Стоковые изображения от Depositphotos
Алғыс айту күнін белгілеу 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынылды. Содан бері бұл мереке жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойлануда.
Бұл күні дәстүр бойынша еліміздің тұрғындары түрлі қайырымдылық акцияларын өткізіп, өзгелерге қамқорлық танытады. Кейінгі жылдары әр өңірде алғыс айту күнін ауқымды түрде өткізіп, мерекелік шаралар ұйымдастырады.
Абай облысының тұрғындары үшін бұл күні мәдени, спорттық және бұқаралық іс-шаралар дайындалған. Оның ішінде музейлерге тегін экскурсия, спорттың бір неше түрінен ашық чемпионаттар, түрлі акциялармен мерекелік концерттер.
По сообщению сайта Arna Press