Популярные темы

Жаңажылдық демалыста көруге кеңес берілетін топ-10 фильм 31 декабря 2021, 13:28

Дата: 31 декабря 2021 в 13:33 Категория: Новости культуры


Жаңажылдық демалыста көруге кеңес берілетін топ-10 фильм
                31 декабря 2021, 13:28
Стоковые изображения от Depositphotos

Алда қазақстандықтарды 4 күн жаңажылдық демалыс күтіп тұр. Tengrinews.kz тілшісі осы уақытта көруге арналған көңілді мерекелік фильмдер топтамасын ұсынады. «Один дома», «Ирония судьбы, или С легким паром!» сынды фильмдер әлдеқашан Жаңа жыл символына арналған. Олардың сюжетін айтпаса да көпке белгілі. Бұлардан бөлек тағы қандай кино туындыны отбысымен тамашалауға болады? 

«Гринч — похититель Рождества» (2000)

Әйгілі балалар жазушысы Доктор Сьюздің кітабына негізделген фильм — Ктоградтың ойдан шығарылған тұрғындарының бірі — Гринч атты жасыл тіршілік иесі туралы. Ол рождестволық мерекені жек көреді. Себебі жылдың бұл уақытында ол жалғыздық сезеді, ктоградтықтар өзіне ұқсамайтын құбыжықты қабылдамайды. Бір күні қала тұрғындарының қуанышына қарап шаршаған ол Рождествоны бүлдірмек болады. Сыйлықтарды ұрлап, үйдегі безендірулерді шеше бастайды. Фильмдегі Гринчтің ролін Джим Керри ойнады. Таспа 2001 жылы үздік грим үшін «Оскар» алған. Ал 2018 жылы Illumination студиясы мультфильмге ремейк шығарады.

«Рождественские каникулы» (1989)

Америкалықтардың ең сүйікті мерекесі, әрине, Рождество. Бұл адамдар мейірімді, көңілді, бәрі бір-біріне сыйлық беріп, туыстары мен жақындарының ортасында қуанышты уақыт өткізетін жылдың керемет мерекелік уақыты. Алайда Кларк Грисвольдтың комедиялық фильмінің кейіпкері үшін бұл мерекенің тас талқаны шығады.  

«Чарли және шоколад фабрикасы» (2005)

Тим Бертонның фильмдерінде рождество көрінісі көп кездеседі. Алайда оның алғашқы нағыз рождестволық немесе жаңажылдық анимациялық фильмін, Роальд Дальдің романына негізделген «Чарли және шоколад фабрикасы» картинасы.

Фильмнің басты кейіпкері — кедей отбасынан шыққан және ата-анасымен, екі атасы мен екі әжесімен бірге кішкентай үйде тұратын Чарли Бакет. Ол Рождество қарсаңында Вилли Вонканың жұмбақ шоколад фабрикасына «Алтын билет» жеңіп алады. Картина отбасылық құндылықтар туралы. Фильм 2006 жылы «Үздік костюмдер» номинациясында «Оскарға» ұсынылған болатын. 

«Реальная любовь» (2003)

Махаббат туралы күлкілі әрі әсерлі әңгімелер жиынтығы. Сюжет параллель болып жатқан тоғыз оқиғадан тұрады. Фильм желісі 2003 жылдың соңында, Рождестводан 5 апта бұрын басталады. Сюжеттің шарықтау шегі Рождество қарсаңына келеді, барлық кейіпкер бір-бірімен ерекше байланыс табады. 

«Полярный экспресс»

Жазушы Крис Ван Оллсбургтің 1985 жылғы кітабының желісі бойынша режиссер Роберт Земекис түсірген 2004 жылғы америкалық компьютерлік анимациялық фильм. Сюжет бойынша, Рождество қарсаңында балалар Солтүстік полюске Санта-Клаусқа сиқырлы пойызбен ерекше саяхат жасайды. Басты кейіпкер — Рождество мен Аяз атаға сенімін жоғалтқан бала. 

©Warner Bros

«Ёлки», 2010

Өзіміз сүйіп көретін кеңестік жаңажылдық хикаялардан кейін көрермендердің махаббатына қайта бөленіп, оларды қызықтыра алу өте қиын, бірақ бұл Тимур Бекмамбетовтің қолынан келген сияқты. 2011 жылы жарық көрген фильм алты режиссер түсірген 8 романнан тұрады, олар бір-бірімен байланысты және Ресейдің 11 қаласында 31 желтоқсандағы оқиғаларды көрсетеді. Фильмнің кейіпкерлері — такси жүргізушісі мен поп-дива, кәсіпкер мен актер, сноубордшы мен шаңғышы, студент пен зейнеткер, өрт сөндіруші және директор, ұры мен полиция қызметкері, қонақтар мен Ресей президенті. Олардың барлығы Жаңа жыл қарсаңында өте қиын жағдайға тап болады.

«Отпуск по обмену»

2006 жылы жарық көрген «Отпуск по обмену» фильмінде танымал Кэмерон Диаз бен Кейт Уинслет ойнайды.

Мереке күндеріне уақытша үй ауыстыратын үрдіс бар. Жаңа жылды басқа әлемде, жаңа ортада қарсы аласың, осы кезде өмірің түбегейлі жақсы жаққа өзгеруі мүмкін. Фильмде жігіттерімен айырылысқан екі қыз пәтерлерін ауыстыруды ұйғарады. Осылайша Айрис Лондонда, ал Аманда Оңтүстік Калифорнияға барады.

Айта кетейік, ұл фильм үздік романтикалық комедиялардың отыздығына кіреді.

«101 далматинец» (1996)

Басты рольдерде: Гленн Клоуз, Джефф Дэниелс, Джоэли Ричардсон, Джоан Плаурайт, Хью Лори, Марк Уильямс

Бәріміз Жаңа жылға сыйлық алғанды жақсы көреміз, бірақ кейбіреулер Аяз атаның жомарттығына көп үміт артпай, тілегін орындауға өзі кіріседі. Мысалы Круелла де Вил жаңа жылға қымбат ішік алу үшін далматиялық күшіктердің бүкіл вагонын ұрлап әкетеді. Ал оларға көмекке үй иелері асығады. Бұл Уолт Диснейдің мультфильміне негізделген рождестволық отбасылық комедиялардың бірі.

«Ноэль»

Ноэль — француз тілінен аударғанда «рождество» дегенді білдіреді. 2004 жылы режиссер Чез Палминтери түсірген америкалық драма. Фильм Рождество қарсаңында өзінің күйеуі Майктан (Пол Уокер) кетуге бел буған Нина (Пенелопа Крус) туралы. Басты кейіпкер туыстарының үйіне көшіп барады. Алдағы уақытта көп адаммен танысады. Осы кездесулердің барлығы кейіпкерлердің өмірін өзгертеді. Ақыр соңында олар өмірден не қалайтынын түсінеді.

«Щелкунчик и четыре королевства»

Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Щелкунчик және тышқан патшасы» ертегісіне және Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіне негізделген фэнтези жанрындағы фильм. Режиссерлері — Лассе Халльстрём мен Джо Джонстон. Фильмінің сюжеті — Клара есімді қыздың төрт патшалықтың сиқырлы әлеміндегі оқиғалары, ол патшалықтарды зұлым басқыншылардан құтқаруы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями