткен аға лейтенант Алексей Кан — мінезі жайдары болса да, табиғаты темірдей тәртіпті жақсы көретін жан.

Құқықтық мәселелер талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2019 в 10:12

Құқықтық мәселелер талқыланды Ақтөбе әкімдігінде қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулы мәселелерді шешу жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараға №3 қалалық сотының төрайымы Нәзира Аманқұлова, қала әкімінің орынбасарлары, «Алматы» ауданы прокурорының міндетін атқарушы Б.Ешмағамбетов, №3 қалалық сотының судьялары, қала әкімдігінің бөлім басшылары, қызметкерлері қатысты.Шара барысында құқық саласындағы пилоттық жоба таныстырылды.

Бэтмен, Селфи, бокс. Футболшылар голын қалай атап өтеді

Источник: TengriNews Дата: 29 апреля 2019 в 18:33

Бэтмен, Селфи, бокс. Футболшылар голын қалай атап өтеді Ертең Чемпиондар лигасының жартылай финалы басталады. Кәрі құрлықтың үздік клубы атануға төрт команда үміткер. Бұл кезеңде футболшылар жігерлене ойнап, жанкүйерлерді әдемі голдарымен қуантып жатады. Бірақ кейде футбол матчы соғылған голмен емес, оны футболшының атап өту тәсілімен есте қалады. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі соққан голын тойлауымен есте қалған футболшылар топтамасын ұсынады.

Елбасы ұсынған лайықты үміткер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 12:02

Елбасы ұсынған лайықты үміткер Кеше Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, онда күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына партия атынан түсетін кандидатты ұсыну жөнінде мәселе қаралды.Съезді партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ашып, жүргізіп отырды. Ол съезге аймақтық партия конференцияларында сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, мем­лекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысып отыр­ға­нын жариялады.

Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелде емделуге жолдама ала алады

Источник: TengriNews Дата: 23 апреля 2019 в 16:23

Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелде емделуге жолдама ала алады Былтыр, 2018 жылы Қазақстаннан шет елдерге ем алуға 89 науқас аттанған. Олардың 96 пайыздан астамы толығымен дертінен айығып шыққан. Жыл сайын науқастарға шетелге емделуге жолдама беру үшін мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңге сомасында қаражат бөлінеді екен. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында айтылады.Ведомство мамандары елімізде емдеуге келмейтін ауру түрлері және сол дертке шалдыққан науқастардың мемлекеттік жолдама арқылы қай мемлекеттерге барып ем алатынын айтып берді.

Елімізде мәселе интернетке салынса ғана шешіле ме

Источник: TengriNews Дата: 23 апреля 2019 в 09:53

Елімізде мәселе интернетке салынса ғана шешіле ме «Ауламыз осы, ойнайтын жер жоқ» деп таяуда ғана Өскемен әкіміне видео арқылы шағымын айтқан баланың оқиғасы көпшіліктің есінде шығар. Оқушы баланың видеосы Желіде әбден талқыланғаннан кейін шаһар әкімі арнайы барып, су жаңа ойын алаңын салып берді. Бұл оқиғадан не түйдік? Мәселе шешілуі үшін видео түсіріп, Желіге салу керек пе?Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қоғам белсендісі, блогер Тәңірберген Бердоңғаров мұның себебі деп еліміздегі азаматтық бақылаудың төмен деңгейін атап отыр.

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2019 в 10:02

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары Оңдасын ОРАЗАЛИН,Ақтөбе облысының әкіміОблыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген талдау қорытындылары, тұрғындардың ұсыныстары мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысындағы негізгі басымдықтар анықталды.Тұтастай алғанда олар еліміздің негізгі стратегиялық құжаттары есебімен құрылымдалды («Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Тұңғыш Президент — Елбасының Жолдаулары, Аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ақтөбе агломерациясын дамытудың өңіраралық схемалары, т.б.).Елбасы атап көрсеткендей, негізгі міндеттердің бірі — тұрғындардың табысын одан әрі көтерумен және тіршілік сапасын жақсартумен еліміздің төртінші мегополисі ретінде Ақтөбе агломерациясының серпінді дамуын қамтамасыз ету. * * *2018 жылдың қорытындысы бойынша ақтөбеліктердің орташа еңбекақысы 137,5 мың теңгені құрады, бұл — орташа республикалық деңгейден елеулі түрде төмен (ҚР бойынша — 162,2 мың теңге).Біз тұрғындардың табысының құрылымын талдадық, олардың табыстарын көтеру тұрғысынан ерекше назар аударылатын мақсатты топтар анықталды.Мәселен, ақтөбеліктердің еңбекақысының ең жоғарғы деңгейі қаржы және сақтандыру қызметінде, көлікте, өнеркәсіпте, ал ең төменгі деңгей — ауыл шаруашылығында, тұру мен тамақтану қызметтерінде, қосалқы жұмыстарда көрініс береді.Бұл ретте өңір тұрғындарының 57%-ы орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады (137,5 мың теңгеге дейін).номиналды еңбекақысы, тг.барлығыконтингент, %орташа облыстық деңгейденжоғары еңбекақы алады(137,5 мың теңге)жинақтау орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады(137,5 мың теңге)операцияларжәне әлеуметтік қызметтерқосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметСондай-ақ, облыста 20 мыңнан астам жұмыссыз және не табысы жоқ, немесе еңбекақысының төменгі деңгейімен еңбек қатынастары жария етілмеген 60 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрады.Сонымен бірге, ақтөбеліктердің несиелік портфелі ұлғая түсуде.Мәселен, ипотекалық несиелер бойынша портфель 30%-ға (56,5 миллиард тг.-ге дейін), тұтынушылық несиелер бойынша 10%-ға (123,5 миллиард тг.-ге дейін) өсті.

Әлеуметтік желідегі аккаунтты бұзып кіруден қалай сақтау керек — Маман кеңестері

Источник: TengriNews Дата: 18 апреля 2019 в 19:13

Әлеуметтік желідегі аккаунтты бұзып кіруден қалай сақтау керек - Маман кеңестері Әлеуметтік желі қолданушыларының саны күн өткен сайын артып жатыр. Онда адамдардың бір-бірімен хат алмасуымен ғана шектелмейді. Қолданушылар өз парақшасы бұзылмауы үшін не істеу қажет? Парақша бұғатталса кімге хабарласу керек және қандай әлеуметтік желі ең қауіпсіз? Tengrinews.kz тілшісінің осы сұрақтарына «Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы» бірлестігінің жоба жетекшісі Ернат Атанбаев жауап берді.Кибер гигиена дегеніміз не?Атанбаевтың айтуынша, әрбір желі қолданушысы кибер гигиенаны ұстануы тиіс.
Показано 30 новостей из 479