Популярные темы

«Шыда, менің сұлуым». Ресей мен Украина арасындағы жағдайға шолу 15 февраля 2022, 12:59

Дата: 15 февраля 2022 в 13:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Ресей мен Украина арасындағы конфронтация қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы соғыс қаупі туралы шолу жасады

Екі ел арасындағы қақтығыс қашан басталды?

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 2014 жылы сәуірде Донецк және Луганск облыстарында басталған болатын. Сол кездегі президенттің міндетін атқарушы Александр Турчинов Харьков, Донецк және Луганскідегі әкімшілік ғимараттардың басып алынуына байланысты дағдарысқа қарсы штаб құрылғанын, «қолына қару алғандарға қарсы антитеррористік шаралар басталғанын» мәлімдеген болатын. Сол жылы қыркүйекте екі елдің бітімге келуі туралы келісім (Минск келісімі) жасалған. Оған қарамастан кейбір аймақтарда қақтығыстар жалғаса берді. 2015 жылы қаңтарда фронт бойынша жаппай әскери әрекеттер қайтадан басталды.

Былтыр 1 желтоқсанда Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова қақтығыс аймағында Украинаның әскери тобының саны кейбір мәліметтер бойынша 125 мыңға жеткенін, бұл Украинаның Қарулы күштерінің жартысы екенін мәлімдеді.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша, Украинадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 13 400 адамға жеткен. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының есептеуі бойынша (2019 жылғы қараша), соғыстың алты жылы ішінде Донбаста 3,3 мыңнан астам бейбіт азамат қаза тапты, 9 мыңға дейін адам жараланған.

«Шыда, менің сұлуым»

7 ақпанда Франция басшысы Эммануэль Макронмен кездесуге Ресей президенті Владимир Путин Донбастағы қақтығысты реттеу кезінде Минск келісімдеріне балама жоғын мәлімдеді. Сол күні Путин украиналық билікке Минск келісімі бойынша үн қатқан болатын.

«Қазіргі президент (Зеленский еск.) Минск келісіміндегі бірде-бір пункт ұнамағанын айтты. Ұнаса да, ұнамаса да шыда, менің сұлуым! Орындау керек! Басқаша болмайды», деген еді Путин.

Көп ұзамай Украина президенті Зеленский бұл сөзге қатысты пікірін айтты

«Әрине, РФ президентімен сөз таластыра алмайтын нәрселер бар. Украина расында сұлу. «Менің» дегеніне қатысты. Бұл жерде кішкене артық кеткен сияқты... Ал «шыда, менің сұлуыма» қатысты айтар болсам, Украина расында шыдамды, себебі ол даналық, себебі ол тек Украина үшін емес, бүкіл Еуропа үшін маңызды. Ол ресейліктер үшін маңызды. Себебі басқа елден эскалация біздің шыдамдылығымызға байланысты. Біз өз елімізді қорғаймыз, біз өз аймағымыздамыз. Біздің шыдамдылығымыз арандатуға әсер етеді. Сондықтан шыдамдылық ол даналық», деді Зеленский.

Екі ел арасында соғыс болу қаупі бар ма?

Әлеуметтанушы Жұмабек Сарабеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ мақсатын түсіну үшін АҚП пен Ресей арасындағы сенімсіздікті негізге алу керек.

«Екіншіден, екі ел арасында соғыс болу қаупі жоғары және Вашингтон да оны ескеріп отыр. Үшіншіден, Ресей-Украина қақтығысына қатысты соғыс риторикасы АҚШ-тың ұзақ мерзімді мүдделеріне толығымен сәйкес келеді», дейді Сарабеков.

Сонымен қатар, әлеуметтанушы Ресейдің Украинаға басып кіру жоспарын ескеріп Вашингтон еуропалық әріптестерін өзінің айналасына шоғырландырып, бір шеті Мәскеуге жаңа санкциялар енгізуге себеп болатынын айтады. Санкциялар енгізілген жағдайда «ресейлік экономика әлсіреп, ел жаңғыру мүмкіндігінен айырылады».

Ресей мен Украина арасындағы әскери әрекеттер болуы екіталай. Бұл туралы қазақстандық әлеуметтанушы Эдуард Полетаев айтты. Оның сөзінше, соғыс қазіргі экономикалық жағдайды ескеріп айтар болсақ екі ел үшін де тиімсіз.

«Бұған дейінгі тәжірибелерге сүйеніп айтсақ, егер соғыс болса, ол аяқ астынан, күтпеген жерден басталып кетеді. Бұл шабуылдаушы тарапқа тиімді. (...) Бірақ шынайы жағдайды алып қарасақ, екі ел арасындағы ақпараттың соғыс 2014 жылдан бері жүріп келе жатыр. Белгілі бір дәрежеде позициялық соғыс өзін-өзі жариялаған ТНР және ОНР республикалары мен украин құрылымдары арасындағы айырмашылық бойынша жүріп жатыр. Минскідегі атысты тоқтату туралы келісімдер, өкінішке қарай, кез-кез бұзылып жатады», деді Полетаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ресей билігі не дейді

Киев пен батыс мемлекетері Украина шекарасында Ресей тарапынан көрсетілетін «агрессияға» қатысты алаңдап отыр. Ал Ресей тарапы болса мұндай мәлімдемелерді бірнеше рет теріске шығарған және ешкімге қауіп төніп тұрмағанын, ешкімге шабуыл жасалмайтынын мәлімдеді. РИА Новости мәліметінше, Ресей «агрессиясы» туралы мәлімдемелер НАТО-ның әскери техникасын ресейлік шекарада орналастыру үшін шыққан қаңқу әңгімелер

16 қаңтарда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік әскердің шекарада орналасуын түсіндірді

«Ресейлік әскерлер Украинамен шекарадағы РФ аймағында орналасты, себебі олар НАТО жойғыш құралдары мен тыңшылық ұшақтары жасап отырған қиын жағдайда сол жерде болғаны дұрыс деп санаймыз», деді Песков CNN-ге берген сұхбатында.  

Ол Ресей «қауіпсіздік шарасын қолдануға мәжбүр» екенін атап өтті. Сондықтан да елдің әскерилері аймақта орналасқан.   

НАТО ұстанымы қандай

НАТО өз кезегінде Украинада әскерін орналастырмайды. Мұндай мәлімдемені ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг айтты

«НАТО Украинада әскери бөлімдерді орналастырмайды», деді бас хатшы CNN-ге берген сұхбатында

Одан бөлек, ұйымға мүше ел Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қатысты жағдайға пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, ұйымға мүше елдердің бірде-бірі Украинаға әскер жібермейді

«Мен бүгінде Ресей агрессиясына қарсы тұру үшін Украинаға үлкен контингент жіберуге дайын НАТО-ның бірде-бір мүшесі жоқ деп айта аламын», деді Джонсон Парламентте.

Украиналық билік реакциясы

Украина Ресей Федерациясымен және ЕҚЫҰ-ның Вена құжатына қатысушы барлық мемлекеттермен Украина шекарасында ресейлік әскерлерді нығайту және жылжыту мәселелерін талқылау үшін жиналыс өткізеді. Бұл туралы Twitter-де сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Украинаның Вена құжатындағы сұранысына жауап бермеген. Сондықтан 48 сағат ішінде Ресей Федерациясымен және барлық қатысушы мемлекетпен жиналыс өткізеді деп жоспарланған

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленскийдің халыққа видео үндеу жасағаны белгілі болды. Оның айтуынша, үлкен соғыс болады деп қорқытқандар бар және әскери басып алу күні де белгілі болған. Зеленскийдің сөзінше, 16 ақпанда шабуыл болатынын айтылған. Бірақ бұл күні елде бірлік күні болғандықтан мемлекеттік ту ілініп, көк және сары ленталар тағылады.  

Президент билік қауіпсіздік жағдайын бақылап отырғанына, ал Украина әскері шабуылға табандылықпен тойтарыс беруге заманауи қару-жараққа ие екеніне сендірді.

Елдегі жағдайға байланысты украиналық олигархтар мен кәсіпкерлер чартерлік рейстермен елден ұшып жатқаны белгілі болды. Жексенбінің өзінде Киевтен 20-ға жуық чартерлік және жеке ұшақ шыққан. «Украинская правда» басылымының мәліметінше, 6 жыл ішінде мұндай көлемде чартерлер ұшпаған.

Зеленский елден кеткен Жоғарғы Рада депутаттары мен олигархтарды бір күн ішінде елге оралуға шақырды.

Зеленский олигархтарға да үн қатты. Оның айтуынша, мемлекет бизнеске ықпал етпейді, бірақ олар кәсіпорындар мен қызметкерлеріне оралуы керек.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Владимир Путин Владимир Зеленский
Поделитесь новостью с друзьями