Популярные темы

2018 жыл: новости — страница 2

«Жұлдыз FM» шоу-бизнес жұлдыздарын шақырып, 7 жылдығын атап өтеді 06 декабря 2021, 11:40

Tengrinews, 06 декабря 2021 в 11:43

«Жұлдыз FM» ертең, 7 желтоқсанда 7 жылдығын атап өтеді. Радио ұйымдастыратын 16 сағаттық марафонға шоу-бизнес өкілдері қатысады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Радиостанция туған күніне арнап жыл сайын ұйымдастыратын радиомарафон бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары асыға күтетін іс-шараға айналып үлгерген.

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 2-бөлім 16 ноября 2021, 15:43

Tengrinews, 16 ноября 2021 в 15:53

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 2-бөлім
                16 ноября 2021, 15:43
Бұған дейін Tengrinews.kz порталында қазақстандық министрлердің көлігі туралы мақала жарияланған еді. Онда тоғыз министрдің көлігі туралы жазған едік. Қалған тоғыз министрлікке ресми сауалхат жолдап, ведомство басшыларының көлігін сұрадық. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің көлігі — Mercedes-Benz S500.

Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта

EKaraganda.kz, 13 ноября 2021 в 13:25

Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта
Бақытжан Қазбеков Западный кенішінде №2 учаскесінің бұрғылаушысы болып жұмыс істейді. «Мен төрт жыл Сәтбаев қаласындағы №1 тау-кен училищесінде оқып, 1997 жылы «Южный» шахтасының жер бетіндегі электр цехына тәжірибеден өтуге келдім. Төртінші курста бізді шахтаға түсірді... Тәжірибеден кейін осында жұмысқа қалдым, бүгінде 24 жыл бойы бұрғылаушы болып жұмыс істеймін.

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 25 октября 2021, 10:30

Tengrinews, 25 октября 2021 в 10:33

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді?
                25 октября 2021, 10:30
Таяуда қазақстандық екі министр электркарға көшті. Себебі ол көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдейді. Елімізде министрлердің көлігі қандай? Tengrinews.kz тілшісі министрліктерге хабарласып, ведомство басшыларының көлігін білді. Министрлер арасында бірінші болып әділет министрі Марат Бекетаев қызметтік көлігін электркарға ауыстырды. Әділет министрлігі қыркүйекте Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында мұның себебі қызметтік көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдеу екенін жазды.

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз? 22 октября 2021, 19:01

Tengrinews, 22 октября 2021 в 19:03

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз?
                22 октября 2021, 19:01
Алдағы жексенбіде сербиялық Белградта бокстан әлем чемпионаты басталады. Бұл — Қазақстан боксшыларының Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы үлкен жарысы. Боксшылар алдында Токиодағы сәтсіздікті жуып-шаю міндеті тұр. Құраманың бас бапкері де, құрамның өзі де өзгерген. Tengrinews.kz тілшісі құрамадағы боксшылардың мүмкіндігін сараптап көрді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ел экономикасын дамытуда Ақтөбенің үлесі өте үлкен

Ақтөбе газеті, 02 октября 2021 в 22:52

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ел экономикасын дамытуда Ақтөбенің үлесі өте үлкен
Елбасы тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды. Мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларының, Бес әлеуметтік бастамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу. Үкімет басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күтіп алып, өңірде жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын 28 сентября 2021, 15:30

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 15:43

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын
                28 сентября 2021, 15:30
Искендер Усабаев — АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр. Ұлты — қырғыз. Қазір ол халықаралық қатынастардың даму жолын тереңнен зерттеп жүр. Әлемнің 7-ге жуық оқу орнында тағылымдамадан өткен Искендер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, неге дәл Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін түсіндірді.

Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын неге аяқтады? 21 сентября 2021, 14:33

Tengrinews, 21 сентября 2021 в 14:43

Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын неге аяқтады?
                21 сентября 2021, 14:33
Қазақстан тарихында аз уақыт ішінде мәнерлеп сырғанаудан өз орнын тауып, тарихи жетістіктерге қол жеткізген Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын аяқтады. Спортшының бұл әрекетке баруына жарақаты себеп болған. Tengrinews.kz тілшісі аз уақыт карьерасында зор жетістікке жеткен Элизабет Тұрсынбаеваның жеңіс жолын баяндайды.

«Жоғалып кетеміз» — Илья Ильин 25 жасында қайтыс болған Альберт Линдер туралы 17 сентября 2021, 20:35

Tengrinews, 17 сентября 2021 в 20:43

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды. Спортшы 25 жасында дүниеден өтті. Vesti.kz мәліметінше, Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі аз ғана ғұмыр кешсе де, ел абыройын халықаралық аренада қорғаған спортшымыз туралы материал дайындады. Жас дарын Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорғанда туған.

«Ұйқыға кетеді». Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүр? 15 сентября 2021, 16:35

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 16:43

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып жүр. Мақсаты — орта салмақта әлем чемпионы атану. Кез келген чемепионды нокаутқа түсіремін деп уәде берген. Tengrinews.kz тілшісі Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүргенін баяндайды. «Канелоны» оп-оңай жеңемін» Әлімханұлы қазір трештокты белсенді қолданады.

«24-48 сағатта кома». ДДСҰ ең қауіпті вирустардың бірі деп таныған нипах туралы не белгілі? 07 сентября 2021, 17:13

Tengrinews, 07 сентября 2021 в 17:23

Үндістанда нипах вирусы өршіп жатыр. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне адамзат үшін ең қауіпті вирустардың бірі ретінде енгізілген. Ресми мәліметтерге сәйкес, оны жұқырған адамдардың 40-тан 75 пайызына дейін қайтыс болады. Оған қарсы вакцина да, дәрі-дәрмек те жоқ. Нипах вирусы қашан, қалай шыққаны, инфекцияның қаупі туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Показано 11 новостей из 41