Популярные темы

«Ысырап болды». Алматыда қырық жамау құбырдан аққан таза су далаға кетіп жатыр 30 января 2024, 14:25

Дата: 30 января 2024 в 14:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда арықтың ішімен тартқан су құбырларынан аққан тіршілік нәрі жерге сіңіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер 2018 жылы уақытша деп жүргізген құбырлар 2019 жылы жер асты арқылы тартылуы тиіс болған. Тіпті сол кездегі Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфиденов «2019 жылы жаңа жер асты құбырын жүргізіп береміз» деп уәде еткен. Алайда 5 жылдан бері жерге сіңіп жатқан ауыз суға әкімдіктің бас қатырғысы жоқ. Су тапшылығына әлем алаңдаулы кезеңде жергілікті шенділер бұл мәселеге не себепті мойын бұрмай келеді? Мәселенің ақ-қарасын Massaget.kz тілшісі анықтап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Дүйсекқыз Мандыбаева Мамыр шағынауданында 40 жылдан бері тұрып жатыр. Алайда зейнеткер осы уақыт аралығында «ауызсу құбырларының ауысқанын көрмедім», — дейді. Осыдан 6 жыл бұрын әкімдік тартып берген пластикалық құбырлар да тесіліп, тозығы жеткен.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

«Бұл пәтерде 30 жылдан бері тұрып жатырмын. Әлі күнге дейін ауызсудың мәселесімен алысып келеміз. Құбырлардың барлығы ескі, тозып кеткен. 40 жылдан бері Мамыр шағынауданында тұрып жатсам да, бірде-бір мәрте су құбырлары ауысқанын көрмеппін. Мәселе әбден ушыққан сәтте 2018 жылы әкімдік бізге пластикалық құбыр арқылы су тартып берген. Қазір бұл құбырлардың бәрі тесіліп, қырық жамау болды. Ысырап болды су», — дейді қала тұрғыны Дүйсекқыз Мандыбаева.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Қырық жамау құбырдың кесірінен бұқараның сусыз отырған күндері де болыпты.

«Желтоқсан айында үш күн сусыз отырдық. Тіпті дәретханаға бара алмай қалдық. Ыстық су желісі де 4 үйге қосылмаған. Далада қар да болмады. Хабарласпаған жеріміз қалмады. «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөліміне хабарласып едік, «Алматы СУ» мекемесіне нұсқады. Ал олар арықтың ішінде жатқан құбырлар әкімдіктің балансында екенін айтты. 2 жылдан бері әкімдіктің қарауында болса да ештеңе істегісі келмейді», — дейді зейнеткер Злиха Ізмұхамбетова.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алматы
Поделитесь новостью с друзьями