Стоковые изображения от Depositphotos
Тура бір аптадан кейін Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандық спортшылар кеше Қытайға аттанды. Tengrinews.kz тілшісі Бейжіңдегі қысқы Олимпиада туралы маңызды мәліметтерді жинады.
Қысқы Олимпиада қайда өтеді?
2022 жылғы қысқы Олимпиаданы Қытай қабылдайтыны 2015 жылы белгілі болған. Бейжіңмен бірге ең соңғы сәтке дейін Алматы күрескен еді. Жалпы, Алматы қысқы Олимпиаданы қабылдауға алғаш болып өтінім жіберген. Кейін Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында жеңісті Бейжің жұлып әкетті. Осылайша, Бейжің жазғы да, қысқы да Олимпиаданы өткізетін алғашқы қала атанады.
Бірақ төртжылдықтың басты додасы тек Қытай астанасында өтпейді. Жарыстар үш өңірге бөлінген. Ашылу және жабылу салтанаты Бейжіңдегі «Ұлттық стадионда» өтеді. Ел астанасында жарыстар өтетін тағы алты нысан бар.
Пекиндегі Ұлттық стадион
Одан бөлек, жеті нысан Чжанцзякоуда орналасқан. Бұл қала Бейжіңмен бірге Олимпиаданы қабылдайтын қала ретінде ресми тіркелген. Чжанцзякоу — Хэбэй провинциясындағы округ. 4 миллионнан аса адам тұрады.
Тағы екі жарыс Яньцин ауданында өтеді. Онда екі спорт нысаны бар. 400 мыңнан аса халық тұрады.
Олимпиада медалі қандай болады?
Былтыр қазанда Олимпиада ұйымдастыру комитеті спортшыларға берілетін медальдар дизайнын ұсынды. Марапаттар «Тун Синь» деп аталды, бұл «бірге, біртұтас» деген мағынаны білдіреді.
Медальдың алдыңғы жағына Олимпиаданың бес сақинасының логотипі салынған, айналасына ағылшын тілінде ойындардың толық атауы бар. Артқы жағында эмблема және қытай тілінде ойынның толық атауы бейнеленген.
По сообщению сайта Tengrinews