Популярные темы

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 2-бөлім 16 ноября 2021, 15:43

Дата: 16 ноября 2021 в 15:53 Категория: Новости политики


Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 2-бөлім
                16 ноября 2021, 15:43
Стоковые изображения от Depositphotos

Бұған дейін Tengrinews.kz порталында қазақстандық министрлердің көлігі туралы мақала жарияланған еді. Онда тоғыз министрдің көлігі туралы жазған едік. Қалған тоғыз министрлікке ресми сауалхат жолдап, ведомство басшыларының көлігін сұрадық. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің көлігі — Mercedes-Benz S500. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство басшысының қызметтік көлігі 2014 жылы шығарылған, түсі — қара.  

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қара түсті Mercedes-Benz көлігімен жүреді. Қызметтік көлік 2018 жылы шығарылған.  

«Министрлікте қызметтік көліктермен көлік қызметін көрсету бойынша өткізген ашық конкурстың жеңімпазы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып анықталған», — деп жазды ведомство баспасөз қызметі. 

Ал қаржы министрлігін басқаратын Ерұлан Жамаубаевтың қызметтік көлігі — Mercedes-Benz, қара түсті. 2013 жылы шығарылған. 

Ведомство баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, министрліктің орталық аппаратының теңгерімінде қызметтік көліктер жоқ. Қызметтік көліктермен қамтамасыз ету үшін ҚР ПІБ Автошаруашылығымен шарт жасалған. 

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Mercedes-Benz көлігімен жүреді. Көліктің түсі — қара, 2017 жылы шығарылған. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Mercedes S222 көлігімен жүреді. Көлік түсі — қара. 

Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов та Mercedes-Benz көлігімен жүреді. Көлік 2015 жылы шығарылған. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Серікқали Брекешевтің көлігі — KIA K900. Түсі — қара, 2020 жылы шығарылған. 

Ал Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың қызметтік көлігі қандай екеніне жауап бермей, ҚР ПІБ Автошаруашылығына жүгінуді сұрады. 

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің балансында ведомство басшысы Серік Шәпкеновке арналған қызметтік көлік жоқ екен. Мұны министрлік баспасөз қызметі сауалхатымызға жауап ретінде айтты. 

«2021 жылға арналған көлік қызметін көрсету үшін «Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен шарт жасалған, ол министрліктің басшылығына, соның ішінде министрге, қызметтік автомобильдерді ұсынады», — делінген жауапта. 

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 1-бөлім

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қалалары мен облыстары әкімдерінің көліктерін жазған едік. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями