Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 5 мамыр күні өртті сөндіру кезінде көрсеткен қызметтік борышын орындағаны, батырлық пен жанқиярлығы үшін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі ИСҚАҚОВ Ермек Ержанұлы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапатты өрт сөндірушіге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 қаңтарда Шәкәрім көшесінде 9 қабатты көппәтерлі үйде өрт шыққан.
Шақыру орнына келген кезде 5-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып, сол жерден көмек сұрап айқайлағаны анықталды. Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде 2018 жылы туған бала болған.
«Анықталғандай пәтердің есігі құлыптаулы болды. Газ-түтіннен қорғау қызметі буынының басында бөлімше командирі Ермек Исқақов түтінді пәтерге кіріп, еденде жатқан баланы тапты. Өміріне қауіп төнетініне қарамастан, аға сержант өз маскасын шешіп, оны балаға кигізді. Ермек баланы қолына көтерін, оны жанып жатқан пәтерден шығарып, жедел жәрдем қызметкерлері келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетті», — делінген хабарламада.
Жеке құрамның, оның ішінде азаматтық қорғау аға сержанты Ермек Исқақовтың үйлесімді және жедел іс-қимылдарының және күштер мен құралдарды дұрыс орналастырудың арқасында бұл өрт қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді.
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press