Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "қызылорда"

Қызылордада алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Источник: NewTimes Дата: сегодня в 11:24

Қызылордада алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аталмыш меморандумның халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.«Статистикалық ақпаратқа қарасақ, бүгінгі күні Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының орындауында алимент өндіру санаты бойынша 7 мың 474 өндіріс бар. Оның 733-і орындалуы қиындық туғызатын алименттер қатарында.

Аты қандай, заты қандай: Ауылға неге Жалаңаш деген атау берілген?

Источник: TengriNews Дата: вчера в 15:23

Аты қандай, заты қандай: Ауылға неге Жалаңаш деген атау берілген? Tengrinews.kz порталында «Аты қандай, заты қандай?» жобасы жалғасын табады. Мұнда атауы ерекше елді мекендер жайлы баяндаймыз. Бұл жолы Арал қаласы мен оның маңындағы шағын ауылдардың атауына тоқталдық.Аралы көп теңізАрал — Қызылорда облысындағы қала. 1817 жылы қазіргі Арал қаласының маңында Алты құдық ауылы болған екен.

Шапшаң голдар шаршатқан шақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 августа 2019 в 10:22

Шапшаң голдар шаршатқан шақ Бұл турда «Атырау»-«Астана» кездесуі кейінге қалдырылуы елордалықтарды екі сатыға кейінге сырғытты. Жеңіске жеткен «Қайрат» бірінші рет көш басына шықса, тең ойынды қанағат тұтқан «Тобыл» топ бастаушылықтан кезекті рет екінші орынға ығысты. Ал «Ордабасы» алғашқы үштіктің желкесінен демалып тұр.«Ақтөбе» бұл турда ірі есеппен ұтылды.Бір жағынан, бәрі де әдеттегідей шапшаң голдан басталған сияқты көрінеді. Өйткені, міне, төртінші тур бойы жерлестеріміз қақпамызға шапшаң голдар енгізіп алып жүр: 7-минут, 8-минут, 10-минут, 11-минут.Ал, екінші жағынан, екі айналым бойы тың күш қосылмағандықтан, еш демалыс көрмей, жасыл алаңға сол баяғы үйреншікті құраммен үзіліссіз шыға бергендіктен, жігіттеріміз шаршаған да болуы керек.Әрине, энтузиазм мен эмоция керек-ақ, бірақ ФИФА-ның қатаң тәртібіне тап болған біздің санаулы жерлестеріміз түгілі, запасқа шығатын ойыншылары жеткілікті командалардың өзі маусым соңына қарай қалжырай бастайтыны қалыптасқан заңдылық. Әсіресе, қарсыластардың небір таңдаулы футболшыларын аңдумен тыным таппайтын қорғаушыларымызға обал-ақ.Бұның алдында өткен 22-турдан соң бір бапкердің төрт рет 0:1 есебімен ұтылғаннан гөрі бір рет 0:4 есебімен ұтылған тәуірлеу екендігі туралы әңгімесіне құлақ қойғанымызбен, чемпионат барысында алтыншы рет ірі есеппен жеңілуіміз аса жұбанарлық көрсеткіш емес екендігі және рас.Ойын барысына келейік.11-минутта Камо Оганесян сол жақ қапталдан айып алаңына тамаша пас тастады да, қақпаның дәл алдына келе қалған Айбар Жақсылықов шалт соққы жасады.

Қызылорда облысының әкімі жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды

Источник: NewTimes Дата: 19 августа 2019 в 11:24

Қызылорда облысының әкімі жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, онда аймаққа бөлінген Арыс қаласындағы № 6 аумақты аралап көрді.Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысына Арыс қаласындағы 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 кәсіпкерлік нысан орналасқан № 6 аумақ бөлінген.

Жарты миллион фолловер, Mitsubishi, перфекционист. Сіз кімсіз, Дана Нұржігіт?

Источник: TengriNews Дата: 14 августа 2019 в 12:43

Жарты миллион фолловер, Mitsubishi, перфекционист. Сіз кімсіз, Дана Нұржігіт? Кеше танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын. Ол қазақстандықтарға 20 жылдан аса уақыт бойы телебағдарламаларды жүргізуімен танылған. Тengrinews.kz тілшісі жаңа сенатор туралы мәліметтер жинап шықты.Дана Нұржігіт 1972 жылы 22 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.

«Майданға кетіп бара жатырмын». Дана Нұржігіт сенаторлыққа тағайындалуы жайлы

Источник: TengriNews Дата: 13 августа 2019 в 13:03

Президент Жарлығымен кеше ғана сенат депутаты болып тағайындалған белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жаңа қызметі жайлы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қадірлі оқырмандарым, қымбатты отандастар! Маған жолдаған құттықтауларыңызды оқып отырмын. Көп рақмет!Президент Жарлығымен маған жүктелген міндеттің мәртебесі қаншалықты биік болса,салмағы атан түйеге жүк боларлық соншалықты ауыр екенін жіті түсініп отырмын.

Тоқаев апта басында кімдерді тағайындады?

Источник: TengriNews Дата: 13 августа 2019 в 06:03

Тоқаев апта басында кімдерді тағайындады? Дүйсенбі, 12 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешкі уақытта бірқатар ауыс-түйіс жүргізді. Tengrinews.kz тілшісі қызметтен кеткендер мен тағайындалғандар жайлы шолу жасады.Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қызылорда облысында егін жинау науқаны 1 қыркүйектен басталады

Источник: NewTimes Дата: 06 августа 2019 в 19:54

Қызылорда облысында егін жинау науқаны 1 қыркүйектен басталады «Ағымдағы жылы облыс бойынша 183,9 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары агротехникалық шараларын сақтай отырып, оңтайлы мерзімінде орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,9 мың га, майлы дақылдар 7 мың га, мал азықтық дақылдар 62,7 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,2 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың га.

Теміржолшы Әбубәкір Молдағұлов

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 августа 2019 в 11:42

Теміржолшы Әбубәкір Молдағұлов Жыл сайын оралып отыратын теміржолшылар мерекесінде сала озаттарының мерейін өсіретін әңгімелер айтылып, теміржол ардагерлеріне құрмет көрсетіліп жатады. Алайда солардың арасында теміржол саласына бүкіл ғұмырын бағыштап, ерен еңбек сіңірген жерлесіміз Әбубәкір Молдағұловтың есімінің аталмай жүргені қапаландырады.

Ақтөбеде 185 пациент тегін берілетін дәріні алмаған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:22

Ақтөбеде 185 пациент тегін берілетін дәріні алмаған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық сақтандыру қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп, 2 сәуір мен 30 маусым аралығында SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. Сәуір, маусым айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 40 мыңнан астам SMS-хабарлама жіберілген.

Жұртшылық  жадындағы  тұлға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:12

Жұртшылық  жадындағы  тұлға Қазақтың кең-байтақ даласы — тұнып тұрған тарих. Қай өңірдің болмасын, өзіне тән шежіре-аңыздары, айтулы тұлғалары, өзге аймақтардан ерекшелендіріп тұратын қалыптасқан салт-дәстүрі, ғұрпы барекендігі баршаға аян. Осы ретте шежірелі Ырғыз төңірегінде де өз заманында кісілік келбетімен, қайраткерлік қасиетімен аты-жөні аңызға айналған атпал азаматтарғұмыр кешкен.

Ұтылған 6 команда бірде-бір жауап гол соға алмады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 10:22

Ұтылған 6 команда бірде-бір жауап гол соға алмады Биылғы чемпионатта бірінші рет тіркеліп отырған статистика: бұл турда ұтылып қалған 6 команда қарсыластар қақпасына бірде-бір жауап гол соға алған жоқ. Ал күтілген статистика: «Астана» қайтадан 1-орынға көтерілді.Бес тур бойы ұтылыссыз ойнаған «Ақтөбенің» әйтеуір бір жеңілетіндігіне болжам жасаудың не қиындығы бар еді.

Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жұбайы егіз баланы дүниеге әкелді

Источник: TengriNews Дата: 29 июля 2019 в 18:23

Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жұбайы егіз баланы дүниеге әкелді Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов егіз балалы болды. Сүйінші хабарды белгілі ақын Қалқаман Сарин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ақынның айтуынша, Нұрмұхаммед ұлының атын ақынның құрметіне — Қалқаман, қызының атын — Қарақат қоймақшы екен.©instagram.com/kalkamansarin_«Менің досым, құрдасым, жақыным.

Қызылорда облысының әкімі Арал ауданындағы Ақлақ және Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысты

Источник: NewTimes Дата: 25 июля 2019 в 11:54

Қызылорда облысының әкімі Арал ауданындағы Ақлақ және Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысты Ақлақ су тоспасы 2006 жылы пайдалануға берілген болатын, Қазіргі таңда су тоспасы Сырдария өзенінен келіп жатқан суды Ақлақ су тоспасына дейінгі орналасқан көлдерге, шабындықтарға, каналдар арқылы жіберу үшін пайдалануда.Көкарал су тоспасы 2005 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Су тоспасын салу нәтижесінде теңіздің құрғаған ұлтанының ауданы 870 шаршы метрді құрайтын сумен жабылды, теңіздегі судың көлемі 11,5 текше метрге ұлғайды, ал судың минералдылығы 23-тен 17 г/л дейін азайды;Бүгінгі таңда теңізде 24 балық түрі кездеседі, оның ішінде 13 балық түрі жақын және алыс шетелдерге экспортталуда.Өткен жылдың соңында аталмыш өнім түрлері Қытайға экспорттала бастады.Сонымен қатар, өңірде жылдық қуаты 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр.

Түлектер еңбек жолын ауылда бастайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2019 в 11:02

Түлектер еңбек жолын ауылда бастайды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің биылғы түлектерінің 40 пайызы еңбек жолын ауылдарда бастамақ. Олар еліміздің 5 өңіріндегі — Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының медицина мекемелерінде 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейтін болады.

Дәрігер парызы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2019 в 10:52

Дәрігер парызы Әдетте ақ халатты абзал жан атанған дәрігер мамандығының иесі болуды бір армандамаған бозбала немесе бойжеткен сирек кездесетін шығар. Мұның өзі осы кәсіп иелеріне деген құрметтің ерекшелігін де танытатын сияқты. Ойыл қазақ орта мектебін 1956 жылы бітірген жас түлек Тұрар Шериязданның алдында көп таңдау бола қойған жоқ.

Президенттің қатысуымен  Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июля 2019 в 07:22

Президенттің қатысуымен  Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл — Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан жасақталған Үкіметтің кеңейтілген отырысына алғаш қатысуы. Отырыста кейбір орталық органдардың жұмысына Президент тарапынан сын айтылып, сөгіс те берілді.

Жеті сағат өртенген қоймада не сақталған — Басты жаңалықтар

Источник: TengriNews Дата: 18 июля 2019 в 23:43

Жеті сағат өртенген қоймада не сақталған - Басты жаңалықтар 18 шілдеде Алматыда өрт шығып, оны сөндіруге жеті сағат кетті. Жетісу ауданын қара түтінге ораған өрттің нақты неден шыққаны әзірше белгісіз. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.Жұмыс күні өртпен басталдыАлматылықтар үшін бейсенбі алапат өртпен басталды. Таңғы 7:45 шамасында Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты.«2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің «101» пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртсөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті алауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды», — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған.

Сырт алаңдағы тең ойын

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 11:02

Сырт алаңдағы тең ойын «Тараз»-«Ақтөбе» — 1:1Өз алаңында ұтылып қалған «Қайрат» бір қадам шегініп, 4-орынға сырғыды да, оны ұтқан «Ордабасы» 3-орынға көтерілді. Өткен турда көш басына шыққан «Тобылды» бұл турда сенімді түрде жеңген «Астана» 1-орынға қайтып оралды.Бұл турда «Ақтөбе» сырт алаңда ойнады. Тең ойнады. Тіпті ұтып кетудің де мүмкіндіктері болмай қалған жоқ.

Тағдырлы таңдау

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:52

Тағдырлы таңдау Ол оқиғалардың бойында қоғамның іргелі негіздерін қозғайтын өзгерістердің өзегі бар. Өткенге зер салып қарасақ, жағдаяттардың жарасымсыз жымдасуынан аса ауқымды қоғамдық катаклизмдер орын алып, сан ғасырлық өркениеттер мен мәдениеттердің құрдымға кеткенін көреміз. Абырой-атағын жұрт жаппай мойындап, даңқын нақты істермен тиянақтаған аса көрнекті тұлғалар ғана тарихтың барысын ырқында ұстап, оны сындарлы арнаға салып жібере алады.

Балаңыз биыл қайда демалады?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2019 в 10:22

Балаңыз биыл қайда демалады? Биыл 130 мыңнан астам ақтөбелік бала жазғы демалысын еліміздің үздік лагерьлері мен өңірдегі демалыс және сауықтыру орталықтарында өткізеді.Бұл көрсеткіш облыстағы оқушылардың тоқсан алты пайызын құрайды.Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес, бүгінде облыста 303 мектеп жанындағы, 11 қала сыртындағы, 166 шатырлы лагерь жұмыс жасап тұр.— Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуі — олардың жаңа оқу жылына тың күшпен, ерекше ұмтылыспен келуіне өз септігін тигізеді.

7 мың жанкүйер күткен жеңіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2019 в 10:12

7 мың жанкүйер күткен жеңіс «Ақтөбе»-«Ертіс» — 2:1Ақтөбеліктер тағы да Қазақстандағы ең адал жанкүйерлер екендіктерін дәлелдеді. 16-турдағы алты кездесуге барлығы 25 800 адам (әр кездесуге орта есеппен 4300 адам) келсе, Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға 7000 жанкүйер жиналды.Ал тур нәтижелеріне келсек, «Астана» «Қайраттан» ұтылып қалды. Қатарынан алтыншы рет жеңіске жеткен «Тобыл» бірінші орынға шықты.

Қ. Көшербаев тұсындағы Қызылорда облысының дамуы: Сандар мен деректер

Источник: NewTimes Дата: 28 июня 2019 в 17:04

Қ. Көшербаев тұсындағы Қызылорда облысының дамуы: Сандар мен деректер 2013-2019 жылдары облыс әкімі Қырымбек Көшербаев нақты не істей алды? Назарларыңызға негізгі сандар мен деректерді ұсынамыз.АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫ1. Облыс экономикасына шамамен 1,7 трлн.теңге тікелей инвестиция тартылды.Соңғы 2018 жылдың өзінде инвестиция көлемі 25,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі инвестициясы 37,6% өсті.

Арыс тұрғындарына Қызылорда облысынан гуманитарлық көмек көрсетілді

Источник: NewTimes Дата: 25 июня 2019 в 12:04

Арыс тұрғындарына Қызылорда облысынан гуманитарлық көмек көрсетілді Екі жолаушы пойызы («Москва-Бішкек», «Атырау-Алматы») «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды.Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.Сонымен қатар, Түркістан облысына, Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сиымдылықты автобус жіберілді.Облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын тұр.

Сырт алаңдағы тең ойын

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июня 2019 в 10:12

Сырт алаңдағы тең ойын «Атырау»-«Ақтөбе» — 1:1«Астана» сырт алаңда жеңілді де, жеңген «Ордабасы» 3-орынға көтерілді. Ал 3-орындағы «Қайрат» өз алаңында тең ойнауға мәжбүр болды да, 4-орынға сырғыды. Осымен қатарынан бесінші рет жеңіске жеткен «Тобыл» ұпай саны жөнінен «Астанамен» теңесті.Бұл турда «Ақтөбе» сырт алаңда ойнады.

Жұбанов университетінің бүгіні мен ертеңі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 13:02

Жұбанов университетінің бүгіні мен ертеңі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембековпен сұхбат— Университеттер заман талабына сай өзгеріп жатыр. Бұл тұрғыда Жұбанов университетінің бағыт-бағдары қандай? — Ең алдымен, жоғары оқу орындары дербестікке көшіп жатыр. Әр жоғары оқу орнының өз білім траекториялары болады, жеке өзінің дипломын бере бастайды.

Жүргенов аштырған мектептерге 85 жыл!       

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 12:02

Жүргенов аштырған мектептерге 85 жыл!        Туған өңірдегі алғашқы мектептерМемлекет қайраткері, жерлесіміз Темірбек Жүргенов өнер саласымен қатар білім беру ісін өркендетуге де зор қызмет қылған үлкен тұлға еді. Оның «Годы работы Казахского высшего педагогического института» (Ташкент, 1928г.), «За ликвидацию недочетов в работе школе» (Большевик Казахстана, 1935, №4), «Задачи школ Казахстана в новом учебном году» (Большевик Казахстана, 1935, №9), – тізе берсе көп-ақ, – осындай мәні үлкен т.б. еңбектері бұған нақты дәлел.

Қызылордалық 4143 түлек ҰБТ тапсырады

Источник: NewTimes Дата: 21 июня 2019 в 14:34

Қызылордалық 4143 түлек ҰБТ тапсырады 2018-2019 оқу жылы 5755 оқушы 11 сыныпты бітірген. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша 406 түлек «Алтын белгі», 264 түлек Үздік аттестатқа ие болды (2018 жылы — 320 «Алтын белгі», 215 — Үздік аттестат).«4143 түлек немесе мектеп бітірушілердің 72% алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді.

Солтүстікті игеру…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 12:02

Солтүстікті игеру… Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ «Ана тілі» Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде оңтүстіктен көшіп келетін азаматтарға арналған үш мың коттедж салынатынын хабарлады. Аталған баспаналар инфрақұрылымы дамыған 150 елді мекенде бой көтермек.«Көшіп келушілерге бірнеше талап қоямыз. Әр отбасында 3-4 бала болу қажет.

Полиция — тыныштық пен тұрақтылықтың қорғаны 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 июня 2019 в 11:32

Полиция — тыныштық пен тұрақтылықтың қорғаны  Елімізде жыл сайын 23 маусым Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл — Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Қазақстан полициясы күні — осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні.
Показано 30 новостей из 686