Популярные темы

2015 жыл: новости

«Көбелекке айналдың». Америкалық қазылар Данэлия Төлешованың өнеріне қандай баға берді

Tengrinews, 10 июня 2020 в 16:03

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының қазыларын таңғалдырды. Әділ қазының 4 мүшесі оның келесі айналымға өткенін қалап, «Иә» деп дауыс берді. Tengrinews.kz тілшісі америкалық төрешілердің пікірін ұсынады.America’s Got Talent шоуының осы маусымдағы қазылар құрамында жобаның негізін қалаушы және продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, модель, актриса Хайди Клум және әзіл-ысқақ актеры Хоуи Мэндел бар.

Қайтадан тарай бастаған Эбола туралы не белгілі?

Tengrinews, 04 июня 2020 в 14:43

Қайтадан тарай бастаған Эбола туралы не белгілі?
1 маусымда Конго Демократиялық Республикасының билігі Эбола ауруының қайтадан тарай бастағанын мәлімдеді. Белгілісі — 1,5 миллион халқы бар Мбандака қаласында бес адам қайтыс болған. Осыдан алты жыл бұрын анықталған вирус туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.Эбола қайдан пайда болды?Жалпы эбола алғаш 1976 жылы Судан провинциялары мен Заирдың кейбір ауданында анықталған.

Америкалық полиция қатыгез бе? АҚШ тарихындағы елді дүрліктірген өлімдер

Tengrinews, 04 июня 2020 в 10:13

Америкалық полиция қатыгез бе? АҚШ тарихындағы елді дүрліктірген өлімдер
Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Келлиэнн Конуэй журналистермен тілдесу барысында елде жүйелі нәсілдік шеттету бар және адам теңдігі жоғын мәлімдеді. Афроамерикалық ер адам Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған ереуіл салдарынан 11 адам қаза тапқан. Жүздеген адам зардап шеккен. Алғашында бейбіт басталған ереуіл кейіннен наразылық акциясына ұласқан.

Әлем елдерінде жануарлардың құқығы қалай қорғалған?

Tengrinews, 03 июня 2020 в 14:53

Әлем елдерінде жануарлардың құқығы қалай қорғалған?
Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адамның әрекеті Қазнетті дүрліктірді. Желі қолданушылары осы жағдайға байланысты түрлі пікір жазды: бірі ер адамның өзін осындай қастандықпен қинау керек десе, енді бірі Қазақстанда жануарлардың құқығы қорғалмағанын айтып қынжылды. Ал әлем елдерінде жан-жануарлардың құқығы қалай қорғалған?

12 мың бала берекесіз отбасында тәрбиеленіп жатыр — ІІМ

Tengrinews, 01 июня 2020 в 14:43

12 мың бала берекесіз отбасында тәрбиеленіп жатыр - ІІМ
Қазақстанда 12 мың бала берекесіз отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы ІІМ Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Берекесіз отбасыОның айтуынша, елімізде 8 мың берекесіз отбасы полиция есебінде тұр.«Қазіргі таңда ішкі істер органдарының есебінде 8 мың берекесіз отбасы бар.

Димаш Құдайбергеннің арманы

Tengrinews, 24 мая 2020 в 11:43

Димаш Құдайбергеннің арманы
Біз музыкалық сыншы емес, журналиспіз. Сондықтан бүгін 26 жасқа толған Димаш Құдайбергеннің 3 жыл ішінде атқарған еңбегінің жемісін атап өткіміз келеді. Себебі, Димашта өнерпазға керек талант та, еңбек те бар. Дарын.Осыдан үш жыл бұрын дүние жүзіндегі бұқаралық ақпарат құралдары Димаштың жетістігін жарыса жаза бастады.

«Анасы жалғыз қалғанда еңбекке ерте араласқан». Әкімнің 22 жастағы кеңесшісі Самира Тайтенова кім?

Tengrinews, 13 мая 2020 в 15:53

Ауылдан шыққан 22 жастағы Самира Тайтенова кеншінің отбасында дүниеге келген. 17 жасқа толғанда әкесінен айырылған қыз студент күнінен еңбек ете бастайды. Бүгінде Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болған жас маманмен Tengrinews.kz тілшісі әңгімелесті.Ақмола әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенов ауылдық мектепте оқыған.

Мемлекеттік қызметте 27 жыл. Мәулен Әшімбаев туралы не белгілі?

Tengrinews, 04 мая 2020 в 14:23

Мемлекеттік қызметте 27 жыл. Мәулен Әшімбаев туралы не белгілі?
Бүгін Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып, кейін сенат төрағасы болып сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бұл қызметте ол алты айға жуық уақыт жұмыс істеді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа сенатор туралы баяндайды.Tengrinews.kzҚоғам қайраткері мен жазушының ұлыҚоғам қайраткері мен жазушының ұлыМәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әкесі — мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сағат Әшімбаев.

«Батырхан қайтыс болардан бір күн бұрын әкесін көрдім»

Tengrinews, 28 апреля 2020 в 12:13

Бүгін танымал қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер Батырхан Шүкеновтің дүниеден өткен күні. Сазгер 2015 жылы 28 сәуірде сағат 22:35-те 53 жасында Мәскеудегі пәтерінде кенеттен көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, әнші инфаркттан қайтыс болған. Алайда сазгердің анасы ол жүрек ауруынан кеткеніне сенбейтінін айтқан екен.

«Болашақтан жіберілген робот». Бокс әлемі Головкин туралы не дейді?

Tengrinews, 08 апреля 2020 в 13:03

Бүгін орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің туған күні. Қазақстандық боксшы 38 жасқа толып отыр. Боксшы ретінде Қазақстанды әлемге танытқан оның жанкүйерлер ұмытпайтын мәлімдемелері бар. «Мен қазақпын» деген Головкин туралы шетелдіктер де жақсы пікірде. Tengrinews.kz тілшісі Головкиннің түрлі мәлімдемелері мен ол туралы шетелдіктердің пікірін жинап шықты.«Шапан, әнұран, ту — бәрі жүректен шығады«Головкин өз сұхбаттарында Қазақстанға деген махаббаты туралы жиі айтып тұрады.

В Мажилисе обсудили вопросы развития госаудита для повышения эффективности использования бюджетных средств

Nomad.su, 11 февраля 2020 в 09:53

В Мажилисе обсудили вопросы развития госаудита для повышения эффективности использования бюджетных средств
Нур-Султан, 10 февраля, Дом МажилисаМеры для улучшения качества аудита и финансового контроля, предотвращения и уменьшения факторов финансовых нарушений, повышения эффективности использования бюджетных средств обсуждены сегодня в Мажилисе на Правительственном часе, посвященном дальнейшему развитию государственного аудита.Открывая обсуждение, заместитель Председателя Мажилиса Гульмира Исимбаева, напомнила, что Первый Президент Казахстана-Елбасы Нурсултан Назарбаев всегда акцентирует внимание на эффективном и прозрачном использовании каждого бюджетного тенге.В Плане нации «100 конкретных шагов» предусмотрено внедрение новой системы аудита и оценки госорганов.

«Димаш соңғы орында». Instagram-да фолловері ең көп қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің ондығы

Tengrinews, 30 января 2020 в 18:23

Бүгінде Instagram — ең жиі қолданылатын әлеуметтік желілердің бірі. Осы желінің статистикасы бойынша, 2013 жылы желіні айына 90 миллион адам қолданса, бүгінде бұл көрсеткіш бір миллиардқа жеткен. Бүгін футболшы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасындағы оқырман саны 200 миллионға жеткені белгілі болды.

Президенттік жастар кадр резервіне өткендер жаңа лауазымдарға тағайындалды

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 11:32

Президенттік жастар кадр резервіне өткендер жаңа лауазымдарға тағайындалды
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат отырысында жаңадан тағайындалған бірнеше лауазым иелері таныстырылды.Облыс әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Айбек Көпенов, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы лауазымына ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен, Президенттік жастар кадр резервіне өткен Қайрат Райымқұлов тағайындалды.Отыз бес жастағы Айбек Көпенов жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.

Даяшыларымның жалақысы 2 мың еуро — Австрияда кәсібін дөңгелетіп отырған қазақстандық келіншек

Tengrinews, 27 января 2020 в 17:13

Даяшыларымның жалақысы 2 мың еуро - Австрияда кәсібін дөңгелетіп отырған қазақстандық келіншек
Асем Сэрри — Алматы қаласының тумасы. Ол Австрияға 2015 жылы күйеуімен және ұлымен көшіп кеткен. Бүгінде олар Австрияның Каринтия аймағында тұрады. Сол өңірде отбасымен мейрамхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған дейін Италияда тұрған Асем Tengrinews.kz тілшісіне шетелдегі отбасылық кәсібі жайлы айтып берді.Шетелде мейрамхана ашу — жарының ойы болғанБүгінде Австрияда отбасымен тұрып жатқан Асемнің айтуынша, шетелде мейрамхана ашу — оның күйеуінің ойы болған.«Менің жарым — гастрономия саласындағы білікті маман.

Адамзат мейірімге ғана мұқтаж

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 11:22

Адамзат мейірімге ғана мұқтаж
«Ұлтымызда «Асар» деген әдемі дәстүр бар. Мұның мағынасы тереңде жатыр. Кез келген адамға көп болып, жұмыла көмектесу қай заманда да болған. Осы үрдісті тоқтатып алмай, қайта жандандыра түсуіміз керек. Бір-бірімізге қамқор болсақ, оның соңы тек қана жақсылыққа ұласады». ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ. «Ақтөбе қайырымды жандар» еріктілер тобының ұйымдастырған кештері басқаларға ұқсамайды, аталған клубтың басты ерекшелігі де осы.

Қайталанбас ерліктің үлгісі

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:32

Қайталанбас ерліктің үлгісі
Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына — 95 жыл. Ал 14 қаңтар күні оның қаза тапқанына 76 жыл болды. Бұл күні қобдалықтар дәстүрден жаңылған жоқ. Әдеттегідей Әлиясын еске алды. Батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ пен Әлия ауылдарында орнатылған ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталған шарада ару қыздың аңызға айналған ерлігіне шырақ жағылды.

Медальдан үміт. 2020 жылы өтетін басты спорт додалары

Tengrinews, 13 января 2020 в 17:43

Медальдан үміт. 2020 жылы өтетін басты спорт додалары
Биыл барша әлемді назарына аударатын басты дода Токио Олимпиадасы десек қателеспейміз. Одан бөлек бірқатар әлем чемпионаты өтеді. Оның ішінде қазақстандықтар медаль күтіп, қызыға қарайтын додалар бар. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы өтетін ең басты додаларға шолу жасайды.Көп спорттан әлем чемпионаты өтпейдіБіз бұл топтамаға тек әлем чемпионаты секілді байрақты жарыстарды қосып отырмыз. Әлем кубогының кезеңі, Grand Slam секілді бір жылда бірнеше рет өтетін турнирлерге тоқталмадық.Әлем чемпионаты десе, қазақстандықтар бокс, күрес, дзюдо немесе ауыр атлетиканы тағатсыздана күтетіні анық.

«Біздегідей қалың мал төленеді» — Африкада тұратын қазақ отбасының өмірі

Tengrinews, 09 января 2020 в 14:43

Гауһар мен Алмат Гана республикасының Аккра қаласында тұрып жатқан қазақ отбасы. Африкаға жарының қызметіне байланысты көшіп барған. Биыл бұл елде тұрып жатқандарына үш жыл болады. Гауһар отбасымен бұған дейін де шет елде тұрған екен. Кейіпкеріміздің айтуынша, африкалықтар мен қазақтардың ұқсастықтары да жоқ емес.

Байғазиннің балалары

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:42

Байғазиннің балалары
Алға балалар үйін 24 жыл басқарған Кенжеғазы Байғазин бүгінде ерекше балаларды сауықтыруға арналған «Күншуақ» лагерінің директоры. Бестамақ ауылынан бір-екі шақырым жердегі бұрынғы Алға балалар үйінің жазғы лагерінің орнындағы «Күншуаққа» барғанымызда, тынымсыз директор лагерьдің жатын корпустарын, қар басқан жазғы саябақты, асхана, емдік кабинеттерді, иппотерапия алаңын, көкөніс қоймасын, жылу қазандығын, атқорасын көрсетті.— Өткен ауысымда Шалқар мен Хромтау аудандарының 50 шақты баласы демалып кетті. Қазір Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданынан келген елу бала сауықтырылып жатыр.

«Байдың балалары» шынымен олигархтың ұлдары ма? Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир»

Tengrinews, 03 января 2020 в 18:43

«Байдың балалары» жобасының мүшелері Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Байдың балалары» командасы 2015 жылы құрылған. «Жайдарман ойындары — 2018» жоғарғы лигасының жеңімпазы. Таяуда ғана жеке жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы кешін өткізді.Қонаққа келген Нұрым, Ұлан, Наурыз «бай балалары» қандай болады деген сұраққа жауап берді.

Олар жаңа жыл күні де жұмыс істейді

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:22

Олар жаңа жыл күні де жұмыс істейді
Жаңа жылды дастарқан басында, отбасыңның қасында қарсы алғанға не жетсін? Бірақ, қоғамға ауадай қажет мамандық иелерінің дәл осы күні кезекшілікке түсіп, түнгі 12-ні жұмыс барысында қарсы алып жататыны бар.Мереке қарсаңында біз олардың бірқатарымен тілдескен едік. Қоңыраулар екі есеге көбейедіМереке күндері адам денсаулығына алаңдайтындардың бірі — жедел жәрдем қызметі.

Қазақстанда соңғы онжылдықта болған ірі әуе апаттары

Tengrinews, 27 декабря 2019 в 17:33

Қазақстанда соңғы онжылдықта болған ірі әуе апаттары
Бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 12 адам қаза тапқан. Бұл — биыл елімізде болған жалғыз әуе апаты емес. Соңғы жылдары елімізде болған ұшақ апаттарының хронологиясы Tengrinews.kz тілшісі материалында.2009 жылғы тікұшақ апаты2009 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Арлан» барлау-іздеу тобының Ми-8 ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған.Тікұшақта экипажды қоса есептегенде 13 адам болған.

Қызыққа толы «Музей түні»

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:12

Қызыққа толы «Музей түні»
Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» республикалық акциясы аясында «Музейдің түнгі сырлары» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.Облыс тұрғындарына, қала қонақтарына өңірдің тарихын кеңінен насихаттау, музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген шара кешкі сағат 19.30-да басталды.Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған топ музейдің арнайы жабдықталған залдарын аралап, қолөнершілер ұйымдастырған көрмелерді тамашалады.

Балаларды қорғау және жеке жауапкершілік

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:32

Балаларды қорғау және жеке жауапкершілік
Кеше Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназияда «Не молчи KZ» қоғамдық қоры мен «Ұран» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбында журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аталған қоғамдық ұйымдар өкілдерінің Ақтөбеге келудегі мақсаты — бір.

Араб Әмірлігі, Польша, Қырғызстан. Қазақстандық спортшылар қай елдерде өнер көрсетіп жүр?

Tengrinews, 20 декабря 2019 в 18:13

Араб Әмірлігі, Польша, Қырғызстан. Қазақстандық спортшылар қай елдерде өнер көрсетіп жүр?
Кеше қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің клубына ауысқаны жайлы хабарланған. Дәл қазір командалық спорт түрлерінен шетелдік клубтарда ойнап жүрген бірқатар қазақстандық бар. Tengrinews.kz тілшісі карьерасын өзге елде жалғастырып жатқан қазақстандық спортшыларға шолу жасады.Сабина Алтынбекова — БАӘ-деПосмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Sabina Altynbekova | S20 ???? (@altynbekova_20) 19 Дек 2019 в 4:13 PSTКелер жылдан бастап Алтынбекова арабиялық «Аль-Васл» клубының намысын қорғайды.

Биылғы baby-boom. 2019 жылы перзент сүйген танымал қазақстандықтар

Tengrinews, 19 декабря 2019 в 12:53

Биылғы baby-boom. 2019 жылы перзент сүйген танымал қазақстандықтар
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл қаңтар-қазан аралығында елімізде 337 357 сәби дүниеге келген екен. Биылғы көрсеткіш бойынша, өмірге ұл балалар көп келген. Олардың саны — 174 413. Сонымен қатар, 2019 жылы елімізде 162 944 қыз бала дүние есігін ашқан. Бала туу көрсеткіші бойынша үштікте Алматы (28 851 бала), Нұр-Сұлтан (24 299 бала) және Шымкент қалалары (23 547) тұр.

Мереке қарсаңындағы қуаныш

Ақтөбе газеті, 14 декабря 2019 в 13:52

Мереке қарсаңындағы қуаныш
Ақтөбедегі қалалық Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара салтанатты түрде өтті. Жиын барысында 50 ақтөбелікке мерекелік медальдар табыс етілді. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша 10 отбасы баспаналы болды. Жиында алдымен сөз алған Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтап, ақ тілек, жылы лебізін білдірді.

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар кімдер?

Tengrinews, 10 декабря 2019 в 17:53

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар кімдер?
Бір ғасыр артқа шегініп, әр отбасыда он шақты бала тәрбиеленетін кездер бүгінде сиреп бара жатса да, қазақ халқының басты құндылықтарының бірі — ұрпақ қамы және оның тәрбиесі болып қала бермек. Бүгінде елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы тұрады. Танымал қазақстандықтардың да қатарында бұл статистикаға үлесін қосып жатқандар жетерлік.

«Тәждің бағасы — 361 446 АҚШ доллары». Әлемнің ең беделді сұлулық байқауларына шолу

Tengrinews, 10 декабря 2019 в 15:23

Күні кеше бүкіл әлем «Ғалам аруы-2019» кім болғанын білді. Биылғы сұлулық конкурсының тәжін Оңтүстік Африка Республикасынан қатысқан Зозибини Тунци жеңіп алды. Бұл жолы байқауға барлығы 93 елдің аруы қатысқан. Бүкіл әлем жыл сайын бір емес, бірнеше конкурс арқылы жыл аруларын таңдайтыны белгілі. Әлемді аузына қаратқан ең басты деген байқаулардың өзара айырмашылығы қандай?

«Маған тек бейбітшілік керек». Зеленский Путинге не деді?

Tengrinews, 10 декабря 2019 в 11:53

Бүгін түнде Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет кездесіп, келіссөз жүргізді. Олар Париждегі «Норман төрттігінің» кездесуінде танысты. Ресей, Украина, Франция мен Германия басшыларының кездесуі бес сағатқа созылған. Tengrinews.kz тілшісі Путин мен Зеленскийдің алғашқы кездесуінде не мәселе көтерілгені және бұл кездесуге неге көп елдің назары түсіп отырғанына, шетел БАҚ-тары қалай жазып жатқанына шолу жасайды.
Показано 30 новостей из 345