Популярные темы

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат 17 февраля 2022, 10:38

Дата: 17 февраля 2022 в 10:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат
                17 февраля 2022, 10:38
Стоковые изображения от Depositphotos

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов #TengriTаlk эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Эфир барысында білім саласындағы жаңалықтар, мектеп бағдарламасына енгізілетін өзгерістер, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, елімізде беделді шетел университет филиалдарының ашылуы, «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер мен педагогтер мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, мектептердегі буллинг, мұғалімдерге сенім тақырыбында әңгіме өрбіді.

Асхат Аймағамбетов қазір орта білім беруде, яғни мектептерде оқу бағдарламасын жаңарту ең өзекті тақырыптардың бірі екенін және осы бойынша жұмыстар басталып кеткенін айтты.

«Бұл қоғам көтеріп жүрген түйткілді мәселердің бірі десе болады. Шын мәнінде сын-пікірлер өте көп айтылады. Мектептегі оқу бағдарламасына, оқулықтарға қатысты. Бірақ кітап, оқулықтардағы мәселелер нақты оқу бағдарламаларына байланысты. Жалпы осы бойынша жұмыстарды бастап кеттік. 1 мен 11-сынып арасындағы мектеп бағдарламасы жаңартылады. Сарапшылар, әріптестеріміз бен жалпы қоғам айтып жүрген мәселелердің бәрін ескереміз деп ойлаймыз.

Қазіргі уақытта мектептердегі қолданыстағы бағдарлама 2015 жылы бекітіліп, 2016 жылдан бастап енгізіле бастады. Мысалы 2016 жылы 1-сынып, 2017 жылы 2,5,7-сынып, 2018-де 3,6,8-сынып көшті, осылай сатымен кезек-кезек көшіп отырды. Бірақ осында кейбір әттеген-айларды көргеннің өзінде, бағдарлама барлық 11-сыныпқа енгізілмейінше, орта жолдан өзгерістер жасауға мүмкіндік болмады», — дейді министр.

Асхат Аймағамбетов ендігі жұмыс тобы құрылғанын, онда еліміздегі ең үздік деген педагогтер, ғалым, сарапшы, әдіскерлер жұмысқа жұмылдырылғанын айтты.

Ал түзетілуі керек мәселелерден қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша грамматика, бастауыш сыныптарындағы каллиграфияны атап өтті. Оқу бағдарламасы балалардың жас ерекшелігіне сай келуі керек екеніне де тоқталды. «Бұл мәселелерді тиісті жолға қоюымыз керек» деді.

«Жас ерекшеліктерін де ескеру өте маңызды. Мысалы 7-сыныптың тақырыбын 4-сынып оқушысына берсек, оны бала түсінбеуі мүмкін. Жаттап алса да қабылдай алмайды. (...) Осы мәселелерді ескеріп, кемшіліктерді жойып, бағдарламалар балаларға тиімді болуы үшін, білім беру сапасы жоғары болу үшін білім бағдарламасын жаңарту өң басты міндеттің бірі. Сондықтан қазіргі уақытта сол 6-7 жыл бұрын енгізілген бағдарламаны жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Салиқалы, жан-жақтан қарап тиісті шешімге келеміз деп ойлаймын», — деді ол.

Асхат Аймағамбетов әр сабақта үш мақсатқа қол жеткізуіміз керек екенін де айтты. Ол: оқыту, тәрбие, дамыту.

«Қазір осыларды қарап отырсақ, көбіне академиялық мәселелер қамтылады. Бірақ әр сабақ бергенде тәрбие мәселесін қамту бойынша сұрақтар бар. Сондықтан әр сабақта қандай тақырып болсын, осы тақырыптың тәрбиеге қандай ролі бар екенін қарастыру маңызды», — деді ол.

Министр педоготерді аттестациядан өткізу бойынша өзгерістер туралы да айтты. Оның ішінде білім басқармасының басшыларын ротациялау, мұғалімдерді арнайы конкурспен жұмысқа қабылдау туралы түсіндірілді.

«Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді. Бұған дейін директорларда алдына келген түйіндемелерді өзі қарап, шешімді өзі қабылдауға мүмкіндік болды. Әрине директорларда да әртүрлі болады, үздік педагог алғысы келетіндер жоқ емес. Бірақ кей жерлерде тәуекелдер бар. Әсіресе оңтүстіктегі кей тексерістеріміз оны жақсы көрсетті.

Ендігі уақытта мұғалімдер жұмысқа конкурспен кіреді. Мұғалім конкурска құжаттарын толтырар кезде нақты көрсеткіштер бойынша жетістіктеріне сәйкес өзіне балл қояды. Мысалы, ол мастер, ғылым кандидаты болса, әрқайсының тиісі балы бар. Оқушылы олимпиададан жеңіп шықса тағы балл қосылады. Әр мұғалім өзі санап шығады. Соны дәлелдейтін құжаттарын жинап, тапсырады. Ал конкустық комиссия балл санамайды, олар мұғалімнің өзіне қойған балдарын тексереді. Осылайша ең жоғары балл жинаған, жетістігі көп, шын мәнінде меритократия принциптерімен жұмыс істеуі керек адам, сол жұмысқа тұрады. Бұл да өте маңызды бастамалардың бірі», — деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов мектептерде, әзірше факультатив ретінде, 8-сыныптарға өткен жылдан бері медиасауат сабағы енгізіліп жатқанын айтты. Министр ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан бізге, ақпаратпен жұмыс істей біру керегін қосты.

«Мұғалімдерді газетке жаздырған, көше сыпыртқан». Министр 700-ге жуық басшы жазаланғанын айтты

Министр әрі қарай сұхбатынада колледждердегі «ақша студент соңынан жүреді» қағидатын түсіндірді. Болашақ педегогтерді оқыту, оларға қойылатын талап мәселесі де айтылды. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының кем дегенде бес филиалын ашу керегін мәлімдеген еді. Министр бұл жұмыс қандай деңгейде жүргізіліп жатқанан бөлісті. «Болашақ» бағдарламасының бағытын қайта қарау бойынша да түсініктеме берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Instagram-дағы Tengrinewskz парақшасынан көре аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями